
- •Силлабус (жұмыс оқу бағдарламасы)
- •Оқу бағдарламасы бойынша сағаттарды бөлу
- •3. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу.
- •3. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •6.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •Студенттің білімін бақылау және бағалау
- •Оқу тәртібінің саясаты.
- •Глоссарий – сөздік
- •І Модуль: Қатысымның әлеуметтік-тұрмыстық саласы
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасы және ұлттық дәстүрлер
- •Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Қазақстанды сағынып жүрмін
- •2 Блок. Жас отбасы және дәстүр
- •6 Сабақ
- •Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер Грамматика: Заттың мөлшерлік және сапалық сипаты
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер
- •Жас отбасының негізгі шығындары
- •Қазақстандағы отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі
- •3 Блок. Тұрғын үй
- •Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы
- •Шаңырақ немесе отау көтеру Грамматика: Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі
- •Шаңырақ немесе отау көтеру салты
- •Пәтер интерьері
- •16‑Сабақ
- •Кішіпейілділіктен адам кішіреймейді
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Мамандығыңыз темпераментіңізге сай ма?
- •5 Блок.
- •Уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Студенттің бос уақыты.
- •Студент және уақыт
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыт –алтыннан қымбат
- •Уақытты бағалай біл
- •Фразеологизмдердегі мезгілдік мағынаның берілуі.
- •Күн тәртібі және денсаулық Грамматика: Іс-әрекетке бұйырудың берілуі
- •Күн тәртібі және денсаулық
- •Назар аударыңыз!
- •Уақытты қалай пайдаланып жүрмін?
- •Уақытты тиімді пайдалану
- •6 Блок. Саламатты өмір салты
- •Дені саудың - жаны сау Грамматика: Салдардың берілуі
- •Ауру – астан
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Денсаулықты күтудің жолдары
- •Дәрумендердің пайдасы
- •Пайдалы кеңестер
- •Тез жылынудың жолдары
- •7Блок. Менің Отаным – Қазақстан
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан Жай сөйлемдегі сөйлем мүшелері мен салалас құралас сөйлем бөліктері арасындағы байланыстың берілуі
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан - көп ұлтты мемлекет
- •Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені
- •Анықтауыштық қатынастың берілуіне назар аударыңыз.
- •Халықтық қолөнер
- •Қазақ театр және кино өнері Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Алғашқы театр және кино өнерінің дамуы
- •Өнер жұлдыздары
- •Күләш Жасынқызы Байсейітова
- •Шәкен Кенжетайұлы Айманов
- •Ұлттық мәдениет тамыры
- •Ұлттық мәдениет
- •Грамматика: Кеңістіктік қатынастың берілуі (выражение пространственных отношений)
- •Айтыс өнері
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Күйші Дина
- •Нұрпейісова Дина
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Тыңдалымдар:
- •(Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен сұхбат)
- •Шипалы сазбен емделу
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Білімгерлердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Лист внесения изменения и дополнения
(Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен сұхбат)
- Жақында бір пьеса жазып аяқтапсыз? Тапсырыспен жазыпсыз.
