
- •1 Геологиялық бөлім
- •Өзен кен орны жайлы жалпы мәліметтер
- •1.2 Кен орынның геологиялық зерттелуінің және игерілуінің
- •Стратиграфия
- •Тектоника
- •Мұнайгаздылық
- •Сулылық
- •2 Өзен кенорнының тарихы және күнделікті игеру жағдайы
- •2.1 Кенорынның игеру тарихы
- •2.2 Өндіру және айдау скважиналары қорының жағдайы
- •2.4 Кесте- «Өзенмұнайгаз» ақ бойынша 1.01.2002ж скважиналар қорының күйі
- •2.3 Скважина өнімін дайындау, жинау жүйесіндегі талаптары
- •2.4 Қабат қысымын ұстау жүйесінің жағдайы
- •2.5 Кен орында игеру технологиясын жетілдіру
- •2.5.1 Сатылы термалды су айдау
- •2.5.2 Фигуралық су айдау
- •2.6 Қабатты сұйықпен жару әдісінің сипаттамасы
- •3 Еңбекті қорғау
- •3.1 Өндірістік қауіпті және зиянды факторларды талдау
- •3.2 Қауіпсіздік шаралары
- •3.2.1Техника қауіпсіздігі
- •4. Қоршаған ортаны қорғау
- •4.1 Өндірістің биосфера компоненттеріне әсерін талдау
- •4.2 Атмосфераға әсер ету
- •4.3 Гидросфераға әсер ету
- •4.4 Литосфераға әсер ету (топыраққа және жер қойнауына)
- •4.5 Ұйымдастырылған шаралар
- •4.6 Техникалық шаралар
- •4.6.1 Атмосфераны қорғау
- •4.6.2 Гидросфераны қорғау
- •4.6.3 Литосфераны қорғау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3.2.1Техника қауіпсіздігі
Қабатты гидравлиалық жару ұңғыманың түптік аумағына әсер ету тәсілдерінің бірі болып келеді. ҚГЖ негізігі мақсаты болып өңдіріліп отырған қабатта бір немесе бірқатар жарықтарды ірі түйірлі құмның арқасында жасау болып табылады. Негізгі ерекшелігі жоғары қысымда жұмыс істейтін қондырғыларды қолдануда болып табылады.
4АН-700 сорапты агрегаттың барлық қауіпті жалғанған жерлері сәйкесті қоршаулармен жабдықталған. Олар қозғалмалы бөлшектерден 35 см қашықтықта орналастырылады. Станок – качалкалар 75 см жерден жоғары орналасқан сатылармен, қоршаулармен және алаңдармен жабдықталады, оларда тұтқалар болуы қажет. Егер де алаңның биіктігі көрсетілген биіктіктен жоғары болса, онда ол алаңға кірісінде ені 65 см – ден кем емес саты және тұтқа 1 м кем болуы керек.
Сағаны жабдықтамас бұрын қондырғыны беріктілікке сынайды. Паспорттағы келтірілген қысым бойынша, қондырылғаннан кейін, оны рұқсат етілгеннен аспайтын қысыммен сығымдайды. Су құбырларының фланцында қатайту сақиналары жоқ айдау скважиналарын жабдықтауда қорғану қаптамаларын орнатады.
Сағаның жабдықтарын бөлшектеу алдында арынды су құбырын ажырату қажет және «Ашпа» деген ескерту белгісін іліп қою қажет. Ысырмаларды, жапқыштарды, төсемелерді немесе қатайту сақиналарын ауыстыру кезінде фланцты қосылыстың ажырайтын бөлігінің алдында тұруға рұқсат етілмейді. Ысырмаларды штурвал кілтінің көмегімен ашып жабу керек.
Сағаны жабдықтағаннан кейін айдау құбырларын ҚСЖ кезінде қор коэффициентімен күтіліп отырған қысымға сығымдаймыз. Ол келесі кестеде көрсетілген.
