
- •Негізгі міндеттері:
- •Оқытудың соңғы нәтижелері
- •Модулға кіретін пәндердің тізімі және әрбір пәннің сағат саны.
- •2012-2014Жж. Модульге кіретін басқа пәндерімен келісім хаттамасы
- •Оқу және оқыту әдістері
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары:
- •«Клиникалық анатомия және оперативті хирургия» пәнінен тәжірибелік сабақтардың және интерндердің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары
- •«Анестезиология мен реанимация» пәні бойынша «Акушерлік» модулінен тәжірибелік сабақтардың және иөж-ң тақырыптық жоспары
- •Пән «Визуалдық диагностика»
- •Қосымша:
Ф КГМУ 4/3-01/02
ИП №6 УМС при КазГМА
от 14 июня 2007 г.
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Акушерлік және гинекология кафедрасы
Мамандық 5B130100 – «Жалпы медицина»
«АКУШЕРИЯ» МОДУЛІНІҢ
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Оқу сағатының көлем: 1260
Курсы 6
Семестрі 11-12
Қарағанды 2012 ж.
Жұмыс бағдарламасы ҚР МЖМБС 3.07.475 – 2006 ж. мамандығы «5B130100 – Жалпы медицина», ҚР МЖМБС 5.04.019 – 2011 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпығаміндетті білім беру стандарты. Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер» және «Акушерия және гинекология» мамандығы бойынша интернатураның үлгілік бағдарламасы 2011 жылғы 20 қазандағы ҚР ДМ бекітілген №729 бұйрығы негізінде құрастырылған.
Жұмыс бағдарламасы акушерлік және гинекология кафедрасының отырысында қарастырылды
Хаттама № ____ ___.___. 20____ ж.
Кафедра меңгерушісі ______________________ Г.К. Мамалинова
Жұмыс бағдарламасы емдеу ісі, педиатрия, шығыс медицинасы және интернатура факультетінің Әдістемелік кеңесінде талқыланды
Хаттама № ____ ___.___. 20____ ж.
Төрайымы ______________________ В.Б.Ташкенбаева
ҚММУ Оқу-әдістемелік Кеңесінде мақұлданды
Хаттама № ____ ___.___. 20____ ж.
Бекітілді
ҚММУ оқу-әдістемелік және тәрбие
жұмысы жөніндегі проректор _______________________ А.С.Кусаинова
___.___. 20____ ж.
Кіріспе:
Акушерия және гинекология – дәрігерлік мамандықтың негізгі тарауының бірі, оның мақсаты ұрықталумен, жүктілікпен, босану және босанғаннан кейінгі кезеңмен байланысты, сондай-ақ әйелдер өмірінің әртүрлі кезеңдеріндегі физиологиялық және патологиялық процесстерін зерттеу.
Интернатура - дипломнан кейінгі медициналық білім берудің негізгі түрі, оның мақсаты акушерия мен гинекологиядағы ішкі патологиялар мен шұғыл жағдайлар мәселелерін терең талқылай алатын білікті акушер-гинеколог дәрігерін екіжылдық даярлау.
Интернатурада оқу кезінде алған білімдер, іскерліктер мен машықтар дәрігерлерге барлық акушериялық-гинекологиялық бөлімдерінде дербес жұмыс істеуге, құрылымдық бөлімдерді басқаруға мүмкіндік береді.
Акушер-гинеколог интерндерін оқыту курсына практикалық машықтарға оқытудан басқа дәрістерді, семинарларды, клиникалық және ғылыми‑практикалық конференцияларды өткізу кіреді, сондай-ақ ұсынылатын әдебиеттерді өз бетінше оқу кіреді.
Модулдің мақсаты: кәсіптік білім беру стандарттарының талаптарына сай келетін, акушерия, перинатология мен гинекология саласында диагностикалық, емдік, шұғыл, реабилитациялық және профилактикалық шараларды өздігінен жүргізу үшін қажет міндетті білім, іскерлік және практикалық машықтарға ие акушер-гинеколог дәрігер маманды даярлау.
Негізгі міндеттері:
Жүктіліктің физиологиялық және патологиялық кезінде жүкті, босанып жатқан әйелдерді, жаңа босанған әйелдерді тексеру, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдегі нәрестені антенаталдық қорғау, репродукциялық ағзалардың және репродукциялық жүйенің патологиясы бар науқастарды қорғау бойынша іскерліктері мен практикалық машықтарды жетілдіру.
