
- •Силлабус (жұмыс оқу бағдарламасы)
- •Оқу бағдарламасы бойынша сағаттарды бөлу
- •3. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу.
- •3. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •6.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •Студенттің білімін бақылау және бағалау
- •Оқу тәртібінің саясаты.
- •Глоссарий – сөздік
- •І Модуль: Қатысымның әлеуметтік-тұрмыстық саласы
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасы және ұлттық дәстүрлер
- •Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Қазақстанды сағынып жүрмін
- •2 Блок. Жас отбасы және дәстүр
- •6 Сабақ
- •Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер Грамматика: Заттың мөлшерлік және сапалық сипаты
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер
- •Жас отбасының негізгі шығындары
- •Қазақстандағы отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі
- •3 Блок. Тұрғын үй
- •Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы
- •Шаңырақ немесе отау көтеру Грамматика: Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі
- •Шаңырақ немесе отау көтеру салты
- •Пәтер интерьері
- •16‑Сабақ
- •Кішіпейілділіктен адам кішіреймейді
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Мамандығыңыз темпераментіңізге сай ма?
- •5 Блок.
- •Уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Студенттің бос уақыты.
- •Студент және уақыт
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыт –алтыннан қымбат
- •Уақытты бағалай біл
- •Фразеологизмдердегі мезгілдік мағынаның берілуі.
- •Күн тәртібі және денсаулық Грамматика: Іс-әрекетке бұйырудың берілуі
- •Күн тәртібі және денсаулық
- •Назар аударыңыз!
- •Уақытты қалай пайдаланып жүрмін?
- •Уақытты тиімді пайдалану
- •6 Блок. Саламатты өмір салты
- •Дені саудың - жаны сау Грамматика: Салдардың берілуі
- •Ауру – астан
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Денсаулықты күтудің жолдары
- •Дәрумендердің пайдасы
- •Пайдалы кеңестер
- •Тез жылынудың жолдары
- •7Блок. Менің Отаным – Қазақстан
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан Жай сөйлемдегі сөйлем мүшелері мен салалас құралас сөйлем бөліктері арасындағы байланыстың берілуі
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан - көп ұлтты мемлекет
- •Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені
- •Анықтауыштық қатынастың берілуіне назар аударыңыз.
- •Халықтық қолөнер
- •Қазақ театр және кино өнері Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Алғашқы театр және кино өнерінің дамуы
- •Өнер жұлдыздары
- •Күләш Жасынқызы Байсейітова
- •Шәкен Кенжетайұлы Айманов
- •Ұлттық мәдениет тамыры
- •Ұлттық мәдениет
- •Грамматика: Кеңістіктік қатынастың берілуі (выражение пространственных отношений)
- •Айтыс өнері
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Күйші Дина
- •Нұрпейісова Дина
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Тыңдалымдар:
- •(Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен сұхбат)
- •Шипалы сазбен емделу
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Білімгерлердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Лист внесения изменения и дополнения
Бақылауға арналған сұрақтар
1.Отбасы және ұлттық дәстүрлер
2.Жас отбасы және дәстүр
3. Жас отбасының негізгі шығындары
4. ҚР отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі
5. Қазіргі тұрғын үй
6. Уақыт – алтыннан да қымбат
7. Уақытты басқару - өнер
8. Салауатты өмір салты
9. Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені
10. Қазақ халқының дәстүрлі өнері
11. Халықтық қолөнер
12. Өнер жұлдыздары
13. Ұлттық мәдениет тамыры
14. Айтыстың түрлері
15. Күй өнері
Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
Бұл өздік жұмыстарында студенттер әртүрлі тақырыптар бойынша оқытушының алдын ала берген күнтізбелік тапсырмасына орай, жұмыстар жүргізеді. Осындай тақырыптар шегінде оларға Отан, ел, тіл туралы мақал-мәтелдер, қанатты сөздер беріліп, студенттер оларды талдап үйренеді. Соған орай, аталған тапсырмаларды орындау барысында орыстілді студенттердің қазақ тілінде сөйлеу, жазу дағдылары қалыптастырылады. Сонымен бірге, өздік жұмыста студенттердің дыбыстау дағдыларын қалыптастыру үшін патриоттық тақырыптағы өлеңдер беріледі. Оларды жаттау барысында қазақ тілінде сөйлеу актілері қалыптасса, оған қоса жаңа лексикалық минимумды игеру жұмыстары да қоса жүргізіледі.
Өздік жұмыс барысында, сонымен қатар, оларға жазба жұмыстарын жүргізу де мақсат етілген. Осындай жазба жұмыстарының негізгі түрі – эссе жазғызу. «Менің туған қалам», «Ұлттық дәстүрлер», «Өнер түрлері», «Қазақ өнері», «Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері», «Қазақстанның сыртқы саясаты» және тағы да басқа ұсынылған тақырыптар бойынша жазылған эсселер арқылы студенттердің жазылым дағдысы қалыптасады. Сондай-ақ жазу дағдысымен бірге олардың қазақ тілінде ойлау жүйесі де мейлінше артады. Бұларға қоса олар өз жұмысын жазу барысында жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланады. Соның негізінде, студенттердің мемлекеттік тілдегі сөз қорлары мейлінше еселенеді.
Білім алушыларға арналған өздік жұмыстары студенттердің академиялық сабақтарда алған тілдік дағдылары мен машықтарын бекітуге жәрдем жасайды.
Білімгерлердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар
Апталар |
Тақырып аты |
Тапсырма түрі |
Сағат саны
|
1 апта |
Отбасы құндылығы |
Ойталқы, пікір алаңына дайындалу
|
6 сағ. |
2 апта |
Қазақ халқының отбасына қатысты ұлттық дәстүрлері |
Баяндама әзірлеу. |
6 сағ.
|
3 апта |
Қазақстан республикасындағы халықтық санақ, демографиялық жағдаяттар |
Ғаламтор, БАҚ арқылы ақпараттар дайындау |
6 сағ.
|
4 апта |
Тұрғын үй жайлылығы |
Баяндама |
6 сағ.
|
5 апта |
Отау үй немесе жас шаңырақ |
Ой – пікір алаңын ұйымдастыру |
6 сағ.
|
6 апта |
Жаным – арымның садағасы |
Пікір алмасу. |
6 сағ.
|
7 апта |
Уақыт туралы қанатты сөздердің мағынасын тарқатыңыз. |
Эссе жазу |
6 сағ.
|
8 апта |
Адамның жас кезеңдері |
Баяндама әзірлеу |
6 сағ.
|
9 апта |
«Денсаулық – зор байлық» |
Сипаттама беру |
6 сағ.
|
10 апта |
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде. |
Реферат жазу |
6 сағ.
|
11 апта |
Бұл – қазақ елі! |
Эссе жазу |
6 сағ.
|
12 апта |
Біздің елдің жері мен табиғаты |
Реферат әзірлеу |
6 сағ.
|
13 апта |
Қолданбалы өнер – ұлттық мұрамыз |
ақпараттар әзірлеу |
6 сағ.
|
14 апта |
Ұлттық әдебиет пен мәдениеттің тамырлары |
Баяндама дайындау |
6 сағ.
|
15 апта |
Ғасырлардан жеткен жауһар өнер |
Бейне көріністер мен слайдтар |
6 сағ.
|