Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРС ОМ ПФ-1 КАЗ 14-15.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
344.58 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ПАТОФИЗИОЛОГИЯ-1 БОЙЫНША СӨЖ

1.6 СТУДЕНТТЕРДІҢ АУДИТОРИЯДАН ТЫС ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР (СӨЖ)

№ 1 Тақырып. Маскүнемдік, нашақорлық, уытқорлықтың және шылым шегудің патофизиологиялық негіздері (4 сағ)

Мақсаты:

  • Организмге есірткілер және ішімдіктің дерттуындатулық әсерінің тетіктерін, нашақорлық, уытқорлық және маскүнемдіктің жалпы медициналық, әлеуметтік және құқықтық жайларын өзбетінше оқып-үйрену құзыретін қалыптастыру.

  • Теориялық білімін патогенездік сызбанұсқа құрастырғанда және тест тапсырмаларын орындағанда қолдану машығын қалыптастыру

  • Қосымша әдебиет және internet көздерімен жұмыс жасау машығын қалыптастыру

Тапсырмалар:

Оқу материалын мына сұрақтар бойынша игеру:

  1. Нашақорлық, уытқорлық және маскүнемдіктің жалпы медициналық, әлеуметтік және құқықтық жайлары.

  2. Нашақорлықтың этиологиясы, патогенезі, сатылары.

  3. Уытқорлықтың этиологиясы, патогенезі, сатылары.

  4. Маскүнемдік туралы түсінік, сатылары, патогенезі.

СӨЖ-ын орындау түрі:

Ұсынылған әдебиеттер бойынша материалды өзбетінше оқып-үйрену, қосымша әдебиет және internet көздерін пайдалану, тест тапсырмаларын орындау, тақырыптың көрсетілімін дайындау.

Орындау нышандары:

  • СӨЖ-ң осы тақырыбының сұрақтарына, тест тапсырмаларына №1 аралық бақылауда жауап беру

  • Презентация қорғау

СӨЖ-ын тапсыру мерзімдері

Семестр бойына

Бағалау критерийі: «СӨЖ-ді бағалау критерийлері» бөлімін қараңыз.

Тест тапсырмалары:

1. Нашақорлық, уытқорлық және маскүнемдік мәселелерінде I) медициналық, II) әлеуметтік, III) құқықтық жайлар түсінігіне кіреді

A) адам организміне есірткілер және басқа психикалық белсенді заттармен зиян тигізу

B) ҚР Үкіметі жанындағы есірткілерді таратуды бақылайтын Мемлекеттік комиссиямен жасалған есірткілік заттар тізіміне кіретін есірткілік заттарды пайдалану

C) тек жекелеген адамдар, топтарға ғана емес, бүкіл қоғамға қауіп тудыратын есірткілік және басқа психикалық белсенді заттарды медициналық емес жолмен қолдану

2. Есірткілік заттарға жатады

A)……………………………..

B)……………………………..

C)……………………………..

D)……………………………..

E)……………………………..

F)……………………………..

G)…………………………….

3.Нашақорлық және уытқорлық патогенезінің жалпы құрамбөлшектері болып табылады (4)

A) психикалық белсенді заттарды қайталап пайдалануға дерттік аңсау

B) заттарға психикалық тәуелділіктің қалыптасуы

C) психикалық белсенді заттарға төзімділіктің өзгеруі

D) заттарға физикалық тәуелділіктің қалыптасуы

E) неврастениялық және психастениялық синдромның қалыптасуы

4.Нығайтудың дерттік жүйесінің дәнекерлеріне жатады (4)

A) дофамин

B) норадреналин

C) брадикинин

D) серотонин

E) эндогендік апыйындар

5. Доғару синдромы кезінде аса жиі бұзылыстарға жатады (6)

A) мазасыздану

B) тоқмейілсу

C) жайсыздану

D) ызақорлық

E) бұлшықеттік ауыру

F) жүрек айну, құсу

G) брадикардия

H) ұйкышылдық

I) тырыспа

6.Нашақорлық және уытқорлықтың сатылары (3)

A) бастапқы

B) рухани тәуелділік

C) физикалық тәуелділік

D) шешуші

E) ақырғы

7. Маскүнемдік синдромдары мен симптомдарына жатады

A)

B)

C)

D)

E)

8.Бауырда этанол алмасуының көрсетілмеген тізбегі болып табылады (1)

этанол → алкогольдегидрогеназа → ? → альдегиддегидрогеназа →ацетил КоА → оксалоацетат → цитрат → Кребс орамы

A) глюкурон қышқылы

B) пируват

C) ацетальдегид

D) лактат

E) глюкозо - 6 - фосфатаза

9. Ішімдіктің организмге уыттық әсерінің патогенезінде маңызы бар (4)

A) бауырдың антиденелермен зақымдануы

B) альдегиддегидрогеназа өндірілуінің жоғарылауы

C) альдегиддегидрогеназа өндірілуінің төмендеуі

D) бауырда ацетальдегид ыдырауының баяулауы

E) организмде ацетальдегидтің жиналуы

10. Ішімдікпен масаюдың ауырлығын анықтайтын белгілерді көрсетіңіз

A)……………………………..

B)……………………………..

C)……………………………..

D)……………………………..

E)……………………………..

F)……………………………..

G)…………………………….

11. Нашақорлық пен уытқорлық сатыларын дұрыс бірізділікпен орналастырыңыз

  1. физикалық тәуелділік

  2. ақырғы

  3. рухани тәуелділік

13. Маскүнемдіктің көріністеріне жатады (5)

A) рухани тәуелділік синдромы

B) физикалық тәуелділік синдромы

C) доғару синдромы

D) өзгерген реактивтілік синдромы

E) ішімділік галлюцинозы

F) экзофтальм