
- •1 Геологиялық бөлім
- •Өзен кен орны жайлы жалпы мәліметтер
- •1.2 Кен орынның геологиялық зерттелуінің және игерілуінің
- •Стратиграфия
- •Тектоника
- •Мұнайгаздылық
- •Сулылық
- •2 Өзен кенорнының тарихы және күнделікті игеру жағдайы
- •2.1 Кенорынның игеру тарихы
- •2.2 Өндіру және айдау скважиналары қорының жағдайы
- •2.4 Кесте- «Өзенмұнайгаз» ақ бойынша 1.01.2002ж скважиналар қорының күйі
- •2.3 Скважина өнімін дайындау, жинау жүйесіндегі талаптары
- •2.4 Қабат қысымын ұстау жүйесінің жағдайы
- •2.5 Кен орында игеру технологиясын жетілдіру
- •2.5.1 Сатылы термалды су айдау
- •2.5.2 Фигуралық су айдау
- •2.6 Қабатты сұйықпен жару әдісінің сипаттамасы
- •3 Еңбекті қорғау
- •3.1 Өндірістік қауіпті және зиянды факторларды талдау
- •3.2 Қауіпсіздік шаралары
- •3.2.1Техника қауіпсіздігі
- •4. Қоршаған ортаны қорғау
- •4.1 Өндірістің биосфера компоненттеріне әсерін талдау
- •4.2 Атмосфераға әсер ету
- •4.3 Гидросфераға әсер ету
- •4.4 Литосфераға әсер ету (топыраққа және жер қойнауына)
- •4.5 Ұйымдастырылған шаралар
- •4.6 Техникалық шаралар
- •4.6.1 Атмосфераны қорғау
- •4.6.2 Гидросфераны қорғау
- •4.6.3 Литосфераны қорғау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2.5 Кен орында игеру технологиясын жетілдіру
Күрделі термобарлық жағдай, парафиннің көп мөлшері, қабат коллекторының өтімділігінің әртүрлігі, объектілерде қабат өнімінің көптігі кен орында игерудің ерекше тәсілін табуды қажет етті. Мұнай өндіруді көбейту үшін әр жылдары жаңа технологиялар ұсынылды, олар соңғы игеру жобасында қаралған. Жаңа технологияның кең көлемінде мұнай кеніштерінде гидродинамикалық тәсілдерді пайдалану, қабаттардың мұнай бергіщтігін арттыру, төмен өткізгіштік коллекторлық қабаттарды игеріп, енгізу қаралған.
Жаңа технология ішінде: ыстық су айдау, сатылы термалды, фигуралық су айдау, дифференциалдық су айдау қысымы, сұрыптап салқын су айдау жоғары өнімді қабаттарға, төменгі өнімді зоналарды игеруге қатыстыру тәсілдері игеру жобасында қаралған, жаңа технология кен орында өндірілуде:
Сатылы термалды су айдау (42 жерде жүзеге асырылған, 15 жерден ХІІІ-ХІV қабаттарға, 6 жерде ХV-ХVІ қабаттарға)
Фигуралық су айдау (7 жерден ХІV қабатқа және 4 жерден ХV қабатқа)
Алаңды су айдау төмен өнімді зоналарға (7 жерге жүзеге асырылған).
2.5.1 Сатылы термалды су айдау
Алғашқы кен орында қаралған блоктық су айдау жүйесі көп қабат жағдайында және литологиялық әр түрлі мұнай кеніштеріне тиімсіз болды. Оның қолдануы әсіресе, салқын су айдағанда, яғни кенорынды игеру кезінде әр түрлі кемшіліктер әкелді. Оны жою үшін көп қабатты кеніштерге жаңа әсер беретін технология құрылып ендірілді, оның аты сатылы термалды су айдау. Мақсаты: қабат қысымын ұстап тұру үшін, ыстық су айдау тиімділігін арттырып, пайдалану және қабаттық температураны сақтау. Игеру процестерін жеделдету және мұнай бергіштігін арттыру. Технологияның негізі, алғашқы қабылданған блоктық су айдаумен бірге жаңа су айдаудың технологиясын құру, яғни ыстық су пайдалану (сатылы термалды су айдауды қандай су айдаса да болады). Жаңа су айдайтын скважиналар өнімді қабатқа тік кесілетін қатар бойынша орналастырылады. Олардың арасына 3.5 қатарлы мұнай өндіретін скважиналарды орнатады.
2.5.2 Фигуралық су айдау
Сатылы термалды су айдауға бөлінген мұнай алаңындағы қабаттардың геологиялық әртектілігінен, айдалып отырған сулардың бағытын өзгертуге және қабат сұйығының қозғаласын тиімді пайдалануға мүмкіншілік жоқ. Егер мұнай алаңының ішінде линза және жарты линзалар болып және су айдау қатарларына кірмейтін болса, онда оларды игеру мұнай бергіштігі төмен табиғи режимде болмақ. Сатылы термалды су айдауға бөлінген орталық мұнай алаңын екпінді игеріп өндіру, мұнай суын азайту, мұнай өндіруді арттыру, ығыстыру процесін, мұнай бергіштігін ұлғайту үшін жаңа технология, яғни әртекті көп қабатты парафинді мұнай кеніштерін игеру үшін фигуралық су айдау ұсынылды.
Жаңа технологияның негізі яғни сатылы термалды су айдауға арналған тік бұрышта алаңдардың ішін, қосымша су айдайтын скважиналарға бөліп, лаңның ортасына, алаңда су айдау жүйесін құру қажет. Жаңа су айдайтын скважиналардың суланбаған қабаттарын ату жұмыстары жүргізілді. Су скважиналарын осындай орналастыру, скважиналарда кезекпен тоқтатуға, су айдайтын скважиналарды қосуға және диапазонда сұйықтардың ағылып өзгертуге мүмкіншілік туғызады.
Жаңа су айдайтын скважиналар өнімді қабатқа тік кесілетін қатар бойынша орналастырылады.