Жүкті әйелдерді, босанып жатқан әйелдерді, жаңа босанған әйелдерді тексерудің зертханалық, аспаптық әдістері мен диагностикасын түсіндіру бойынша интерндердің білімі мен іскерлігін жетілдіру.
Жүктілікке, босануға, босанғаннан кейінгі кезеңге, экстрагениталдік ауруларға және хирургияға патологияға байланысты патологиялық жағдайларды саралау диагностикасы бойынша білімдері мен іскерліктерін тереңдетуге.
Жүктілік кезінде, босанған кезде, босанғаннан кейінгі кезеңде пайда болатын патологиялық жағдайларды емдеудің қазіргі заманғы әдістері туралы білімдерін толықтыру.
Жүкті әйелдермен жұмыс жүргізуде коммуникативтік машықтарын жетілдіру.
Кәсіби қызмет барысында үздіксіз кәсіптік оқуға және өздерінің білімдері мен машықтарын жетілдіру қажеттілігін дарыту.
Альтуризм, рақымдылық, аяныштылық, жауапкершілік, адалдық және құпиялылық принциптерін сақтау сияқты кәсіби құндылықтарды ұстануды дамыту.
Топта жұмыс істеу машықтарын, диагностикалық және емдеу процесін ұйымдастыру мен басқару машықтарын дамыту; интерндерді ағымдағы, есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізуді үйрету.
Оқытудың соңғы нәтижелері
Дескрипторлар |
Оқытудың соңғы нәтижелері |
Компетенциялар |
|
А |
Оқып жатқан аймақтың алдыңғы қатардағы білімінің элементтері мен түсінігін демонстрациялау. |
Акушерия пәнінің мақсаты мен міндеттерінің болашақтағы мамандық үшін маңыздылығын анықтау |
1,3,6,8 |
Әйел өмірінің жастық кезеңдерін суреттеу, жас аспектісіндегі репродуктивті жүйедегі мүшелердің негізгі анатомиялық және функционалдық өзгерістерін сипаттау. |
1,2,3,4,6 |
||
Ағзаның функционалдық жүйесі мен оның реттелу деңгейінің және әйелдің етеккір қызметінің физиологиясы мен патологиясының өзара байланысын атау. |
1,3,4,6,7 |
||
Акушериялық ауруларды төмендетуде санитарлық-ағарту жұмысының ролін түсіндіру. |
1,3,4,6,7 |
||
Жанұяны жоспарлау және әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау принциптерін атау. |
1,3,4,6,7 |
||
Акушерлік патологиялардағы зертханалық көрсеткіштерді сараптау. |
1,3,4,6,7 |
||
В |
Осы білімдері мен түсініктерін кәсіби деңгейде қолдану |
Репродукциялық денсаулықты бағалау. Жанұяны жоспарлауда қазіргі заманғы контрацепция әдістерін қолдану. |
1,3,4,6,7,8 |
Контрацепция әдістері тиімділігінің медициналық критерийі және ДДСҰ-ның оларды қолдану жөніндегі практикалық ұсынымдары: «Жас ерекшелігі әртүрлі топтағы контрацепция, аборт жасатқан әйелдерде, босанған әйелдерде, жоғары қауіп тобындағы әйелдерде». Аудит негіздері. Құпия аудит негіздері. ҚР-да перинаталдық көмекті аймақтандыру |
1,3,4,6,7,8 |
||
Босанғаннан кейінгі кезеңнің патологиясына диагноз қою және емдеу тәсілін анықтау (хориоамнионит, босанғаннан кейінгі эндометрит, акушериялық перитонит, инфекциялық-уыттық шок, тромбоэмболиялық асқынулар, босанғаннан кейінгі мастит) |
1,3,4,6,7,8 |
||
Практикада төмендегі тақырыптар бойынша білімдерін қолдану: жатырдың айналуы, қағанақ суымен тығындалу, нәрестенің жіті гипоксиясы, асфиксия және нәрестелердің туылу кезіндегі жарақаты, нәрестенің гемолитикалық ауруы, іріңді-септикалық ауруы |
