Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Раздаточные лекции по ЭТ для технологов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
388.1 Кб
Скачать

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ КАФЕДРАСЫ

«ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІ БОЙЫНША

ДӘРІСТІК САБАҚТАРДЫҢ ТАРАТЫЛУ МАТЕРИАЛДАРЫ

Құрастырған:

аға оқытушы Кирбетова Ж.С.

Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар

Дәрістер курсы

ТАҚЫРЫП 1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ

1.Экономикалық ғылым дамуының негізгі кезеңдері

2.Экономикалық теория пәніжәне зерттеу әдістері

3.Экономикалық теория қызметтері

4. Экономикалық теория және оның категориялары

5. Экономикалық жүйе түсінігі, элементтері және классификациясы

1. Саяси экономия гректің “политейя”-қоғамдық құрылыс, “ойкос”-үй, шаруашылық, “номос”- заңдар деген 3 сөзінен шыққан. Экономикалық ой-пікір алғашқы рет Азияда, Қытай мемлекетінде дамиды. Экономика ұғымын ғылымға енгізген грек философы Аристотель болған.

Экономика дегеніміз – адам өміріне қажетті тауарлар мен қызметтерді өндіретін салалар мен кәсіпорындардың жиынтығы.

Экономикалық ғылымның дамуын 5 кезеңге бөлуге болады:

  1. Меркантелистік кезең (Антуан де Монкретьен);

  2. Физиократтық кезең (ф. Кенэ, А.Тюрго);

  3. Ағылшын классикалық буржуазиялық саяси экономия кезеңі (А.Смит, Д.Рикардо, У..Петти);

  4. Марктік саяси экономия кезеңі (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин);

  5. Қазіргі экономикалық ой-пікір (К.Менгер, Дж.Кларк, А.Маршалл,Дж. Мейнард Кейнс).

Меркантелизм итальянның “мерканте”-сауда, көпес деген сөздерінен шыққан. Олар экономиканың сауда саласына көп мән беріп, қоғамдық байлықты ақша, бағалы металдарды жинау арқылы жасауға болады деп тұжырымдаған.

Физиократтар “Қоғамдық байлық- ауыл шаруашылығы” деп есептеп, алғашқы рет “Экономиалық кестені ” жасап шығарды.

Ағылшын классиктері өндірістің барлық салаларын дамыту арқылы ғана қоғамдық байлықты көбейтуге болатынын дәлелдеді. Олар “Еңбек-құн теориясын” жазып, ең алғаш рет экономикалық категорияларға анықтама берді.

Маркстік саяси экономия мектебінің өкілдері еңбек құн теориясын дамыта келе қосымша құн теориясын жан-жақты талдады. Бұл теория ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында қалыптасып, ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде В.И.Лениннің еңбектерінде дамыды. Бұл теория жұмысшы табының мүддесін қорғайтын экономикалық теория.

Қазіргі экономикалық ой-пікір ХХ ғасырдың басынан бастап қазіргі уақыт аралығын көрсетеді. Бұл мектептің өкілдері шектілік теорияларын, шектелген өнімділік пен өндіріс факторларының кему заңдылықтарын тұжырымдайды.

2.Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, кейбір материалдық әдістер қолданылады. Ғылымда да, оқу пәнінде де методология бірдей.

Методология дегеніміз- ғылыми танудың формасы, әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.

Диалектикалық әдістің негізін салушы неміс философы Гегель. Ғылыми танудың формалары мен әдістері көп. Ол объектіні бақылаумен жинақталған материалдарды талдау және синтездеу, индукция және дедукция, жүйелік қарау, гипотезалар жасау және оны тексеру, эксперименттер жүргізу, логикалық және математикалық формаларда үлгілер жасау.

Экономикалық зерттеудің маңызды әдісі- ғылыми абстракция.

Ғылыми абстракция дегеніміз- зерттеу пәнін жеке, әсіресе кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу.

Өмірде бір-бірінен алшақ заттар мен құбылыстар жоқ. Олар өзара байланысты ғылымның іздегені- шындық әрқашанда жүйе формасында болады. Ғылыми жүйенің қалыптасуы индукция мен дедукция деген методологиялық әдістермен жүзеге асады.

Индукция дегеніміз- жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығарылады. Дедукция дегеніміз- керісінше, жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшкліктері сипатталады.

Ғылымда экономикалық процестер мен жүйелерді зерттеу үшін математикалық әдістерді қолдануға ерекше көңіл бөлген елеулі бағыттың негізін қалаушылар: М.Вальрас, В. Парето, У.Джевонс. Қазіргі көрнекті өкілдері: В.Леонтьев, Шаталин, Макаров.

Экономикалық теория пәні дегеніміз- шектелген ресурстар әлемі мен оларды басқару кезіндегі өндірістік игілік жасау процесіндегі адамдардың тигізетін әсері.

Оның мақсаты: пайда табу негізінде адамдардың шексіз қажеттілігін қанағаттандыру.

Экономикалық теория пәнін 2 ірі бөлімге бөліп оқиды:

  1. микроэкономика;

  2. макроэкономика.

