
- •Силлабус (жұмыс оқу бағдарламасы)
- •Оқу бағдарламасы бойынша сағаттарды бөлу
- •3. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу.
- •3. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •6.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •Студенттің білімін бақылау және бағалау
- •Оқу тәртібінің саясаты.
- •Глоссарий – сөздік
- •І Модуль: Қатысымның әлеуметтік-тұрмыстық саласы
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасы және ұлттық дәстүрлер
- •Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Қазақстанды сағынып жүрмін
- •2 Блок. Жас отбасы және дәстүр
- •6 Сабақ
- •Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер Грамматика: Заттың мөлшерлік және сапалық сипаты
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер
- •Жас отбасының негізгі шығындары
- •Қазақстандағы отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі
- •3 Блок. Тұрғын үй
- •Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы
- •Шаңырақ немесе отау көтеру Грамматика: Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі
- •Шаңырақ немесе отау көтеру салты
- •Пәтер интерьері
- •16‑Сабақ
- •Кішіпейілділіктен адам кішіреймейді
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Мамандығыңыз темпераментіңізге сай ма?
- •5 Блок.
- •Уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Студенттің бос уақыты.
- •Студент және уақыт
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыт –алтыннан қымбат
- •Уақытты бағалай біл
- •Фразеологизмдердегі мезгілдік мағынаның берілуі.
- •Күн тәртібі және денсаулық Грамматика: Іс-әрекетке бұйырудың берілуі
- •Күн тәртібі және денсаулық
- •Назар аударыңыз!
- •Уақытты қалай пайдаланып жүрмін?
- •Уақытты тиімді пайдалану
- •6 Блок. Саламатты өмір салты
- •Дені саудың - жаны сау Грамматика: Салдардың берілуі
- •Ауру – астан
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Денсаулықты күтудің жолдары
- •Дәрумендердің пайдасы
- •Пайдалы кеңестер
- •Тез жылынудың жолдары
- •7Блок. Менің Отаным – Қазақстан
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан Жай сөйлемдегі сөйлем мүшелері мен салалас құралас сөйлем бөліктері арасындағы байланыстың берілуі
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан - көп ұлтты мемлекет
- •Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені
- •Анықтауыштық қатынастың берілуіне назар аударыңыз.
- •Халықтық қолөнер
- •Қазақ театр және кино өнері Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Алғашқы театр және кино өнерінің дамуы
- •Өнер жұлдыздары
- •Күләш Жасынқызы Байсейітова
- •Шәкен Кенжетайұлы Айманов
- •Ұлттық мәдениет тамыры
- •Ұлттық мәдениет
- •Грамматика: Кеңістіктік қатынастың берілуі (выражение пространственных отношений)
- •Айтыс өнері
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Күйші Дина
- •Нұрпейісова Дина
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Тыңдалымдар:
- •(Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен сұхбат)
- •Шипалы сазбен емделу
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Білімгерлердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Лист внесения изменения и дополнения
І Модуль: Қатысымның әлеуметтік-тұрмыстық саласы
1-Блок: ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ
1-сабақ
Отбасы – шағын мемлекет
Субъектілік-предикаттық қатынастың берілуі
Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.
Отбасы берекесі, дүниетаным, сана, құя білу, баулу, шектелмеу, тұжырым, сүрінбеу, бірлік, тірлік.
Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.
Отбасы – шағын мемлекет
Қазақ халқы ерте заманнан-ақ отбасы берекесі, татулық, шаңырақтың беріктігі туралы дүниетанымын қалыптастыра білген. Баланы жас кезінен бастап үлкендерді сыйлап, ақыл-кеңестерін тыңдауға үйреткен. Олардың санасына ата-ана алдындағы парыз, Отан алдындағы міндеттерді құя білген. «Үйлену – оңай, үй болу – қиын» деп, асығып үйленудің арты жақсы отбасы болуға апара бермейтінін түсіндірген. «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» дей отырып, үлкенді құрметтеуді, ата-ананы сыйлауды міндеттеген. Өзің әке-шешеңе қалай қарасаң, балаларың да саған солай қарайды деп айта отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға баулыған. «Анасына қарап, қызын ал» деген аталарымыз ертең-ақ бір үйге келін болатын қыз баланың анасына да қатаң талаптар қоя білген. Өзі жақсы ана қызына да жақсы тәрбие бере алатынына сенген. «Өз отбасыңмен ғана шектелмей, елді де көркейтуге тырыс, ел алдындағы парызыңды естен шығарма» деген тұжырымын «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген мақалға сыйғызған.
Кез келген шаңыраққа бала бақыт әкеледі. Қазақ халқы үшін отбасындағы қыз өзге үйге кететін қонақ іспеттес, ал ер бала – шаңырақтың иесі. Ер жігіт өзінің жарын дұрыс таңдай білсе – бағы, нашар болса – соры. Халқымыздың айтқанындай, «Еркек – үйдің егесі, әйел – үйдің шегесі».
Жас баланың тәрбиесі – ата-анаға артылар зор міндет. Анасына қарап қызын алған, әкесіне қарап ұлын таныған халықтың даналығы. Отбасы сыйластығы – бала бақытына апарар жол. Ата-анасын сыйлаған ұл халқын да сыйлар азаматқа айналады. Сыйластығы жарасқан, бір-бірін ғана емес, ауыл-аймақты, үлкен-кішіні құрметтеп тұратын жанұя мүшелеріне қызықпайтын адам болмайды. Тату отбасы өмірдің қиыншылықтарынан сүрінбей өтеді. Себебі «Бірлік бар жерде тірлік бар».
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Шаңырақтың беріктігі дегеніміз не?
2. «Үй болу» деген сөздің мағынасын білесіз бе?