- Иә, Мағжан мен Зылиха жайлы. Жалпы тапсырыспен жазылған нәрседен қорқудың қажеті жоқ. Сұлтанғали Шүкіров деген жігіт қуыршақ театрына директор болып келіп, маған үш пьесаға тапсырыс берді. «Киелі алма», «Аққу-Жібек», «Құстар фестивалі». «Киелі алманы» өзі қойды, жақсы пікірлерге ие болды, «Аққу-Жібек» әлі күнге қойылып келеді, Қазақстаның көптеген театрларында қойылып жүр, қазір Петербург театры қолға алып, орысшаға аударылып, «О чем поют лебеди» деген атпен қойылмақшы. Ал «Құстар фестивалін» өзің білесің, әлемдік сахнаға шығып кетті. Ал Петропавл театрындағы Қуандық Қасымбеков Сәбит Мұқановтың 110 жылдығына Балуан Шолақ туралы пьеса жазып беруімді өтінген еді. Мен «мұндай тарихи тақырыпқа бармаймын, жаза алмаймын» деп алғашында бас тартқан едім. «Оқып көріңізші» деп қоймаған соң, 5-6 ай жүрдім. Кілтін таба алмай жүрдім, ең соңынды кілті табылды. Мұны жаздым ғой енді. Өздерің көрдіңдер. Көпшілік жылы қабылдады. Енді тағы тапсырыс беріп отыр. Мағжан туралы деген кезде баяғы репрессия, баяғы кісен, баяғы тергеу – не жазам, бәрі айтылған нәрсе ғой деп ойлағам. Талай пьеса жазылды. Бұл жолы да 3-4 ай зерттеп, «жазбаймын» дегеніме өкіндім. Мағжан – мұхит екен, Мағжан – айсберг екен. Оның өмірі ешкімге ұқсамайды. Өз қатарластарының ешқайсысына ұқсамайды. Азғантай өмірінде бәріне үлгерген. Өзі 20 жасынан қудаланды. Телегей теңіз шығарма жазған, жазушылардың манифестін жазған, «Педагогикасын» жазған, махаббатын да үлгерген. Мағжанды көрген қыз міндетті түрде ғашық болатын болған. Әсіресе маған Москвадағы өмірі ұнады. Пушкиннің сөздерін келтірдім. Пушкиннің сөзі бар: «и дернул меня черт с таким умом и талантом родиться в России» деген, сол сияқты Мағжан да сайтан азғырып осындай талантпенен біздің елде туды. Кейіпкерлерінің өзі Максим Горький, Валерий Брюсов, Зылиха, Сергей Есенин, Демьян Бедный. Осылардың арасындағы Мағжан, соларды таңғалдырған Мағжан. Мағжан орысша өлең жазған. Өзімнің Мағжанды керек деңгейінде көрсете алдым деп ойлаймын.(«Қазақ үні»).
18-сабақ тыңдалымы:
Сен гүлмісің? Қарағым сені кім еккен? Сезімбісің? Шыққансың қандай жүректен. Жанарда тұнған жалғыз тал әлде тамшы ма ең? Жалт етіп бірде кірпіктен ырғып дір еткен. Әнбісің әлде? Неткен үн сені шырқады? Әлде сен, қалқам, Бозарып атқан қыр таңы. Сезіп тұр санам, Сен өзің, сірә болғайсын Жалғандағы осы жақсының ғана ұрпағы. Қинама мені, Айтсайшы маған, сүйіктім! Адасып жүрген лағымысың, киіктің? Айтсайшы, қалқам, бұлағымысың әлде сен, Бұрқанып жатқан мендегі теңіз-күйіктің?
( М.Мақатаев)
19-сабақ тыңдалымы: Жүзіңде жазулы тұр
Біз бұл өмірде біреуді дөңгелек жүзді ат жақты, қалмақ бет, кең маңдай, тар маңдай деп жатамыз.
Мұнда тұрған ештеңе жоқ, әркімнің өз жаратылысы, өз пошым-пішімі бар. Алайда сонау көне кезеңнен тамыр тартып келе жатқан физиономистика ғылымына жүгінсек, адамның бет-әлпетіне қарап-ақ оның мінез-құлқын, өмір жолын болжап білуге болады. Біз енді оған жеке-жеке тоқталсақ. Беттің пішініне байланысты:
1. Сопақша бет. Саясаткерлер мен үкімет билігіне ие адамдарда жиі кездеседі. Ол сонымен бірге, адамның ақсүйек тұқымынан шыққандығын да көрстеді.
2. Сопақ бет. Ол адамның жалпы шамшылдықтан жұрдай екендігін танытады. Алайда, ол биік жақ, өткір көзді болса, онда ол-күшті, тіпті қиын-қыстау шақта өте қауіпті жан.
3. Дөңгелек жүзділік. Мейірбандықтың, ақ жарқын, ашықтықтың белгісі. Ондай адам жайлы тұрмыс үшін жанын салады. Ол-маңайымен тіл тапқыш, қарапайым турашыл, еңбекқор, айналасына жайлы, оларға қолайлы жағдай жасай алатын адам.
4. Атжақтылық. Ақсүйектігі басым адамға тән. Олардан іскер ұйымдастырушы, мықты басшы шығады. Оның жұртты бастауға икемі бар, зиялы, іскерлік қабілеті мол. Қажыр-қайраты мен ерік-жігері де бір басына жеткілікті.
5. Үшбұрышты бет пішін. Бұл жоғары интеллектен, зиялылықтан хабар береді. Мұндай адам сергек те сезімтал. Араларында қулыққа, айлакерлікке бейімдері де бар.
6. Төртбұрышты бет пішін. Бұл күресе білетін, бірақ өте шабан ойлайтын, бірбеткей және тікбақай адамға тән. Мұндай кескін әйелдерге бітсе, онда оның диктаторлық қабілеті бар және отбасында билік жасауға икемділеу болғаны, әрі бұл әйел өзін ер адам орнына балайды.
