Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OTChET_uzen (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
331.78 Кб
Скачать

4.4 Литосфераға әсер ету (топыраққа және жер қойнауына)

Регионалды сейсмикамен, шөгумен және жарықтардың қалыптасуымен байланысты жерлерді бұзумен мұнай өндіруші кешендер литосфераға әсер етеді.

Кәсіпшілік аймағында топырақ жабынының антропогендік нашарлау қарқындылығының үш дәрежесі бар.

  • топырақтың әлсіз нашарлануы- 5см тереңдіке профилінің бұзылуы;

  • топырақтың әлсіз нашарлануы-кенорынның басым бөлігі, 5-10см тереңдіке профилінің бұзылуы;

  • топырақтың өте күшті нашарлануы- көлік жолдары, оларды бұрғылау учаскелері, қалдықтарды өртеу орындарында 10-15см тереңдіке профилінің бұзылуы;

Топырақ мұнай өнімдерімен ластанған, әлсіз және күшті атпарланған, радионуклиндерімен ластанған. «Жаңаөзен» кенорындағы ұңғымалар топырағын зертеу нәтижелері келтірілген.

Мұнай кәсіпшілігі Каспий теңізіне әсер етеді, себебі ол теңізден 50км кашықтықта орналасқан.

4.5 Ұйымдастырылған шаралар

Қазақстан Республикасында қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы негізгі қаулылар ҚР «Қоршаған ортаны қорғау» заңымен мұнай туралы (1997ж) заңдарында баяндалған.

Жобада қоршаған ортаны қорғауға жауап кершілікті - қоршаған ортаны қорғау бойынша инженер қарастырылған. Қоршаған табиғи ортаны қорғауға бірінші басшы және барлық қызметкерлер жауапкершілікте болады. Қоршаған ортаны қорғау бойынша барлық жұмыскерлер үшін квалификацияны жоғарлату курстары қарастырылған. Апат болуы мүмкін жағдайларға жұмыскерлер арнайы дайындықтан өтіп жыл сайын қоршаған ортаны қорғау бойынша экзамен тапсырады.

4.6 Техникалық шаралар

4.6.1 Атмосфераны қорғау

Жобада атмосфераның ластануын шектеу үшін келесі негізгі технологиялық шешімдер қаралған.

ТУ-39-РК 1168001-97-ге сәйкесті таулық өнімдегі күкірт сутектің мөлшері келесіні құрайды:

  • тауарлық мұнайда 10ррм-нен артық емес, меркаптандар мөлшері 20ррт-ге дейін;

  • құрғақ газда 2г/100нм3 шамасында, меркаптанда 36/100нм3.

  • меркаптанды күкірт ЖККФ-да 0,025%, соның ішінде;

  • күкіртсутектің мөлшері 0,003%;

  • этанды фракциялар 0,003%-н артық емес;

  • тауарлық күкіртте 10ррт-н артық еммес;

Атмосфералық ауадағы зиянды заттардың ШМШ-ң (ПДК) мәндері келтірілген, олардың мәндерінің артып кетуі болмауы керек. Осы нормативтерге жету үшін жобада газдарды тазалау, күкіртті алу, соңғы газдарды толығымен тазалаудың қазіргі заманғы технологиялық үрдістерін пайдаланумен үш технологиялық желісі қаралған.

Атмосферада жайлу жағдайын қамтамасыз ету үшін күкіртті алу қондырғыларының түтін құбырларының биіктігі КТЖ-1 үшін 210м деп қабылданған болатын.

Атмосфераға күкіртті қоспалардың жалпы тасталуын қысқарту үшін №3 және №4 технологиялық желілердің күкіртті пайдаға асыру дәрежесі 99,9%-ке жеткізілген болатын (Клаус+Скотт үрдістері). Бұл атмосфераға шығарынды тастауды 4 есе төмендетеді.

Клаус-Сульфрен үрдісі орнына Клаус-Скотт үрдісін қолдану қосымша күкірт тотығының 60%-і газдан аминмен күкірт тазарту қондырғысында алынады, күкіртсутекке дейін гидролиздендіріледі және пайдаға асырылады. Газды өңдеу қондырғысында аминмен тазартылатын жеңіл көмірсутектердің кең фракциясының (ЖККФ)- өртелген газда 40%-і шоғырланады. ЖККФ-ы кәсіпшілік суды қайта өңдеу қондырғысында пайдаға асырылатын сілтілі ертіндімен меркаптандардан тазартылады.

Заводтар тоқтап қалғанда және газдарды түсіруде күкіртсутекті газ шығарындыларының алдын алу үшін әрбір КТЖ-де екі факелден бар факелді шаруашылықтар қарастырылған, ал таза және күкіртсутектері бар газдар үшін бір факелді жүйені қолдану КТЖ-ң жабдықтарының 70%-і күкіртсутегі бар ортада жұмыс жасауына байланысты.

Жабдықтарды дүркін-дүркін бәсеңдету есептік қысымнан артық кеткенде, қызмет көрсетуші жұмыскерлердің технологиялық ережені бұзуында және апаттық жағдайларда жабдықтарды апаттық қорғау түрінде қарастырылған. Бұл жағдайларда жабдықтарды түсіру сақтандырғыш клапандармен орындалады.

Атмосфералық ауаға зиянды заттардың мүмкін шоғырлануы (ШМК-ПДК): азот диоксиді, азот оксиді, аммиак, бензпирен, диэтаноламин, керосин, қышқылы, күкірт қышқылы, уксус қышқылы, кремний диоксиді, ксилол, марганец, мыс оксиді, меркаптандар, натрий карбонаты, қалай оксиді, органикалық емес тозаң шаң, пісіру аэрозолі, күйе, күкіртсутек, қорғасын, көміртегі оксиді, көміртегілер, көміртегі тотығы, фтор.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]