3.Экономикалық теория қызметтері. Тауар мен қызмет көрсету өндірісін дамыту барлық ғылымдарда қарастырмай болмайды. Соның ішінде экономикалық ғылымдарда да. Оның бастысы- күнделікті бақылау, интуиция. Одан кейін- ғылыми білім. Осыдан барып теориялық ғылым туады. Көптеген ғылыми жұмыстарға сүйене отырып, экономикалық теория таным мен қайта құруда үлкен роль атқарады. Осыған байланысты экономикалық теорияның бірнеше қызметтерін қарастырамыз:

    1. методологиялық

    2. сынаушылық

    3. танымдылық

    4. прагматикалық(тәжірибелік)

    5. болжам жасау

    6. идеологиялық

Экономикалық теорияның бастапқы 5 қызметі нарық экономикасына сәйкес келеді, ал соңғы 6-шы қызметі әкімшілік-әміршілік жүйеге сәйкес келеді.

4. Экономикалық категориялар дегеніміз- адамдардың қоғамдық-өндірістік қатынастарының нақты орын алуын теориялық тұрғыдан анықтау. Экономикалық ғылымның міндеті экономикалық құбылыстар мен процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасау, сөйтіп өндірістік қатынастардың мәнін ашу, басқалай көмекші жайлардан тазалау. Осындай талдаудың нәтижесі экономикалық категориялар болып табылады. Экономиалық категориялар тарихи сипатта болады, яғни қоғамдық формацияның қалыптасуын, даму процесін анықтайды.

Экономикалық заңдар- адам қоғамы дамуының түрлі сатыларында өндіріс, бөлу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларындағы қатынастарды анықтап, оны басқарып отыратын заңдар.

Экономикалық заңдардың 2 түрі бар:

  1. жалпылама заңдар;

  2. ерекше заңдар

Жалпылама заңдар – бүкіл адам тарихында немесе бірнеше ғасыр бойы күшіне енген заңдар (еңбек өнімділігін жоғарлату заңы, керексіну заңы).

Ерекше заңдар- жеке қоғамдық өндіріс түрлерінің ерекшеліктері мен оларға сәйкес әлеуметтік-экономикалық қатынастардың негізін көрсететін заңдар.

Адамдардың арасындағы қоғамдық-экономикалық қатынастар 2-ге бөлінеді:

  1. ұйымды-экономикалық қатынастар;

  2. әлеуметті-экономикалық қатынастар.

5. Адам қоғамы өзінің дамуында әртүрлі экономикалық жүйелерді қолданады. Олардың негізгі экономикалық мәселелерді шешуде өз әдістері бар. Экономикалық жүйелердің 4 формасы бар:

1.Дәстүрлік жүйе. Нашар дамыған елдерде әлі күнге шейін дәстүрлік, салттық экономикалық жүйеде дамып отыр. Бұл жүйеде техникалық прогресс енгізу өте қиын.

2.Әкімшілік-әміршілік немесе командалық жүйе. Негізгі экономикалық мәселелерді мемлект шешеді. Барлық ресурстар мемлекет меншігінде болады. Орталық экономикалық жоспарлау барлық деңгейді үй шаруашылығынан мемлекетке дейін қамтиды.

3. Нарықтық экономика. Онда барлық экономикалық сұрақтарды нарық, баға, сұраныс және ұсыныс, пайда мен шығын анықтайды.

4. Аралас экономика.

Тақырып 2. Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы

  1. Жалпы экономикалық түсініктер

  2. Қоғамдық өндірістің мәні мен құрылымы

  3. Өндірістің негізгі факторлары және олардың өзара әрекеті

  4. Қоғамдық өнім: мәні, құрылымы

    1. Қоғам алдындағы негізгі экономикалық мәселелер 2 экономикалық аксиома арқылы көрсетіледі:

  1. Адам қажеттілігі шексіз және толығымен қанағаттандыру мүмкін емес;

  2. Қажеттікті қанағаттандыратын тауарлар мен қызметтерді өндіруге қажетті ресурстар шектеулі және сирек кздеседі.

Осыған байланысты жаңа экономикалық түсініктер пайда болады:

Қажеттілік – бұл жеке адам мен қоғамның дамуына қажетті заттарға деген мұқтаждығы. Оның 2 түрі болады: жеке және өндірістік. Жеке қажеттіліктің өзі 3-ке бөлінеді:

  1. Материалдық

  2. рухани немесе мәдени

  3. әлеуметтік

Қажеттілікті қанағаттандыру үшін керекті заттарды игілік деп атайды. Оның өзі шектелген және шектелмеген болып бөлінеді.

Шектелген игіліктер экономикалық игіліктерді көрсетеді. Сондықтанда оларды өндіру үшін факторлар қажет.

Экономикалық игіліктерді өндіру үшін қажетті факторларды ресурс деп атаймыз. Ресурстардың 5 түрі болады:

  1. материалдық

  2. табиғи

  3. қаржы

  4. еңбек

  5. ақпараттық.