Төрт бұрышты бет пішіні бар адам дөрекіліктен де, қаталдықтан да ада емес. Бірақ не істесе де сабырмен, ақылмен істейді. Сөзіне ел сенетін, соңынан жұрт еретін көсемдер көбінесе осындайлардан шығады. Олар ойға алғанын жүзеге асыруда табанды.
7. Томпақ бет. Қырынан қарағанда томпақ бет кісі қалжыңға бейім, ақжарқын келеді.
20- сабақ тыңдалымы: Уақыт және адам
Уақыт құңдылығының мәнін Әзілхан Нұршайықов былай түсіндіреді: Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өткізбеу керек. Өмірдегі әрбір уақытын өз бойындағы қайрат-жігерін, ақыл-ойын өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға жұмсап, қалтықсыз еңбек етуге, сөйтіп өзі үшін де, өзгелер үшін де игіліктер жасауға жұмсауы керек.
Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай, өмірдің ізсіз, мазмұнсыз болмауын қадағалау керек.
Қазіргі жастық шақ адамның өмірінің қайратты да, мүмкіндігі мол тамаша шағы. Оны жылдың көктем мезгілімен салыстыруға болады. «Көктемнің бір күні - жылға азық», - дейді халық. Ендеше жастықтың бір күні - сенің бүкіл өміріңе азық деуге болады. Уақыт бар ғой деп бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма. Өмірдің ұзақ екені рас, бірақ ол біреу ғана. Зымырай шапқан асаудың мойнындағы арқан-дай шүбатылып, ол тез өтіп кетпек, оны өз тұсыңнан өте бергенде бас салмасаң, өтіп кеткеннен кейін қусаң да жете алмайсың.
Бүкіл әлемге танымал КСРО-ның Ғылымдар Академиясының академигі Отто Юльевич Шмидт (1891-1956) 14 жасында өз өмірінің жоспарын егжей-тегжейлі жасап қойған. Бұл жоспарында ол өз өмірінде қандай кітаптарды оқып бітіруі тиіс екендігін, қандай ғылымдарды игеруі керектігін, қандай мәселелерді шешуі керектігін және физикалық тұрғыдан даму жолдарын айқындап көрсеткен.
Алайда осының бәрін жазып, бұл істерге қанша уақыт кететіндігін есептеп келіп қалған кезде бұл бағдарламаны орындау үшін 900 жыл уақыт керектігін көреді! Ол жоспарын қысқартады, бұл қысқартылған бағдарламаға 500 жыл керек екен. Тағы да қысқартады, ақырында 150 жылға саятын бағдарлама шығады, осымен қысқартуын тоқтатады.
Өз өмірін сағат-минутына шейін жоспарлап қойған ол өмірінің аяғына шейін 150 жылға жоспарланған жоспарын орындайды. Ал ол неше жасында қайтты? 64 жасында!!! Яғни ол өз «нормасын» 3 еседей дерлік артық орындаған!
Кеңестік академик О.Ю. Шмидтің өмірлік стратегиясы мен тактикасы уақытты қалай бағалау және пайдалану керектігінің жарқын мысалы болып табылады. Егер адам уақыттың ағып жатқан өмір екендігін түсінсе, онда ондай адам өз өмірінде көп нәрсеге қол жеткізеді. (Ашық энциклопедиясынан алынды)
21- сабақ тыңдалымы: Студенттің бос уақыты.
«Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың». Адам баласына берілген баға жетпес құндылықтардың бірі - уақыт. Бүгінгі күні дамыған өркениетті елдерге бара қалсаңыз, кез келген адамның осы уақыт мәселесіне келгенде тым сараң екенін байқаймыз. Өйткені олар уақыттан ұтылған жағдайда көп нәрседен қағылатынын біледі.
«Қарыны тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» деп Абай атамыз айтпақшы, адамның бос отыруы оны түрлі зиянды әрекеттерге итермелейді. Сол себепті адамның өмірінде бос уақыт болмауы тиіс. «Кітабына үңілген бала, егінін егумен айналысқан егінші, қолы істегі тігінші, асүйде тамақ пісірген әйел зиян нәрселерді ойлауға уақыт таппайды» деп Ахмет Йассауи данышпан айтқандай, жұмысы көп адамның жамандық ойлауға да мұршасы келмейді.
