Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРС ОМ ПФ-1 КАЗ 14-15.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
344.58 Кб
Скачать

Әдебиет

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. - Алматы: РПО «Кітап» 2007. – С. 46 - 60

  2. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов // Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы: КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006. – С. 29 - 48

  3. Патофизиология под/ред П.Ф. Литвицкого. М.:«ГОЭТАР-мед». Т. 1, 2002.- с. 624 -649.

  4. Патофизиология в рисунках, таблицах и схемах под/ред В.А. Фролова, Г.А. Дроздовой, Д.П. Билибина. Москва, МИА. – 2003. – с. 374 – 390.

  5. Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмаларды қараңыз / Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- С. 48 -50

Қосымша

  1. Кудьярова Г.М., Асимов М.А., Нурмагамбетова С.А. Опийная наркомания. Алматы. «Медицина баспасы». – 2002. - 63 с.

  2. Кудьярова Г.М., Зальцман Г.И. Психиатрия для семейных врачей. Алматы. «Медицина баспасы». – 2000. - с. 113 – 147.

  3. Кудьярова Г.М., Асимов М.А., Нурмагамбетова С.А., Джарбусынова Б.Б. Наркомании и токсикомании в общемедицинской практике. Алматы. – 2003. – 70 с.

БАҚЫЛАУ

Тақырып көрсетілімін қорғау

Тест тапсырмаларын орындау

2 тақырып. ҚАРТАЮДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ, МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАЙТТАРЫ. ҚАРТАЮ ТЕОРИЯЛАРЫ (3 сағ)

Мақсаты:

  • Қартаю тетіктерін, қартаюдың биологиялық, медициналық, әлеуметтік жайларын өзбетінше оқып-үйрену арқылы өзін өзі жетілдіру құзыреттілігін қалыптастыру.

  • Тақырыптың көрсетілімін құрастырғанда және есептерді шығарғанда теориялық білімін қолдана білу машығын қалыптастыру.

  • internet сайттарын және әдебиеттерді қолдану машығын қалыптастыру

Тапсырма:

Оқу материалын мына сұрақтар бойынша дайындау:

  • Қартаю теориялары.

  • Мезгілінен тыс қартаюдың алдын-алудың ұстанымдары.

II. Аса құпталған қартаю теориялары бойынша «мылқау» кестені толтыру:

Теория атауы

Қысқаша сипаттамасы

Организмнің тозуы

Коллоидоклазия теориясы

Жүйкелік – ішкі сөлденістік

Бос -радикалдық

Теломераздық

Молекулалық - тектік

Икемделулік – реттелулік

ІІІ - Тапсырма. Томас Перлз бойынша «өмір ұзақтығын есептегішті» құру

Томас Перльздің өмір сүрудің генетикасын зерттеуші, «өмір ұзақтығы есептегішті» дайындады. Оның көмегімен сіз, қанша жыл өмір сүретіңізді, егер өзіңіздің дағдыңызды өзгертпесеңіз, анықтай аласыз. Келтірілген мәліметтер – ерлер үшін 60 жас және әйелдер үшін 70 жас (ҚР бойынша). Біздің елімізде өмірдің орташа ұзақтылығы осындай. Ал басқаларын өзіңіз қрсасыз –аласыз. Сұрақтарда «Иә» деген нұсқаның нәтижесі келтірілген. «Жоқ »деген жауап болса кері арифметикалық амалды қолданасыз.

  1. Сіз темекі шегесіз немесе темекі шайнайсыз. Немесе шылым тартатын жерде үнемі боласыз ба? (Иә - 2 жыл алу).

  2. Сіз 1 аптада қамыр оралған 2 сосиска, ысталған 2 жапырақ еттің майы немесе майға піскен 2 бауырсақтан көп жейсіз бе? (Иә -0,6 жыл алу)

  3. Сіз балық, тауық, етті қарайғанға шейін қуырасыз ба? (Иә -0,4 жыл алу)

  4. Сіз тағамға сары май, майлы қаймақ, шоколад, қуырылған өнімдерді қоспайсызба? (Иә -2 жыл қосу)

  5. Сіз етті аз жеуге, көкөністі көп жеуге тырысасыз ба? (Иә - 2 жыл қосу)

  6. Сіз күніне сыраны 0,33 л., 2 шөлмектен көп немесе шараптан күніне 300гр артық немесе арақты күніне 100гр көп ішесіз бе? (Иә - 1,2 жыл алу)

  7. Сіз алкогольдік ішімдіктерді күніне жоғарыда көрсетілген мөлшерден аз ішесіз бе? (Иә - 0,6 жыл қосу)

  8. Сіз ласталған атмосферада өмір сүресіз бе? (Иә - 1 жыл алу)

  9. Сіз қою кофені күніне 450 граммнан артық ішесіз бе? (Иә -0,6 жыл алу)

  10. Сіз аспиринді қабылдайсыз ба? (Иә -0,8 жыл қосу )

  11. Сіз тісіңізді арнайы жіппен күн сайын тазалайсызба? (Иә -1,2 жыл қосу)

  12. Сіз үлкен дәретке 2 күнде 1 мәртеден сирек отырасыз ба? (Иә -0,8 жыл алу)

  13. Сіз қауыпты жыныс қатынасқа кіресіз бе немесе есіртке қабылдайсызба? (Иә-1,6 жыл алу)

  14. Сіз күнге қыздырынасыз ба? (Иә -1,4 жыл алу)

  15. Сіздің үйде радонның деңгейі жоғары ма? (Иә - 1,4 жыл алу)

  16. Сіздің салмағыңыз қалыпты ма? (Иә -1,8 жыл қосу)

  17. Сіздің әйеліңіз (күйеуіңіз) бар ма? (Иә -1,8 жыл қосу)

  18. Сіз стреспен күресе аласыз ба? (Иә -1,4 жыл қосу)

  19. Сіздің жақын туыстарыңыз (1-ден көп) диабетпен зардап шеге ме? (Иә -0,8 жыл алу)

  20. Сіздің ата- анаңыздың біреуі аурудан 75 жасқа келмей өлді ме? (Иә -2 жыл алу)

  21. Сіздің отбасыңыздың мүшесі (ата, әже, олардың қарындас бауырлары, аға-тәтелері 1-ден көп) 90 жасқа дейін өмір сүрді ме? (Иә - 4,8 жыл қосу)

  22. Сіз спортпен айналыспайтын жалқаусыз ба? (Иә - 1,4 жыл алу)

  23. Сіз Е витаминін қабылдайсызба? (Иә -1,6 жыл қосу)

СӨЖ жүргізу түрі:

Ұсынылған әдебиеттер және қосымша әдебиет, интернет желісі бойынша материалды өз бетінше оқып-үйрену, тест тапсырмаларын орындау, кестені толтыру, Томас Перлз есептегішін шешу..

Орындалу критериі:

  • СӨЖ-ң осы тақырыбының сұрақтарына №1 аралық бақылауда жауап беру

  • СӨЖ-ң осы тақырыбының тест тапсырмаларын орындау, кестені толтыру, есептегішті санау

  • Көрсетілімді қорғау

СӨЖ-ын тапсыру мерзімдері

Семестр бойына.

Бағалау критерийі: «СӨЖ-ді бағалау нышандары» бөлімін қараңыз.