2..Қоғамдық өндіріс мәселесі экономикалық теорияның негізгі мәселесін құрайды. Қоғамдық өндіріс- адамзат баласының тіршілігінің негізін құрайтын материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процестерін қамтиды. Қоғамдық өндірістің құрылымын 2-ге бөледі:

  1. Материалдық өндіріс

    1. материалдық игіліктерді өндіретін салалар (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы);

    2. материалдық қызмет көрсету салалары ( көлік, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, киім тігу, тазалау, жөндеу)

  2. Материалдық емес өндіріс

    1. материалдық емес игіліктер өндіру(мәдени және ағарту салалары, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым);

2.2.материалдық емес қызмет көрсету салалары (кеңестер беру, өнер).

Материалдық өндіріс дегеніміз- материалдықигіліктерді өндіру саласы мен материалдық қызмет көрсету кәсіпорындары ның жиынтығы.

Материалдық емес өндіріс дегеніміз - өндірістен тыс игіліктер өндіретін және материалдық емес рухани қызметтер көрсететін салалар мен кәсіпорындардың жиынтығы.

Өндіріс дегеніміз- адамдардың өмір сүруі үшін қажетті материалдық игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында табиғат заттарына әсер ету процесі.

3.Материалдық игіліктерді өндіру тәсілі- өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардың диалектикалық бірлігі болып табылады. Ал, оның орын алуы, дамуы белгілі бір факторларға байланысты. Ол факторларға мыналар жатады:а) субьективті,жеке факторлар немесе жұмыс күші; б) объективті, заттық факторлар немесе өндіріс құрал-жабдықтары. Осы арада еңбек туралы түсінік бере кетейік. Еңбек дегеніміз- мақсаттқа сай қызмет ету, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас процесі немесе өнім өндіруге адамның жұмсайтын ой және дене қабілеттілігі.

Жұмыс күші дегеніміз- адамның еңбек ету қабілеттілігі.

Ал, заттық факторлар туралы әңгімені еңбек заттары мен құралдарынан бастаймыз.

Еңбек заттары дегеніміз- өнделетін материалдар, яғни адамның күш-қуаты, еңбек құралдары арқылы өнделетін заттар. Оның 2 түрі бар: а) табиғи- руда, көмір, мұнай, балық және т.б.; ә) белгілі бір табиғи процестен, өндеуден өткен- шикізат, материал.

Еңбек құралдары дегеніміз- адамның өзі мен еңбек құралдары арасында тұратын және оның осы затқа ететін ықпалын іске асырушы ретінде пайдаланатын зат немесе заттар жиынтығы. Ол бірнеше түрге бөлінеді:а) аспаптар, машиналар, механизмдер; б) қаптау және таралық материалдар;в) өндірістік объектілер(өндірістік үйлер, ғимараттар, жолдар);г) жер;д)электр қуаты, бу, химиялық, ядролық реакциялар.

Материалдық игіліктерді өндіру үшін пайдаланатын еңбек құралдары мен заттарының жиынтығы өндіріс құрал-жабдықтарын құрайды. Олардың жұмыс күшінен айырмашылығы өндірістің материалдық-заттық факторына жататындығы.

Технология өндірістің негізгі факторларының өзара әректін белгілейді, адамдардың еңбек заттарына ықпалының өндіріс факторларының қасиеттеріне негізделгенін көрсетеді.

4.Қоғамдық өндірістің түпкі нәтижесі- оның өнімі. Ол-қоғамдық сипатта, қоғамдық еңбек бөлінісіне сай оны өндіруге өзара байланысты көптеген адамдар қатысады.

Қоғамдық өнімге әрқилы материалдық және материалдық емес игіліктер мен қызметтер көрсету кіреді.

Қоғамдық жиынтық өнім - бұл қоғамның белгілі бір уақыт ішінде өндірген барлық материалдық игіліктердің жиынтығы. Ол материалдық өндіріс саласындағы қызметкерлер еңбегімен өндіріледі. Егер, қоғамдық жиынтық өнімнен өткен жылдардың заталған еңбек шығындарын шегеріп тастаса, таза өнім қалады. Ол негізінен тұтыну заттарынан және өндірісті ұлғайтуға пайдаланатын құрал-жабдықтардан тұрады. Таза өнімді саяси экономия мен қазіргі есептеу жүйесінде ұлттық табыс депте атайды. Таза өнім 2-ге бөлінеді: а) қажетті өнім - материалдық өндірісті өндіру саласындағы қызметкерлердің күнелту үшін, өзіне және жанұясына , осы қызметкерді оқыту, үйрету үшін жұмсалатын таза өнімнің бір бөлігі; ә) қосымша өнім - бұл материалдық игіліктерді өндіру саласындағы жұмысшылардың жұмыс күшін толықтыруға жұмсалған кейін артылып қалған таза өнімнің бір бөлігі.

Қоғамдық өнім белгілі бір нысанда өндіріс дәрежесін немесе оның тиімділігін сипаттайды. Оны мына формуламен анықтайды:

өндіріс нәтижесі(өнім)

Өт (тиімділік)=_____________________________________________________

өндіріс факторларының шығындары(жанды және затталған еңбек)