1,3,4,6,7,8 |
||
Ұрықбұзушы операциялар машықтарын, жетілген және шала туылған нәрестелердің реанимациясын, ерте неонаталді кезеңдегі қарқынды терапия машықтарын меңгеру |
1,3,4,6,7,8 |
||
Жарақатпен және асфиксияда туылған балаларды жүргізу. |
1,3,4,6,7,8 |
||
С |
Оқылатын аймақтағы аргументтерді анықтау және проблемаларды шешу |
ҚР ДСМ негізгі клиникалық хаттамаларына сәйкес плаценталық және босанғаннан кейінгі ерте кезеңдердегі қан кету әдістерімен күресуді қолдануды |
1,2,3,4,6,7,8 |
Акушерлік қан кетуде, нәрестелердің асфиксиясында, гипертониялық кризде, жіті ҚШҰ синдромында, кетоацедоттық және гипогликемиялық комада шұғыл көмек көрсете білуді. |
1,2,3,4,6,7,8 |
||
Ішке қан кету, гемодинамиканың бұзылу, гемостаздың бұзылуы кезінде, геморрагиялық шок кезінде, ҚШҰ синдромында, анасының босану жарақатында, қасағалық жіктің жыртылуы кезінде, босану қызметінің ауытқуында, клиникалық тар жамбасты, жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігін, тыныс алу жеткіліксіздігін диагностикалау және көмек көрсетуді. |
1,2,3,4,6,7,8 |
||
Ұрықтың жамбаспен жатуында босануды жүргізу. ЖІС енгізуді және алып тастауды. |
1,2,3,4,6,7,8 |
||
Қансырауды толықтыру принциптерін қолдануды. Гемотрансфузия. Жатырдан қан кетуді тоқтатудың қазіргі заманғы технологияларын |
1,2,3,4,6,7,8 |
||
Нәрестелер асфикисясын, гипертониялық кризді, жіті ҚШҰ синдромын, кетоацедоттық және гипогликемиялық команы, бүйрек функциясының жеткіліксіздігін, бауыр функциясының жеткіліксіздігін диагностикалауды. |
1,2,3,4,6,7,8 |
||
Жатырішілік құралдарды қолдануды, нәресте жамбасымен келген кезде фантомда Цовьянов әдісін қолдануды, акушерлік әдіспен іштегі нәрестені аяғына бұру, классикалық акушерлік әдісті фантомда қолдануды |
1,2,3,4,6,7,8 |
||
Іншекті, жатыр мойнағын және бұтараның жыртылуында жұмсақ тіндерді тігуді. Бұтара жыртылуының ІІ дәрежесін диагностикалауды және жарақатқа тігіс салуды. |
1, 2,3,4,6,7,8 |
||
Кіші жамбастың шығаберіс жазықтығында ұрықтың экстракция ваккумын жүргізуді, акушерлік әдіспен іштегі нәрестені аяғына бұруды |
1,2,3,4,6,7,8 |
||
D |
Әлеуметтік, этикалық, және ғылыми ойларды есепке ала отырып түсініктерді қалыптастыру үшін ақпарат жинау және түсіндіруді жүзеге асыру |
Пациентпен/туысқандармен алғаш байланыс орнату және емдеу процессінің тиімділігі үшін байланысты әрі қарай дамыту. |
1,2,3,4,6,7,8 |
Кәсіби тәртіп – сенімділік, жауапкершілік демонстрациялау. Өзін-өзі бағалау, өзін-өзі кемелдендіру, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттілігі, сынға байланысты әрекет. Стресс жағдайында кәсіби тәртіп. |
1,2,3,4,6,7,8 |
||
Медициналық этика принциптерінің және қоғамда дәрігердің ролі мен жаупкершілігін ұғыну негізінде тиімді қарым-қатынас машықтарын демонстрациялау. Дәлелдемелі медицина принциптеріне және денсаулық сақтау жүйесінің басқа да мамандарымен тиімді өзара әрекет ету негізінде пациенттің проблемаларын шешу мен шешім қабылдау машықтарын демонстрациялау. |
1,2,3,4,6,7,8 |
||