Кесте 3.1 – Жұмыс қысымы кезіндегі беріктік қорының коэффициенті
Жұмыс қысымы, кгс/см2 |
Беріктік қорының коэффициенті |
<200 |
1,5 |
200-560 |
1,4 |
560-650 |
1,3 |
>650 |
1,25 |
ҚСЖ кезінде ұңғыма сағасының және айдау құбырларының жанында тұруға рұқсат етілмейді. Манифольд блогының арынды коллекторы өлшеу – бақылау аспабымен (КИП) және сақтандырушы клапандарымен, сораптың кірісіне лықсымамен (сброс), ал айдау құбырлары – кері клапанмен жабдықталуы керек.
ҚСЖ қондырғыларын ұңғыма сағасынан 10 м қашықтықтан кем емес жерде орналастыруы қажет. Қондырғылар арасындағы ара қашықтық 1 м кем болмауы керек, ал олардың кабиналары ұңғыма сағасына қаратылмауы керек.
ҚСЖ терең – сорапты ұңғымаларда жүргізу алдында келесі шарттарды орындау қажет:
станок – качалканың жетегін сөндіру;
редукторды тоқтату;
Қозғалтқыштың қосатын қондырғысында «Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істеп жатыр!» деген плакат іліп қою керек.
Агрегаттарды іске қосуды тек қана агрегаттармен жұмыс істеуге қатысы жоқ адамдарды қауіпті аумақтан тыс шығартылғанда ғана (50 м) іске асыруға болады.
Агрегаттардың жұмыс істеуі кезінде оларды жөндеу немесе ұңғыма сағасында немесе құбырларда саға жабдықтарын бекіту жұмыстары жоспарланбайды.
Қысқы кезде ҚСЖ жұмысын уақытша тоқтатқанда, сынама айдаумен құбырларда тығындардың жоқ екендігін тексеру керек. Айдау құбырларын ашық отпен қыздыруға болмайды, оданда гөрі алдын – ала құбырларды жылу өткізбеумен оқшаулау керек.
Құм араластырғыш агрегаттарға қызмет көрсету кезінде – егерде бункерде тордың болмау жағдайында, онда құлау қаупі туады. Және де бункерге көтерілу үшін арналған сатыларда арнайы ұстағыш тұтқалары болмаса немесе алаңдарда қоршаулар дұрыс болмаса, онда биіктіктен құлау қаупі туады.
ҚСЖ кезінде ұңғыма сағасын арнайы арматурамен жабдықтайды, оның головка корпусында арнайы резиналы нығыздаушы және бастыратын металды сақиналар орналастырылған, олар құбыраралық кеңістікті саңылаусыздандыру үшін арналған.
ҚСЖ кезіндегі қысымды өлшеу және белгілеу үшін арматураға көрсететін және белгілейтін (регистрирующие) манометрлер қосылуы керек, олар импульсті трубкалар арқыры қауіпсіз арақашықтыққа шығарылады. Арматура агрегатпен арнайы құбырлар арқылы немесе жоғары қысымға төзімді шлангілермен жалғанады.
Қабатты сұйықпен жару кезінде қолданатын сұйықтықты тасымалдайтын автоцистерналарға қызмет көрсету кезінде және сұйықтықты агрегаттарға беру кезінде сораптағы дем алу клапанның, редукционды клапанның дұрыстығына, саты мен ұстағыш тұтқалардың дұрыстығына, және т.б. көңіл аудару қажет.
ҚСЖ қауіпсіз жүргізу үшін үлкен көңіл дайындық жұмыстарына бөлінеді. Ұңғыма маңындағы территория таза болу керек, жағдай болса жер бетін жазық ету керек. Жабдықтарды және құбырларды орнатуға кедергі жасайтын барлық заттарды алып тастау қажет, ұңғымаға келетін барлық жолдарды тазартып, қалпына келтіру қажет.