Өйткені зерттеушілердің айтуынша, әсіресе, жастар арасында түрлі бұзақы топтарға қосылу, нашар қылықтарға үйірсектеу, секталарға бару, қылмыс жасау, моральдық азғындықтарға салыну не істерін білмей бос сандалып жүрген кездер де кездеседі екен. Ұзақ мерзімді демалыс кездерінде, басқа қалаға оқу, білім алуға кеткен жастарға үлкендер тарапынан қадағалау күшейтілмесе, айтарлықтай зардап әкелуі мүмкіндігін ескерген жөн.
Адамның бос уақытын болдырмау үшін ол әркез қозғалыста болу керек. Жұмыс істеген соң демалу керек деген түсінік бар. Демалу үшін теледидар қарау немесе жатып тынығудың қажеті жоқ. Бұны жұмыс істеп тынығу деуге болады. Яғни бір тірлікті бітірсе, дереу екіншісіне кірісу керек. Ақылмен айналысатын жұмысты істесе артынан, физикалық, денемен істейтін жұмыспен айналысу керек. Адамның миы жұмыс істеген кезде, денесі демалады. Ал денесі жұмыс істеген кезде, миы демалады. Осы қағиданы есте ұстап, уақытты ұтымды пайдалануға болады.
Уақытты тиімді пайдалануға ұлы ғалымдар және қазақ ғұламалары да үлкен жауапкершілікпен қараған. Отыз жасында қайтыс болған қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов артқа тастап кеткен қыруар еңбектерін есептесеңіз, 30 жылға қайта сыйғызу қиын. Өйткені ол уақытын үнемдеуді жақсы білген, өте аз ұйықтаған.
Дана халқымыз: «Адам баласы екі нәрсенің қадірін білмейді: бос уақыт және денсаулық» - дейді. Сол айтқандарға біз салғырт қарайтын секілдіміз. Өйткені бүгінгі күні уақыт өлтіретін нәрсе өте көп. Соның бірі - теледидар. Жасыратыны жоқ, бұл күнде көк сандығы жоқ үйді елестету қиын. Алайда осы теледидардың уақыттың нағыз жауы екеніне көпшілік көңіл бөлмейді. Орташа есеппен күніне үш сағат теледидар тамашалаған адамның жылдық осыған жұмсайтын уақыты 1095 сағатты құрайды екен. Бұл дегеніміз 45 түн мен 45 күнге тең. Есіл болған қайран уақыт! Ал теледидарға кеткен осы 1095 сағат ішінде қандай істер бітіруге болады, соны бір ойға алып көрейік. Бұл уақыт оқушының бір жылғы орташа оқу жылынан да артық. Яғни бір жыл оқымай қалдыңыз деген сөз. 1095 сағат ішінде ағылшын тілін өте жақсы меңгеруге болады. Яғни теледидардың кесірінен біз бір шет тілін үйрене алмай қалудамыз. Осы уақытта кітапты өте жай оқитын адамның өзі 25000 беттік кітапты оқып тауысады. Айта берсек мысал көп. Міне, теледидар көрудің өзі адамды қаншама игілікті істерден құр қалдыратын осыдан-ақ байқауға болады. (http://peterik.ru)
22- сабақ тыңдалымы: Уақыттың маңызы
Уақыттың тағы бір аңдушысы - ұйқы. «Көп білмек болсаң, аз ұйықта», «Түнгі ұйқысын түгел ұйықтаған адам мақсатына жете алмайды» деген халық даналығының астарынан түнгі уақыттарын шығармашылыққа арнаған, ұйқымен өткен уақыттарын өлдіге балап, өкініш білдірген Мұқағали ақынның мына бір ғибратты өлеңінен аңғарғандаймыз:
Түн маған ұйықтау үшін жаралмаған,
Ұйықтасын сапарларын тамамдаған.
Алдымда сапар жолы тарам-тарам,
Ұйықтасам, барлығынан қараң қалам.
Түн маған ұйықтау үшін берілмеген,
Ұйқы тең шала-жансар өлімменен.
Қанша менің өлді екен уақытым,
Ақ төсек, ала жастық кебіндеген?!
Көп ұйқыдан арылу үшін жүйелі түрде бір уақытта жатып, бір уақытта тұру керек. Ал ұйқыны азайтқыныз келсе, дәрігерлер алты ай сайын жарты сағатқа азайтуға кеңес береді. Сонымен бірге аса тойып жатар кезде тамақ жеу көп ұйқыға себеп болады. Себебі адамның асқазаны жұмыс жасаған кезде миы да жұмыс жасайды. Адамға ұйқы денесінің демалуы үшін емес, миы демалу үшін қажет екен.
