Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OTChET_uzen (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
331.78 Кб
Скачать

2.6 Қабатты сұйықпен жару әдісінің сипаттамасы

Қабатты сұйықпен жару әдісі алғаш рет 1948 жылы қолданған. Қазіргі кездерде бұл технология мұнай кен орындарындағы өткізгіштігі аз, әлсіз дренаждалатын қабаттардың мұна йбергіштігін көтеру және игеруді күшейтудегі ең белгілі әдістердің бірі болып табылады. Көптеген аймақтарда бұл технология өндіруді елеулі түрде көтеретін және ұңғымаларды рентабельді категорияға шығаратын жалғыз технология болып табылады. Өзен объектілерінде қабатты сұйықпен жаруды қолдану (ҚСЖ) саздалған, өткізгіштігі аз қабаттарды игеруде өзінің тиімділігін көрсетті.

Қабатты сұйықпен жару өнімді қабатқа әсер ету арқылы ұңғыманың өнімділігін көбейту, мұнайды алу темпын жылдамдататын және қабаттың мұнай бергіштігін көбейтетін әдіс болып табылады. ҚСЖ өндіріс ұңғымаларында да, айдау ұңғымаларында да қолданылады.

ҚСЖ процесі екі этаптан тұрады: бірінші этапта өнімді қабатқа жоғары қысымда және қажетті жылдамдықта жұмыс сұйықтығын айдайды, осының нәтижесінде коллектор жынысы жарылып, қолдан жасалған жарықтар пайда болады. Екінші этапта процесс біткен соң жоғары өткізгіштікті сақтап қалу және артық қысымды түсіру мақсатында қабатқа жарықтың қабырғаларын ашық күйінде ұстап тұратын жарықтарды кеңейткіш айдалады.

3 Еңбекті қорғау

3.1 Өндірістік қауіпті және зиянды факторларды талдау

Қабатты сұйықпен жару кезіндегі өндірістік қауіптерге және зияндарға: қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (жел, шаң, тұман, т.б.), зиянды заттар, шу, діріл, жарылуға қауіпті заттар.

Қабатты сұйықпен жару процесінде жұмыс агентін қабатқа жоғарғы қысыммен айдайды. Сондықтан қауіпсіздік техника жағынан келесілерге көңіл бөлу керек: сорапты және технологиялық қондырғылардың, су енгізулердің (водовод), өлшеу – бақылау аспаптарының және айдау кезінде қолданатын көптеген қондырғылардың беріктіктігі, саңылаусыздығы және жылу өткізбеулігі.

ҚСЖ жүйесінің құруларына араластыру агрегаттары (блендерлер), сорапты агрегаттар, су бөлгіш пункттары, су желілері, айдау агрегаттары, манифольд блогы.

Мұнайдың қауіптілігі мен зияндылығы ауыр және жеңіл көмірсутек-тердің фракцияларына байланысты. Метан, этан, пропан, бутан улы еместердің санына жатады. Оларды аз көлемде демге алу адам ден саулығына зиянын келтірмейді. Олардың ауа құрамында 10 % болған кезде, адам кислородтың жетіспеушілігін сезінеді, ал көп мөлшерде болғанда, адам ауа жетіспеушілігінен қаза болуы мүмкін.

Қабатты сұйықпен жаруды жүргізу өте қауіпті технологиялық процесстердің біріне жатады. Осы процессті жүзеге асырғанда әрбір технологиялық қондырғыларда (сорап, қозғалтқыш, станоктар, көтергіш машиналар және т.б.) қауіпті аумақ болады.

3.2 Қауіпсіздік шаралары

Жұмыс орнының метерологиясын жағдайын станцианарлық және ашық жерде болуы керек. Станцианарлық, яғни операторлық күркеде кәсіпшілік ішіндегі газбен жылыту және ауаны кондицианерлеу үшін БК-200 кондиционерлері қолданылады. Ашық алаңда жұмыс істейтін еңбекшілер тобы үшін кәсіпшіліктің әрбір учаскесіндегі административті ғимараттарында орналасқан. Санитарлы – тұрмыс бөлмелері қарастырылған. Олардың құрамына душ бөлмелері, және арнайы жұмыс киіміне арналған киім ілгіш шкафтар ж.т.б. кіреді.

Химикаттар дайындау және олармен жұмыс жасау кезінде көзілдіріктер, шаңға қарсы респираторлар кию керек.

Қ.Қ.Қ.Ұ цехының территориясында әр түрлі жарықты талап ететін, едәуір алаңда (100*100) орналасқан әртүрлі процестермен жабдықтар бар. Сондықтан Қ.Қ.Қ.Ұ цехында территорияны прожекторлы жарықтандыру қолданылады. Сонымен қатар, прожекторлы жарықтандыруда жарықтану территориясы әуе сымдары ментіректерімен айтарлықтай аз үйіліп тасталады. Технологиялық жабдықтарды орналастыру жағдайларының жабдықтарды орналастыру жағдайларының көбінде немесе жұмысты орындау жағдайында жарықтандыру территорисында шырақты теректер орнатуға болмайды және прожектрлы жарықтандыру бірден бір мүмкін жарықтандыру жүйесі болып табылады. Кемшігі, жұмысшылардың көрмей қалушылық мүмкіндігі болып саналады, жарықтандыру территорисында тым жағымсыз көлеңкелер пайда болады, олар заттарды қарауға кедергі жасайды. Бірақ та, егер олардың қондыру орнын, иілу бұрышын және қондыру биікітгін дұрыс таңдаса онда олар анағұрлым азаяды. Прожекторлы жарықтандыруды жобалау кезінде алаң ның бұрыштарына 10м биіктікті М1 және М2 прожекторлы (мачта) қондыру қажет және мүмкіндігінше біркелкі жарықтандыру 5лк-ден кіші емнс, жасалыну қажет, себебі Қ.Қ.Қ.Ұ цехы күні-түні жұмыс істейді және де жұмысы өте көп.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]