ҚСЖ кезінде қышқыл мен сілтілі ерітінділер қолданса, ұңғыманы қышқылмен өңдеу кезіндегі ережелерді қолдану керек, ал радиоактивті изотоптарды қолдану кезінде – радиоактивті заттармен және ионды сәулелену көздерімен ағымдағы санитарлы жұмыс істеу ережелерін қолдану қажет. Қышқылды тасымалдау кезінде, қышқылды ерітінділерді дайындау кезінде және де ерітінділерді ұңғымаға айдау кезінде жұмыс істеушілердің қышқылмен күюі мүмкіндігі туады.
ҚСЖ жұмысын жүргізу алдында жабдықтардың, сақтандырғыш құрылғылардың, өлшеу – бақылау аспаптарының, яғни қауіпсіздік техникасының барлық құрылғыларының дұрыстығын тексеру керек.
Қабатты сұықпен жару кезінде қуатты қондырғылар мен механизмдер қолданатындықтан, олардың жұмысы кезінде интенсивті шу пайда болады. Ол санитарлы мөлшерден 15-17 дБ артық болады, бұл процесстерді басқаруды қиындатады және күтілімсіз нәтижелерге соқтырады.
ВНИИТБ арнайы дыбысты жұтататын беттік маты ойлап тапқан, ол машинист кабинасында шуды 18-20 дБ төмендетеді.
ҚСЖ жұмысын аяқтаған кезде головкадан құбырларды айырғанға дейін, головкада кранды жауып, құбырларда қысымды атмосфералыққа дейін төмендету керек. Барлық жабдықтар қабатты жару кезінде қолданған ерітінді қалдықтарынан тазартылуы қажет. Ерітінді қалдықтарын тек қана өндірістік канализацияға, мұнай тұтқышына немесе ыдысқа (емкость) ағызуға болады.
Ұңғымаға үлкен қысыммен сұйықтықты айдау үшін арнайы сорапты қондырғы MERSEDES қолданады. Оларды пневматикалық және гидравликалық жүйелері сақтандырғыш құрылғылармен жабдықталған. Барлық қозғалмалы механизмдер металды қоршаулармен жабдықталған.
3.2.2 Өрт сөндіру қауіпсіздігі
Жоғары қысымдағы қондырғымен жұмыс істеу арқасындағы туатын қауіптен басқа жару сұйықтығы ретінде тұтқырлы мұнай, мазутты қоспа және т.б. жанғыш материалдарды қолдануынан өрт қаупі туады.
Сол себептен, сорапты және құмараластырғыш қондырғы, автоцистерна, мұнай үшін емкость, арынды желіліер өтетін жерде жарықтандыру электрожелілері өтпеуі керек. Гидрожару жұмыстарында қолданатын агрегаттар және басқа да көліктің түтін шығатын құбырлары сөндіргіш – шоқ өшіретінмен (гидрозатвор) жабдықталуы қажет, және ол агрегат платформасынан 2 м кем емес биіктікке шығарылуы керек. әр бір қондырғы мен агрегатта өрт сөндіргіш (огнетушитель) болу керек.
Жобалау кезінде санитарлы нормаларға және ережелерге сәйкес құрылысты, өртке қарсы шаралар кешені жүргізіледі. Олар өрттің пайда болуына қарсы, өртенген жерден адамдарды жедел түрде эвакуациялау және тез арада тиімді сөндіру шараларын қамтуға бағытталған.
Өрт сөндіру материалдары ретінде арын ретінде су, қатты заттар (құм, тас), инертті газдар (азот, көміртегі) қолданады.
Көмір қышқыл өрт сөндіргіш ОУ – 8, ОХП – 10 қолданады.
Электрлі өрт сигнализация (ЭПС), телефон желісі, радио байланыс қолданады.
Өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерінің бірі - өндірістік территория мен ғимараттар тез жанғыш заттармен және жанғыш сұйықтықтармен ластанбауы керек. Өндірістің әр бір объектісінде алғашқы өртке қарсы заттармен қамтамасыз етілген.