Негізгі хаттамаларға және ҚР ДСМ бұйрықтарына сәйкес акушерияда және гинекологияда фармакотерапия жүргізу. |
1,2,3,4,6,7,8 |
||
Негізгі есепке алу-есеп беру құжаттамасын, жүктілікті үзуге арналған медициналық құжаттаманы, партограмманы, жатырдың жиырылу функциясын бағалауды және нәрестенің антенаталді жағдайын бағалауды рәсімдеу. Диагноздарды МКБ-10 жіктемесіне сәйкес рәсімдеуді |
1,2,3,4,6,7,8 |
||
Ақпараттарды, идеяларды және проблемаларды шешуді мамандарға және маман еместерге хабарлау |
Әйелдер консультациясы мен стационар қызметінің көрсеткіштерін есептеуді |
1,2,3,4,6,7,8 |
|
Жүкті әйелдерді диспансеризациялауды. Ана мен перинаталдық өлім-жітімді төмендету мақсатында санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу, Жанұяны жоспарлау мен физиологиялық босануды ҚР ДСМ негізгі хаттамаларына сәйкес жүргізуді. |
1,2,3,4,6,7,8 |
||
Босанудағы ұрық жағдайын, нәрестені Апгар және Сильверман бағаналарымен бағалауды, қансырау дәрежесін, жүкті, босанатын, босанған әйелдер жағдайын бағалауды. |
1,2,3,4,6,7,8 |
||
Мерзімінен алдын босанудың басталуын, ұрық маңы суының босануға дейін төгілуін, кесар тілігі операциясына көрсеткіштерді диагностикалау және анықтау |
1,2,3,4,6,7,8 |
||
Жүктіліктің ерте және кеш пайда болған патологиясының белгілерін анықтауды (жүктіліктің үзілу қаупі, преэклампсия, дамымай қалған жүктілік және т.б.), жамбас пен ұрық басының өлшемдерінің сәйкестілігін, басталып келе жатқан мерзімінен алдын босануды анықтау |
1,2,3,4,6,7,8 |
||
Экстрагениталийлік патология кезіндегі, жүкті әйелдердің құсуы және гипертензиялық жағдайлар кезіндегі мерзімінен бұрын босандырып алу көрсетілімдерін негіздеуді |
1,2,3,4,6,7,8 |
||
Жүкті әйелдердің құсуын анықтау. Жүктілікпен, босанумен және босанғаннан кейінгі кезеңмен байланысты гипертензиялық жағдайларды анықтауды |
1,2,3,4,6,7,8 |
||
Жүктілік кезінде хирургиялық ауруларды анықтау. Аппендицит, холецистит, панкреатит, түйнек. Хирургиялық шара қолдану көрсетілімдерін анықтауды |
1,2,3,4,6,7,8 |
||
Жүктілікте, босанған, босанғаннан кейінгі кезеңдерде ЖИТС/АИТВ-ні анықтауды |
1,2,3,4,6,7,8 |
||
Жүктілікті аяғына дейін көтере алмауды, ИЦЖ-ні анықтауды, жүктіліктің табиғи мерзімінен асып кетуіне және ұзартылуына диагноз қоюды |
1,2,3,4,6,7,8 |
||
Босанғаннан кейінгі физиологиялық кезеңді жүргізуді. Кесар тілігінен кейін бұтараның жарақаты бар жаңа босанған әйелдерді емдеуді |
1,2,3,4,6,7,8 |
||
|
Плаценталық және босанғаннан кейінгі ерте кезеңдердегі қан кетумен күресу. |
1,2,3,4,6,7,8 |
|
Анасы мен нәрестенің іріңді-сепсистік асқынуларын алдын алуды, сыртқы акушерлік және вагиналді зерттеуді жүргізуді |
1,2,3,4,6,7,8 |
||
Босанған әйелдердің емшектеріне күтім жасауды, нәрестені төске салуды |
1,2,3,4,6,7,8 |
||
Ішкі және сыртқы акушерлік зерттеу әдістерін қолдануды, босанудың үшінші кезеңін белсенді жүргізуді |
1,2,3,4,6,7,8 |
||
Абдоминалдық босандыру кезінде ассистент болуды |
1,2,3,4,6,7,8 |
||
Е |
Өз бетінше оқуды әрі қарай жалғастыру қабілеті |
«Акушерия және гинекология» бағыты бойынша Магистратура және резидентура |
3,7,8 |