
- •Силлабус (жұмыс оқу бағдарламасы)
- •Оқу бағдарламасы бойынша сағаттарды бөлу
- •3. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу.
- •3. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •6.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •Студенттің білімін бақылау және бағалау
- •Оқу тәртібінің саясаты.
- •Глоссарий – сөздік
- •І Модуль: Қатысымның әлеуметтік-тұрмыстық саласы
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасы және ұлттық дәстүрлер
- •Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Қазақстанды сағынып жүрмін
- •2 Блок. Жас отбасы және дәстүр
- •6 Сабақ
- •Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер Грамматика: Заттың мөлшерлік және сапалық сипаты
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер
- •Жас отбасының негізгі шығындары
- •Қазақстандағы отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі
- •3 Блок. Тұрғын үй
- •Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы
- •Шаңырақ немесе отау көтеру Грамматика: Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі
- •Шаңырақ немесе отау көтеру салты
- •Пәтер интерьері
- •16‑Сабақ
- •Кішіпейілділіктен адам кішіреймейді
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Мамандығыңыз темпераментіңізге сай ма?
- •5 Блок.
- •Уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Студенттің бос уақыты.
- •Студент және уақыт
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыт –алтыннан қымбат
- •Уақытты бағалай біл
- •Фразеологизмдердегі мезгілдік мағынаның берілуі.
- •Күн тәртібі және денсаулық Грамматика: Іс-әрекетке бұйырудың берілуі
- •Күн тәртібі және денсаулық
- •Назар аударыңыз!
- •Уақытты қалай пайдаланып жүрмін?
- •Уақытты тиімді пайдалану
- •6 Блок. Саламатты өмір салты
- •Дені саудың - жаны сау Грамматика: Салдардың берілуі
- •Ауру – астан
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Денсаулықты күтудің жолдары
- •Дәрумендердің пайдасы
- •Пайдалы кеңестер
- •Тез жылынудың жолдары
- •7Блок. Менің Отаным – Қазақстан
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан Жай сөйлемдегі сөйлем мүшелері мен салалас құралас сөйлем бөліктері арасындағы байланыстың берілуі
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан - көп ұлтты мемлекет
- •Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені
- •Анықтауыштық қатынастың берілуіне назар аударыңыз.
- •Халықтық қолөнер
- •Қазақ театр және кино өнері Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Алғашқы театр және кино өнерінің дамуы
- •Өнер жұлдыздары
- •Күләш Жасынқызы Байсейітова
- •Шәкен Кенжетайұлы Айманов
- •Ұлттық мәдениет тамыры
- •Ұлттық мәдениет
- •Грамматика: Кеңістіктік қатынастың берілуі (выражение пространственных отношений)
- •Айтыс өнері
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Күйші Дина
- •Нұрпейісова Дина
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Тыңдалымдар:
- •(Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен сұхбат)
- •Шипалы сазбен емделу
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Білімгерлердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Лист внесения изменения и дополнения
Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
(Выражение объекта, обозначающего содержание речи, мысли)
Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.
Көз алдында жүру, сапарға аттану, жолаушы, белестерден асу, оқтын-оқтын, шамшырақ, тұйыққа тірелу, сауал қою, қол бастау, сөз бастау, бағбан, балдақ, меселін қайтармау, жойқын қайсарлық, мәуелі бау-бақша.
Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.
Әке тәлімі
Ұлым менің!
Мен саған ғасырлар бұрынғы бабалар дәстүрі жайында айтып отырмын. Ал өзіміз кейде кеше ғана көз алдымызда жүрген аталар мен әкелер дәстүрін де ескере бермейміз ғой. Алыс сапарға аттанған жолаушы биік белестерден асқан сәттерінде оқтын-оқтын арқасына бұрылып, өзінің басып өткен жолын шамалап отырады. Мұның өзі сол жолаушыға дұрыс бағыт-бағдар ұстауына мүмкіндік береді.
Теңіз жағалауынан алыста жүзіп жүрген кемелер тұманды күндері адасып кетпеуі үшін порттағы биік бағаналар басына күндіз-түні өшпей, жарқырап жанып тұратын үлкен шамшырақтар іліп қояды.
Құлыным! Мені асырып айтып отыр деп ойлап қалма. Менің өз әкем өзіме сол шамшырақтар секілді көрінеді. Тұйыққа тірелген сәттерде мен: «Осындай кезде әкем не істер еді?» деп өзіме-өзім сауал қоямын. Сол сұраққа әкемнің тұрғысынан жауап іздеп табуға өзімше әрекет жасаймын. Дегенмен, айтар ойым түсінікті болу үшін әкем туралы қысқаша баяндап берейін. Оның үстіне, сен өз атаң жайында неғұрлым көбірек біле түскенің жөн ғой.
Менің әкем қол бастаған батыр да, сөз бастаған шешен де емес еді. Қарапайым бағбан болатын. Қарапайым деймін-ау, әкемнің бағбандық өнерін күллі Келес әлі күнге аңыз етіп айтады.
Тегінде, адам бойындағы жақсы қасиеттердің бәрі де мейірімділіктен бастау алса керек. Әкем туралы ойлағанда ұдайы осындай тұжырымға келемін.