Рас, уақыттың бұдан да басқа жауы - ғаламторда отыру. Оның пайдасынан зияны әлдеқайда көп. Қазірде жастарымыз осындай уақыттарын текке кетіріп өздерінің болашақтарына балта шауып жатыр ма деп қатты қорқам. Сол үшін үлкендер тарапынан қатты қадағалап, болашағына, еліне керекті, дұрыс бағыт-бағдар берсек, өз борышымызды өтеген болар ма едік? Біле-білгенге уақыт - зор мүмкіндік. Адам мүмкіндікті дер кезінде кәдесіне жаратып қалмаса, «қолын мезгілінен кеш сермесі» анық. «Уақыт адамзатпен санаспайды, ал уақытпен санасқан адам адаспайды» деп түйген халық нақылы мына бір дәмді оймен үндесе түскендей. ( http://www.elarna.com/koru)
23- сабақ тыңдалымы: Уақыт –алтыннан қымбат.
Қас қағым - бір секунд бір минут - 60 секунд
бір сағат - 60 минут
бір тәулік- 24 сағат
сүт пісірім - 30- 50 минут
шай қайнатым - бір жарым да 2 сағат
ет асым - 2 - 3 сағат
Күн түн мезгілдерінің аталуы
Ала кеуім - жер беті әлі жарықтанбай болар болмас бозғыл тартқан мезгіл
Құлан иек - таң жаңа сыз берген мезгіл
Таң сәрі - жерге алғаш жарық түскен мезгіл
Таңертең - таң атқаннан сәскеге деиінгі мезгіл
Сәске - күн шылбыр бойы көтерілген мезгіл
Сиыр түс - күн арқан бойы көтерілген мезгіл
Ұлы сәске - түске жақындаған мезгіл
Түс - сағат он екі мезгілі
тал түс - сағат бірлер мезгілі
шаңқайтүс - сағат үштер шамасы
ұлы бесін - сағат төрттер мезгілі
кіші бесін - ұлы бесін мен намаздігер аралығы
екінті - күн батуға жақындаған мезгіл
қызыл іңір - күннің қызылы батыстан әлі жоғала қоймаған мезгіл
кеш - күн толық батқан мезгіл
ақшам - қас қарайып, шам жағатын мезгіл
іңір - алғашқы түн
жарым түн - түннің ортасы
түн - қас қарайғаннан - таң атқанға деиінгі мезгіл
Алғашқы Ай күнтізбесі ежелгі Вавилонда шығып, онда әрбір 8 жылдың бесеуінің ұзақтығы 354 күннен, ал қалған үшеуінікі 384 күннен есептелді де жылдың орташа ұзақтығы (354 х 5 + 384 х 3) : 8 = 365, 25 күнге тең болды.
Араб күнтізбесі Ай қозғалысына негізделіп жасалынған. Ерте кезде әрбір 24 жылдың 15-і 12 айдан, 9-ы 13 айдан есептелді. 13-ай «Нәси» деп аталды. Біз-дің Ұлық Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 631 жылы нәсиді есептен шығарып тастап, содан бері араб жылы да он екі айдан құрала-тын болды.
Һижра есебі Бұл һижра есебіне дейін арабтар 24 жылдық циклден құралған Ай – Күн күнтізбелерін пайдаланып келді. Мұнда 12 айлық 15 жыл, 13 айлық 9 жыл бар еді. Осы күнтізбелерде жылдар – Күндік жылдың мөлшерімен, айлар – туар айдың мөлшерімен тең болғанды. Һижра есебі – тек Аймен ғана тікелей байланысты уақыт есебі. Ол бойынша жыл басы – жаңа туған Аймен басталады. Һижра есебі – 30 жылдық циклден құралған. Оның 19 жылы 354 күндік – жай жыл, 11 жылы 355 күндік – кібі- се (кәбиса) жыл. 30 жылдық циклде барлығы – 10631 тәулік бар. (www.info-tses.kz/red/article).
