Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ахметова УМК 1-курс Ахметова 6.09 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

Күйші Дина

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Аспап, ұлттық құндылық, перне, тиек, әртіс, көрнекті, құлағы, сан ғасырлар, шерпе күй, дыбыс, таста қашалған, үйренген, бата, үлкен өнер, риза болу, белес, арқау.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Нұрпейісова Дина

Күйші-композитор, қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткері, Қазақ КСР Халық артисі Дина Нұрпейісова 1861 жылы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданы, Бекетай құмында дүниеге келген.

Дина домбыраны 9 жасында әкесі Кенжеден үйренген.

1870 жылы ол Құрманғазымен тұңғыш рет кездеседі. Жас Динаның өнеріне риза болған Құрманғазы бата береді. Бұл кездесу болашақ үлкен өнер иесі Динаның шығармашылық тағдырына зор әсер етті.

Дина шығармаларының негізгі арқауы – халық музыкасы. Динаның тырнақалды «Бұлбұл», «Байжұма», «Көгентүп» атты күйлерінен халық шығармаларының дәстүрі айқын аңғарылады.

Дина шығармаларындағы жаңа бір белес оның «1916 жыл» деген күйінен басталады. Бұл шығарма қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалысына арналған. 1937 жылы Халық өнерпаздарының Республикалық байқауына қатысып, бірінші жүлде алған. Дина 1939 жылы Мәскеуде өткен халық аспаптары орындаушыларының Бүкілодақтық байқауына қатысты. Күйшінің «Әсем қоңыры», «Тойбастары», «Ана аманаты», «Жеңіс», «Еңбек Ері», «Сауыншы» атты күйлері – замана тынысын, өз замандастарының бейнесі мен мұрат-мақсатын күй тілінде өрнектеген шығармалар. Құрманғазы, Дәулеткерей дәстүрін дамыта отырып, кеңес дәуірінде күйшілік өнерді көтерді. Дина күйші «Еңбек Қызыл Ту» орденімен және бірнеше медальмен марапатталған.

Күйші Дина Нұрпейісова туралы жазушы Сәуірбек Бақбергеновтың «Қайран шешем» атты романы бар.

(Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматы кітап баспасы”, 2009)

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Дина Нұрпейісова қай жерде және қашан дүниеге келген?

  2. Дина домбыраны неше жасында кімнен үйренген?

  3. Динаның өнеріне кім бата берген?

  4. Дина Нұрпейісова кімдерге арнап күй шығарған?

  5. Дина Нұрпейісова кімдердің дәстүрін жалғастырушы?

  6. Сәуірбек Бақбергеновтың күйші Динаға арнаған қандай шығармасы бар?

Жазылым

1-жазылым. Сөйлемдердің сыңарын табыңыз.

1. Қазақ КСР Халық артисі Дина Нұрпейісова 1861 жылы Жаңақала ауданы,

........................

2. Дина шығармаларының негізгі арқауы –......................

3. 1937 жылы Халық өнерпаздарының Республикалық байқауына қатысып,

...................................

4. Құрманғазы, Дәулеткерей дәстүрін дамыта отырып, ............

2-жазылым. Мәтіннен қайда? деген сұраққа жауап беретін кеңістіктік мағынадағы сөйлемдерді өзгертіп жазыңыз.

Үлгі: Қазақ КСР Халық артисі Дина Нұрпейісова 1861 жылы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданы, Бекетай құмында дүниеге келген- Күйші Дина Батыс Қазақстан өңірінде дүниеге келген.

2-жазылым. Сөздердің баламаларын жазыңыз.

Музыкальные инструменты

Представитель

Музыкальное исследование

Музыкальный фольклор

3-жазылым. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін сөйлем құраңыз.

Аспап, ұлттық құндылық, перне, тиек, құлағы, сан ғасырлар, шертпе күй, таста қашалған.

Тыңдалым

Қобыз

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. Қобыздың шығаратын үні неге ұқсас?

а) адам дыбысына

в) құстың дыбысына

с) жануардың дыбысына

д) желдің дыбысына

2. Бақсы-балгерлер қобызды қандай құрал деп нандырған?

а) бейнелеп сөйлейтін

в) көк тәңірмен сөйлестіретін

с) дыбыс арқылы сөйлейтін

д) сурет арқылы сөйлейтін

3. Қобыз қандай ағаштардан жасалады?

а) қайың, арша

в) терек, қарағай

с) балқарағай, қарағаш

д) шырша, үйеңкі

4. Қылқобыздың қазіргі кезде жетілген қанша шекті түрлері бар?

а) алты

в) төрт

с) жеті

д) бес

5. Қобыз сөзі қандай мағына береді?

а) қобыдан шыққан дыбыс

в) ағаштан шыққан дыбыс

с) тастан шыққан дыбыс

д) сандықтан шыққан дыбыс

Анықтама

Аспап инструмент

ұлттық құндылық национальное ценность

пернелер лады домбры

тиек кобылка домбры

құлағы колок домбры, настраивать

ғасырлар – веки

шертпе күй вид наигрыша на домбре

дыбыс звук

Тезаурус

Қобыз тау аңғарындағы астау тәрізді болып біткен ойпаң жазық жер.

Ысқы күміс бетін жылтыратуға арналған былғарымен қапталған қайқы таяқша.

Күйшілік күй орындаушылық

45-сабақ