Кешегі сұрапыл соғыстан әкем қос балдаққа сүйеніп оралды. Әкемнің балдаққа сүйеніп, кетпен шауып жатқаны әлі көз алдымда тұр. Бұған бала кезде жете мән бермеген екем. Ер жеткенде ғана әкемнің қанды майданның өзі де меселін қайтара алмаған жойқын қайсарлығына қайран қалдым.
Айналасын биік көк теректер тізбегі қоршаған шағын үйіміздің алды көктем шығысымен-ақ қызыл-жасыл, хош иісті гүлдерге оранып, түрлі-түсті кілемдей құлпырып кететін. Әкем алуан түрлі гүлдерді өсіруге құштар еді. Мен әкемнің сұлулыққа соншалықты құштар жан болғанын есейген шағымда ғана түсіндім. Мұндай құштарлық тек жаны мөлдір жандарға ғана тән қасиет шығар деп ойлаймын.
Ауыл шетіндегі егістікке жарамсыз жатқан екі-үш гектардай жерді әкем сұрап алды. Өзіне емес, ауыл үшін мәуелі бау-бақша екті. Бәрін балдаққа сүйеніп, жалғыз өзі істеді. Бірнеше гектар жерді алып жатқан осы бір ауыл бау-бақшасының қожасы да, бағбаны да, қарауылы да әкемнің жалғыз өзі еді.
(Немат Келімбетов. «Жарлы емеспін, зарлымын» кітабынан.)
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Алыс сапарға аттанған жолаушы неге артына бұрылып қарайды?
2. Неліктен жазушы ұлының өз атасы туралы көбірек білуін қалады?
3. Жазушының әкесін ел неліктен аңыз қып айтады?
4. Әкесінің қос балдаққа сүйеніп, жұмыс істеуінің мәнін баласы қай кезде терең түсіне бастады?
5. Бос жатқан жерді сұрап алып, баққа айналдыру себебі неде деп ойлайсыз?
6. Гүлді сүю адам жанын неге бастайды?
1-жазылым. Берілген жоспар бойынша шығарма жазыңыз.
1. Әкем – менің шамшырағым
2. Бау-бақшаны сүю
3. Ерен еңбек пен қос балдақ
2-жазылым. Біреудің сөзін, ойын жеткізе жазыңыз.
Үлгі: Менің өз әкем өзіме сол шамшырақтар секілді көрінеді. Жазушы әкесі өзіне сол шамшырақтар секілді көрінетінін айтады.
Тыңдалым.
Абай жеткізген сәлем
Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.
Диалогке негіз болған жағдаятты көрсетіңіз.
A) Абай мен Құлыншақтың сәлемдесуі
B) Абайдың Құлыншаққа сәлем жеткізе келуі
C) Борсақ пен Құлыншақтың жайлауға қоныстануы
D) Борсақтың Құнанбайға қоныс ететін жер сұрап, сәлем айтуы
Құлыншақтың көзқарасын анықтаңыз.
A) Біреудің сәлемін жеткізу – парыз
B) Қыстау – ауыл қоныс тебетін жайлы мекен
C) Әр рудың өз жайлауы мен қыстауы болады
D) Құнанбайдың өтінішін аяқсыз қалдыруға болмайды.
Диалогке сәйкес сөйлемді көрсетіңіз.
A) Абай әке сәлемін жеткізу міндетін мойнына алды.
B) Құлыншақ Құнанбайдың сәлеміне орай, қыстауды бермек болды.
C) Жайлау мен қыстауды бөлісу – қазақ ауылдары үшін өзекті мәселе.
D) Жерді келісіммен де, иелік жөнімен де алып, жайласуға болады.
Диалогтегі негізгі ақпаратты көрсетіңіз.
A) Абай Құлыншақтан ел жағдайын сұрады.
B) Борсақ пен Құлыншақ Бетқұдыққа қатар қонбақ.
C) Бетқұдық жері Борсақ ауылының қоныс тебуіне қажет болды.
D) Қазақ дәстүрінде үлкендердің аманатын орындау парыз саналады.
Диалогте қазақ халқының қандай дәстүрі көрініс берген?
A) Жастың үлкенге сәлем беру дәстүрі
B) Жер дауын өзара келісіп шешу дәстүрі
C) Біреудің сәлемін екінші кісіге жеткізу дәстүрі
D) Жайлау, қыстау жерлерін келісіммен иелену дәстүрі
Анықтама
көз алдында жүру – здесь: быть всегда на виду
сапарға аттану – отправиться в путь
жолаушы – путник
белестерден асу – жолдардан өту – преодолевать плоскогорье
оқтын-оқтын – периодически, время от времени
шамшырақ – маяк, светила, светильник
тұйыққа тірелу – попасть впросак
сауал қою – сұрақ қою,задавать вопрос
қол бастау – әскер бастау,вести за собой отряд(воинов)
сөз бастау – шешен болу, жақсы сөйлей алу,начинать говорить,заговорить
бағбан – садовник, садовод
балдақ – костыль
меселін қайтармау – сұрағанын беру,не отказывать в просьбе
жойқын қайсарлық – ерекше күштілік – необычайно волевой
мәуелі бау-бақша – плодоносный сад
Тезаурус
қыстау – қысқы мекен
жайлау – жазғы мекен, жазғы мал жайылымына арналған жер
үлес алу – өзіне тиісті жер, зат, т.б. алу
сәлем айта келу – біреудің айтқанын жеткізу
5-сабақ