24- сабақ тыңдалымы: Күн тәртібі және денсаулық
Күнтізбе (орыс. календарь) – уақыт мезгілін есептеудің аспан денелерінің ауық-ауық қайталану ерекшелігіне негізделген жүйесі, анықтамалық басылым. Ежелгі Римде әрбір айдың 1-күні календы деп аталған. Азды-көпті мәдениетке қол жеткен халықтардың бәрінде де күнтізбе болған, өйткені онсыз шаруашылықты ұйымдастыру мүмкін болмады. Ерте замандағы халықтар қардың кетуі, өзендердің тасуы, т.б. құбылыстарға негізделген табиғи күнтізбелерді пайдаланған. Бірақ дәлдігі нашар, құбылмалы ауа райына тәуелді табиғи күнтізбелер халық қажетін қанағаттандыра алмады. Ақыры, адамзат уақыт есебін дүркін-дүркін дәйекті түрде қайталанып тұратын аспан құбылыстарына негізделген күнтізбелер бойынша жүргізетін дәрежеге жетті. Мұндай күнтізбелер алғаш Ежелгі Шығыс елдерінде шықты. Аспан денелерінің қозғалыстарына негізделген күнтізбелерді 3 топқа бөлуге болады: күн күнтізбесі, ай күнтізбесі және аралас күнтізбелер.
Күн күнтізбесі Мысырда шыққан. Мысырлықтар жыл ұзақтығын 365 тәулікке теңестіріп, оны әрқайсысы 30 күндік 12 айға бөлген, артық қалатын 5 күнді ешбір айға қоспай, құдайға құлшылық ететін күндер деп есептеген. Ол Еуропалық күнтізбелерге арқау болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 45 ж. Рим императоры Юлий Цезарь, астроном Созигеннің жобасы бойынша жаңа күнтізбе жариялады. Бұл күнтізбе Юлий күнтізбесі немесе ескі санат деп аталды. Юлий күнтізбесіндегі жылдың тропиктік жылдан 11 мин 14 с артықшылығы бар. Бұдан 128 жылда 1 күн, 384 жылда 3 күн жиналады. Осыны тұрақтандыру үшін Рим папасы Григорий ХІІІ 1582 ж. уақыт есебін 10 күнге ілгері жылжытып, 5-қазанды 15-қазан деп есептеу және әрбір 400 жылда 3 кібісе жылды жай жыл есебінде алу туралы жарлық шығарды. Уақыт есебінің бұл жүйесі Григорий күнтізбесі немесе жаңа санат деп аталады. Осы күні көптеген елдерде Григорий күнтізбесі қолданылады.
Алғашқы ай күнтізбесі ежелгі Вавилонда шықты. Онда әрбір 8 жылдың бесеуінің ұзақтығы 354 күннен, ал қалған үшеуінікі 384 күннен есептелді. Сонда жылдың орташа ұзақтығы (354.5+384.3):8=365,25 күнге тең болады.
Араб күнтізбесі де Ай қозғалысына негізделген. Араб жылы 12 айдан құралады. Әрбір 30 жылда 11 жыл 355 күннен, 19 жыл 354 күннен саналады. Нақты жылдан 11 күні кем болғандықтан, араб жылының басы жылжып отырады.
622 ж. арабша 1-жыл. Ол Мұхаммед пайғамбардың Меккеден Мединеге көшіп барған жылы. Жылдардың бұл жүйесі ай һижрасы деп аталады. Араб күнтізбесі араб елдерінде, Азия мен Африканың мұсылман дінін тұтатын көптеген елдерінде ресми қолданылады. Еврейлер ертеде Вавилон күнтізбесін қолданған, кейін біздің заманымыздан бұрынғы 4-ғасырда аралас күнтізбеге көшті. Еврейше жыл есебі біздің заманымыздан бұрынғы 3761 жылдан басталады. Яғни сол жылы “дүние жаралған”. Бұл күнтізбе Израиль мемлекетінде қолданылады. Ежелгі түркілер, негізінен, күн күнтізбесін пайдаланған. Кейін ол қазақ, өзбек, түрікмен, татар, әзербайжан, т.б. халықтардың күнтізбелеріне негіз болды. Қазақтар мүшел есебі мен тоғыс есебін де қолданған. Қазақстанда 1918 жылдан бері Григорий күнтізбесі қолданылып келеді. (Қазақ ашық энциклопедиясынан алынды).
25- сабақ тыңдалымы: Уақытты қалай пайдаланып жүрміз?
Күн тәртібі және денсаулық
Жер бетін мекен ететін барша адамзат «Уақыт» атты Билеушіге бағынады. Мәртебесі биік Уақыт жаһандағы жұртты өзіне бас идіріп, өзінің құлы етті. Қазақта «Уақыт керуеніне бөгет жоқ» дегендей бізбен санасуына да, оны тоқтатуға да пәрменіміз жоқ.
