Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OTChET_uzen (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
331.78 Кб
Скачать

Қорытынды

Өзен кен орнында игеру тәсілі мұнай қабаттарына су айдау болып табылады. Алайда, алдынғы жылдары кен орын бойынша су айдау мұнай өндіруді арттырудың мақсаттарына сәйкес болса, бүгінгі күні тек осы тәсілді қолдану мұнай өндіруді арттыруда нәтиже бермейді. Қабаттардың мұнай бергіштігін арттырудың негізгі себептері болып:

  • су айдаудан кейін өңдірілмеген мұнай көлемінің артуы ;

  • қиын алынатын қор үлесінің артуы (коллектордың төмен өткізгіштігі, суланған қабаттар)

Мұнай қорының құрылымының нашарлауы - қабаттың мұнай бергіштік коэффициентінің төмендеуінің негізгі себебі.

1.01.2004 жылғы Өзен кен орны бойынша суды айдау көлемі 46591,2 мың м3, сұйықтықты өндіру 24716,5 мың тонна, мұнай – 4970,8 мың тоннаны құрайды. 2003 жылда іріктеуді айдаумен орын айыстыруы (компенсация) 174 % құрады, яғни сұйықтықты іріктеу темпі қабатқа су айдау темпіне сәйкес келмейді. Сол себептен, Өзен кен орнында қабаттан өндіру ұңғымаларының түп аймағына сұйықтықты шақыру мақсатында қабатты гидрожару шарасын өткізу ұсынылды.

Ұңғыманың өнімділігін арттыру үшін ең тиімді шаралардың бірі ретінде ұңғыманың түп аймағындағы жыныстарға әсер ету, яғни қабатты гидрожару тәсілін көрсетуге болады. Бұл тәсіл қиын, әрі қымбат болғанымен өте эффективті болып келеді. Себебі, көп жағдайларда қабатты гидрожару жұмысын өткізгеннен кейін ұңғыманың дебиті бірнеше ондықтарға көбейеді. ҚГЖ – ға шығымы аз ұңғымалар таңдалып, бұл жұмыс жүргізілгеннен кейін ұңғыма дебитінің артуын, 1 тонна мұнайдың өзіндік құнын, бұл жұмысқа кеткен шығындарды, т.б. көрсеткіштерді талдап, ҚГЖ – ның қаншалықты тиімді болғанын анықтайды. Қабатты гидрожаруға кететін шығындар ретінде мыналарды көрсетуге болады:

· айдалатын сұйықтық мөлшеріне және құрамына байланысты шығындар

· сорапты агрегаттарды жалға алу үшін шығындар

· жер асты жөндеу жұмыстары

· жұмысшылардың төлем ақылары

және т.б. шығындарға көп қаржы кететіндіктен көбінесе ҚГЖ жұмыстарын мұнай табу компаниялары емес, қызмет көрсету компаниялары жасайды.

Қабатты гидрожарудың экономикалық есебі осы шараны жүргізу тиімді екендігін көрсетеді. Егер бір ұңғымадан экономикалық тиімділік 12848315 тенгені құраса, онда осы санды өндіру ұңғымаларының санына көбейтсе, біз қабатты гидрожару шарасын енгізу керек пе деген сұраққа өзі жауап беретін нәтижені көре аламыз.

Болашақта:

  • қабатты гидрожаруды ең алдымен су айдау әдісі тиімсіз болатын, өткізгіштігі нашар қабаттарда жүргізу керек;

  • ҚГЖ шараларын нашар өткізгішті түзілімдерде орнанласақан айдау ұңғымаларында жүргізу керек, ол осы объекттерде қабаттан мұнайды ығыстыруды қамтамасыз ететін тиімді су адау жүйесін ұйымдастырар еді;

  • ҚГЖ жүргізу кезінде кәсіптік зерртеу кешенін ескеру керек, жарықтардың пайда болуының әсерінен жұмыс істеу аралықтарын анықтау мақсатында.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Жданов М.А.- «Нефтепромысловая геология и подсчет запасов нефти и газа», М.: Недра, 1970ж.

  2. «Проект разработки месторождений Узень», Шевченко, 1965ж.

  3. Гиматудинов Ш.К., Дунюшкин И.И. «Разработка и эксплуатация нефтяных, газовых и газоконденсатных месторождений», М.: Недра,1988ж.

58

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]