3. Ата-анаға қандай талаптар қойылады?
4. Сыйластық тек отбасында ғана бола ма?
5. Сіз «Отан», «отбасы» деген ұғымдарды бірдей деп ойлайсыз ба?
1- жазылым. Сөйлемнің сыңарын табыңыз.
Аталарымыз баланы жас кезінен бастап үлкендерді сыйлап, ..............
Үйлену – оңай, ..........
3. Асығып үйленудің арты ..........
4. Өзің әке-шешеңе қалай қарасаң, ............
5. Анасына қарап, ............
6. Ел болам десең, .............
7. Тату отбасы өмірдің қиыншылықтарынан........
8. Бірлік бар жерде .........
2-жазылым. Мәтіндегі предикатқа, субъектіге назар аударыңыз. Кейбір сөйлемдерді іріктеп алып, сұрақ қойыңыз.
Үлгі:
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген мақалдың мағынасы терең. Мақалдың мағынасы нені білдіреді?
Тыңдалым
Ақын Мұхтар Шахановпен сұхбат
Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.
Сұхбаттың мақсатын анықтаңыз.
A) Қажымұқанның асқан балуандығын таныту.
B) Қазақтың қонақ күту дәстүрін жоғалтпау.
C) Қажымұқандай балуанмен кездесуді еске түсіру.
D) Қазақ әйелдерінің дархан көңілін көрсету.
Диалогтегі негізгі ақпаратты көрсетіңіз.
A) Бала Мұхтардың санасында қалған ұмытылмас кездесу.
B) Қажымұқандай балуан жігіттердің қазір болмауы.
C) Отбасындағы жалғыз баланың еркелігі.
D) Қонақ күту – отбасыға сын.
Диалогке сәйкес ақпаратты көрсетіңіз.
A) Қазақтың ұлы палуанын сыйлау – абыройлы іс.
B) Баланың еркелігіне ата-анасы ұялады.
C) Қажымұқанның тұлғасы таудай болатын.
D) Қонақасыға ауыл қариялары да шақырылды.
Диалог мазмұнында жауабы бар сұрақты табыңыз.
A) Мұхтар ақында Қажымұқан туралы жыр бар ма?
B) Қажымұқан баланың еркелігіне түсіністікпен қарады ма?
C) Атақты балуанда басқа да өнерлер бар ма еді?
D) Ата-анасы бала Мұхтарды балуан болар деп ойлаған ба?
Диалог мазмұнында жауабы жоқ сұрақты табыңыз.
A) Мұхтар жалғыз болғандықтан ерке болып өскен бе?
B) Әкесі басқа мал болмаған соң, жалғыз ешкіні сойғызды ма?
C) Мұхтар еркелігін тек Қажымұқанға ғана істеген бе?
D) Қажымұқанның салмағы екі жүз келіден асатын ба еді?
Диалогтегі қосымша ақпаратты көрсетіңіз.
A) Қазақ халқы қонағына қонақасы береді.
B) Ел сыйлаған балуан Шахановтар отбасында да болды.
C) Ақын Қажымұқанмен кездескенін ешқашан ұмытпайды.
D) Қажымұқандай балуанның өнерін қайталау – жігіттерге оңай емес.
Мұхтар ағаның ниетін білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.
A) Әке тәрбиесі адамдыққа жетелейді
B) Қазақ халқында дарынды перзенттері көп болған.
C) Елдің ізгі адамдарын сыйлау – ұлтты өсірумен тең.
D) Ұлы адамдармен кездесу – ақындыққа апарар жол.
Анықтама
отбасы берекесі – здесь: семейное счастье,семейное благополучие
дүниетаным – мировоззрение
сана – сознание
құя білу (фраз.) – сіңіру, құю
баулу – приучать, тренировать
шектелмеу – не ограничиваться
тұжырым –вывод, заключение
сүрінбеу – не промахнуться, не спотыкаться, не упасть
бірлік – единство
тірлік – жизнь, существование
құлагер рухты дала (фраз.) – еркін, азат ел, халық
сауын ешкі (фраз.) – сауып ішіп отырған ешкі – дойная коза
атып ұру (фраз) – сою – заколоть, зарезать
ауыл қарияларын түгел жинау – здесь: собирать старших,собирать всех старшин аула
қонақасы беру – давать званный обед
жамбастап жату –здесь: лежать на боку
қимыл-харакет – действие
денесіне шыбын қонған құрлы көрмеу (фраз.)– здесь: не обращать внимание
кеңк-кеңк күлу – отрывисто смеяться
әңгімесін жалғай беру – продолжить свой рассказ
тасқа басылғандай жазылып қалу (фраз.)– как отпечаток на камне
жалғыз ұл – единственный ребенок,единственный сын
талшық қылу (фраз.) – минимальные средства для поддержания существования
бір ауыз қарсылық білдірмеу (фраз.) – нисколько не возразить
ырза болу – быть довольным
қамын ойлау – заботиться
ізгі даралық (фраз.) – асыл қасиет, ерекше даралық, өзгеге ұқсамайтын асыл
мойындамау – не признавать
адамның өсуіне кедергі болу – препятствовать развитию человека
тән – свойственный, присущий
салқынқандылық – хладнокровие
жомартжандылық – щедрая душа
туа біткен қасиет - врожденное свойство, достоинство
Тезаурус
Шаңырақ – қазақ халқының ұғымында тек киіз үйдің шаңырағын ғана білдірмейді, бұл сөз жалпы үй, үлкен отбасының мекені деген ұғымды да білдіреді.
Бесік – сәби жататын тербелмелі жайлы орын.
Тірлік, тіршілік – өмір сүру.
2-САБАҚ