«Уақыт» ұғымы табиғи және тарихи құбылыстардың ауысып өткендігін білдіреді.Уақытты түсіну адамның өзінің жеке өмірі мен жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстармен өлшенетін ұғым болар. Жан-жағымыздағы табиғи құбылыстар, молекулалар мен атомдардың қозғалысы, жүректің соғуы т.т. Алайда, уақыттың өлшемін анықтау қоғамдағы, адамның өміріндегі даму процестеріне де тікелей байланысты. Уақыт бір орында тұрмайды. Ол ешнәрсеге қарамастан жылжуын жалғастыра береді. Ал, Жердегі уақытты өлшеу Ай, Күн, Жұлдыздар болмаса мүмкін болмас еді. Алғашқы уақытты өлшеу жүйесі б.з. дейін бірнеше мың жыл бұрын мемлекет пен мемлекеттік өркениеттің туған жерінде Таяу Шығыста пайда болған. Тәулікті 24 сағатқа, сағатты – 60 минутқа, ал әр минутты 60 секундқа бөлу Мысыр мен Вавилоннан бастау алады. Жеті күндік апта, жеті ғаламшар, жұлдыздар белгісінің бәрінің де тарихы осы елдің еншісінде. Шығыста уақытты өлшеудің негізгі жүйесі – күнтізбе болды. Күнтізбенің дамуына байланысты сол кездегі ғалымдар аса кіші хронологиялық кескіндерді де есептеп шығуға тырысты. Бұл зерттеулер Шығыста математикалық пен астрономиялық, физикалық білімдердің дамуына жол ашты. Ізденістерге шығыстықтардың уақытты анықтауға деген құштарлығы ғана емес, әлемдік заңдылықтар тарихын түсінуге, жаратылыстың мағынасын айқындауға ұмтылысы себеп болды. Уақыттың бір сызықтық есептеуі қарапайым реттеу мен күндерді есептеумен жүргізіледі. Ал, бүгінгі күнтізбелік уақыт белгілі бір сенімнің тұжырымынан басталады.
Бұрындары бабаларымыз дәл есептейтін сағаттың жоқтығынан, Жұлдыздық ай мөлшерін 28 күн етіп, сағат, минутсыз бөлшектемей, бүтіндей белгілеген. Өздеріңізге белгілі, бір жыл ішінде Ай мен Үркер 13 рет қана «тоғыса» алады. Мұны 28 күнге көбейтсек, Тоғыс есебінде 364 күн болады. Ертеде өркениетті деген елдердің өзі жыл есебін 360 күн деп белгілеген. Ал біздің ата-бабаларымыз болса, оны 364 күн деп дәл есептеп көрсеткен. қардың кетуі, өзендердің тасуы
PS. Бір минут, келесі минутты алмастырады, бір күн алдағы күнді, айлар өтеді, жылдар жылжиды. Жаһандық уақыт бір өлшемге бағынатынына қарамастан, жеке адамдар үшін белгілі бір уақыт ұзақ немесе қысқа болып өлшенеді екен. Алуан адамға сол бір сәт әртүрлі мағына беруі де мүмкін. Адамзаттың «уақыт» атты өте күрделі жүйені ойлап тапқан сәтінде, өздері сол уақытқа бағынарын білсе керек. Адам жүйесі өте күрделі. (Қазақ ашық энциклопедиясынан алынды.)
26-сабақ тыңдалымы: Дені саудың - жаны сау
Мәтінді мұхият тыңдаңыз.
Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан.. Сондықтан таңдауымыз - салауатты өмір салтын сақтау. Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап осы ұстанымды басшылыққа алып келеді. Қоғамның денсаулығы – бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру міндетін жүзеге асыру жолындағы басты тірек.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығына баса назар аударып, Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» бағдарламасында: «Егеменді еліміздің болашағы – жастар, олардың денсаулығы мықты болып, шынығып өскендері жөн. Негізі осы кезден қаланатын болса, өмірге өскелең ұрпақ келеді. Бірақ бізге әрдайым қалың бұқара үшін адамдарды емдейтін дәрігерлерден гөрі, оларды үйрететін,
адамдарға бағыт көрсететін, оларды үлгі-өнегелерімен еліктіріп, ілестіріп жүретін ұстаздар керек. Оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту бүгінгі мектептердің басты мақсаттарының бірі болып отыр. Әрбір адам салауатты өмір салтын ұстанып өмір сүруі үшін, аурудың алдын алуы және болдырмауы үшін дұрыс тамақтануы, қоршаған ортаны жақсартуы, дене тәрбиесімен айналасуы керек. Есірткілерді, темекі мен алкогольды тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтау үшін күрес жүргізу керек. Денсаулық – әлеуметтік байлықтың негізі, сондықтан оны сақтап, нығайтуға барлық жағдайлар жасалуы қажет. Салауатты өмір салтын қалыптастыру процесі – ұзақ мерзімді қажет ететін баяу процесс, дегенмен бұл қазіргі таңда денсаулықты сақтаудың ең тиімді әдісі болып табылады» дейді. Дені сау ұрпақ, қоғамның қуаты демекші, қай халықтың болса да болашағы жастардың денсаулығына тікелей байланысты. Сондықтан дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын жас ұрпақ тәрбиелеу өз қолымызда.
«Өмір қозғалысты талап етеді» деп Аристотель айтқандай, адамда қозғалыссыз өмір жоқ. Мұны әркім білуі тиіс, ұзақ өмір сүргің келсе қимыл- қозғалыста болу керек. Адамдарда аз қозғалудың нәтижесінде аурушандық пайда болады. «Салауаттылық – саулық кепілі, ал саулық – байлық негізі» деген қағиданы естен шығармау керек..
27-сабақ тыңдалымы: Ауру – астан
Мәтінді мұхият тыңдаңыз.
Дұрыс тамақтану мен күнделікті ас мәзірінің әртүрлі болуы денсаулыққа ие болу мен ұзақ өмір сүрудің кепілі болып табылады. Адам баласы өз денсаулығын күтсе ғана денсаулығын жақсы сақтай алады. «Ауру – астан, дау – қарындастан» деген сөзді үнемі есте ұстап, күнделікті тұтынатын тамағымызға ой жүгіртіп, денсаулыққа зиянды өнімдерді пайдаланбаған дұрыс. Тамаққа қатысты үнемі есте ұстайтын нәрсе – тұзды шектеу. Тұз адам ағзасына қатты әсер етеді. Сонымен бірге майлы ет, сары май, қаймақ сияқты майлы тағамдарды да аз мөлшерде қолданған дұрыс. Майлы тағамдарды, тәтті тағамдарды шамадан тыс жеу ағзада зат алмасуды бұзып, семіздікке әкеледі. Ал майлы, тәтті тағамдарды шектеп, ас мәзіріңізді мұхият қадағалап отырсаңыз артық салмақтан арыласыз әрі қандағы холестериннің мөлшері азаяды. Көшеде сатылатын донер, самса, чизбургер сияқты толып жатқан құрғақ тамақтарды мүмкіндігінше жемеген дұрыс. Олар адам денсаулығының бұзылуына бірден-бір кері әсерін тигізеді.
(«Денсаулық» журналынан).
28-сабақ тыңдалымы: Тазалық – денсаулық кепілі
ТЫҢДАЛЫМ
Мәтінді тыңдаңыз.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болуын қадағалауы тиіс. Ол үшін ең әуелі әрбір адам жеке басының тазалығын сақтауы керек. Күнделікті бір уақытта тұрып, бөлмені желдетіп, жаттығу жасауы, тісін тазалап, беті-қолын жууы керек. Таңғы, түскі және кешкі асты ішердің алдында, сабақтан, жұмыстан келгеннен соң міндетті түрде қолын сабындап жуған жөн. Кешке жатар алдында жуынып, бөлмені желдетіп алсаңыз түнде жақсы ұйықтайсыз әрі жақсы демаласыз. Адамның жақсы ұйықтауы үшін көрпе-жастықтың гигиеналық рөлі ерекше. Олар ауаны жақсы өткізетін, оңай жуылатын болуы керек. Көрпе-жастықтың тыстарының кенеп, мақта маталардан тігілгені пайдалы. Өйткені олар ыстықтатпайды, ауаны жақсы өткізеді де дененің еркін демалуына септігін тигізеді. Төсек-орынды кем дегенде 7-10 күнде ауыстырады. Күндіз оларды арнайы орынға немесе шкафқа жинап қойған дұрыс.
(«Жан мен тән саулығы» газетінен).
29-сабақ тыңдалымы
Мәтінді мұхият тыңдаңыз.