
Тест тапсырмалары
Егде жас мөлшері-бұл (1):
А) 30-35 жас
В) 35-40 жас
С) 45-59 жас
Д) 60-74 жас
Е) 75 жастан жоғары
2. Қарттық шақ мөлшері-бұл (1)
А) 30-35 жас
В) 35-40 жас
С) 45-59 жас
Д) 60-74 жас
Е) 75 жастан жоғары
3. Ұзақ өмір сүрушілердің жасы(1)
А) 45-59 жас В) 60-74 жас С) 75-80 жас Д) 81-89 жас Е) 90 жастан жоғары
4. Қазақстанда халықтың өмір сүруінің орташа ұзақтығы(1)
А) 59 жас В) 65 жас С) 71 жас Д) 75 жас Е) 80 жас
5. Өмір сүру ұзақтығы байланысты (5)
А) генотипке В) өмір салтына С) өмір сүрудің экологиялық-ауарайылық жағдайына Д) аурушаңдыққа Е) тамақтану сипатына
6. Прогерия-бұл (1)
А) тұқым қуалайтын ерте қартаю В) тұқым қуаламайтын ерте қартаю С) тістеудің ауытқуы (прикус) Д) табиғи физиологиялық қартаю Е) алыстан көргіштік
7. Сәйкестікті табыңыз
1) Хатчинсон-Гильфорд синдромы (5)
2) Вернер синдромы (6)
А) ерте жастық шақта пайда болуы В) 20-30 жаста пайда болуы С) қарттық шақтың аурулары Д) ішкі сөлденістік жеткіліксіздік Е) тұқым қуалаудың аутосомдық-бәсеңкі түрі
Ғ) Бірінші хромосоманың LMNA- тегінің мутациясы
G) теломердің қысқаруы
Н) теломердің мөлшері қалыпты
I) қартаю қарқынының жылдамдауы
8. Жүйке жүйесінің қартаюға тән өзгерістерін көрсетіңіз(5)
А) мыйдың біртіндеп семуі В) жүйкелер бойымен серпіндер өткізудің баяулауы С) жадтың төмендеуі Д) шартты рефлекстік іс-әрекеттің әлсіреуі Е) гиппокампта нейрондар санының азаюы
9. Ішкі сөлденістік кжүйенің қартаюға тән өзгерістерін көрсетіңіз:
А) гонадотропиндер сөлденісінің азаюы В) гонадотропиндер сөлденісінің көбеюі С) меланотонин сөлденісінің жоғарылауы Д) жыныстық гормондар сөлденісінің азаюы Е) өсу гормонының сөлденісінің азаюы
Ғ) тироксин сөлденісінің жоғарылауы
10. Қартаюға тән(5)
А) коллаген молекуласының тігістері В) жасушаішілік су мөлшерінің азаюы С) қантамырларының шеткері кедергісінің төмендеуі Д) негізгі алмасу деңгейінің төмендеуі Е) жасуша ішінде натрийдің азаюы, кәлийдің көбеюі
Ғ) алғашқы лизосомалар санының көбеюі
G) алғашқы лизосомалар санының азаюы
Н) қанда жоғары тығыздықты липопротеидтердің (ЖТЛП) көбеюі
I) қанда төмен тығыздықты липопротеидтер (ТТЛП) көбеюі
11. И.И. Мечников бойынша организм қартаюын туындататыны:
А) ішектегі нәруыздың іріп-шіру өнімдерімен аутоуыттану В) индол, скотол, фенол, крезол С) кетондық денелер Д) сүт және пирожүзім қышқылдары Е) гиперазотемия
12. Қартаюдың бос радикалдық тетігінің дұрыс бірізділігін көрсетіңіз:
А) ДНҚ жіптерінің үзілуі В) ядро мембранасының зақымдануы С) бос радикалдардың артық болуы Д) ауытқыған нәруыз – ферменттердің түзілуі Е) жасуша қызметінің бұзылуы
Ғ) жасушаның өлуі
13. Теломерлер-бұл (3)
А) жасуша бөлінуі кезінде репликациясы аяқталмаған ДНҚ бөлігі В) жасуша бөлінуінің супрессоры болып табылатын тектері бар ДНҚ бөлігі С) жасуша бөлінуінің демеушісі болып табылатын тектері бар ДНҚ бөлігі Д) тектері болмайтын ДНҚ бөлігі Е) хромосомалардың соңғы бөліктері
14. Теломераза-бұл (2)
А) теломерлерді қалпына келтіретін фермент В) теломерлерді ыдырататын фермент С) РНҚ тәуелді ДНҚ –полимераза немесе кері транскриптаза
Д) лизосомалардың ферменті Е) митохондрийдің ферменті
15. Келтірілген тұжырымдардың дұрысын көрсетіңіз (4)
А) әйелдерде ерлермен салыстырғанда теломерлер ұзынырақ В) теломеразалар белсенділігінің жоғарылауы жасуша митозы сандарының көбеюі әкеледі С) Хейфликтің бөліну өлшемі теломерлер ұзындығымен шектеледі Д) қысқа теломерлер жүрек –қантамыры ауруларының қауіптілігін жоғарылатады
Е) бағаналы жасушаларда теломеразалар белсенділігі төмен болады
16. Қартаюға қарсы тетіктерге жатады: (4)
А) антиоксиданттар В) бос радикалдар С) ДНҚ-ң репарациялық жүйесі Д) теломерлердің қысқаруы Е) аутоиммундық үрдістер
Ғ) стресс шектейтін жүйе
G) теломерлердің ұзаруы
Н) сутегі иондары
17. Қартаю гормондарына жатады (2)
А) инсулин В) кортизол С) тироксин Д) глюкагон Е) мелатонин
18. Қартаюға қарсы гормондар (5)
А) инсулин
В) тестостерон С) тироксин Д) эстрогендер
Е) мелатонин Ғ) өсу гормоны
G) прогестерон