Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ахметова УМК 1-курс Ахметова 6.09 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать
  1. Оқу тәртібінің саясаты.

Кәсіби қазақ тілі пәні – міндетті пән. Оқу жүктемесінің көлемі 2 кредиттен тұрады, оның ішінде семинар (практикалық) сабақ – 30 сағат.

Пәннің талаптары: аудиториялық сабақтарға міндетті түрде қатысу, мәселелерді, сұрақтарды талқылауға белсене қатысу, семинар сабақтарына оқу-әдістемелік құрал және негізгі әдебиет бойынша алдын-ала дайындалу, БӨЖ тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау, бақылаудың барлық түріне қатысу (ағымдық бақылау, БӨЖ тапсырмалары, аралық бақылау, қорытынды бақылау).

Білім алушылардың білімін бағалауда аудиториялық сабақ барысындағы жауабының сапасымен қатар белсенділігі де ескеріледі.

Глоссарий – сөздік

Белсенді үлестірмелі материал (БҮМ) (Hand-outs) – оқу сабақтарында білім алушының тақырыпты табысты меңгеруіне шығармашылығын арттыратын үлестірмелі көрнекі иллюстрациялық материал (дәріс тезистері, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарий, өздік жұмыс тапсырмалары);

Білім алушының аралық аттестациясы – емтихан сессиясы кезінде оқу пәні мазмұнының бір бөлігін немесе оны оқып болғаннан кейін оқу пәнінің барлық көлемін меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін амалдар;

Білім алушының қорытынды аттестациясы (Qualification Examination) – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған оқу пәндерінің көлемі мен оларды меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін амалдар;

Білім алушының оқудағы жетістіктері – оқу үдерісінде қол жеткізген және тұлғалық дамуының деңгейін көрсететін білім алушының білімі, шеберлігі, дағдысы және құзіреттілігі;

Білім алушының оқудағы жетістіктерін бақылау – жоғары оқу орны тарапынан анықталатын бақылаудың түрлі формаларымен (ағымдық, аралық және қорытынды) және аттестаттау арқылы білім алушының білім деңгейін тексеру;

Білім алушының өздік жұмысы (ары қарай – БӨЖ) – өздігінен оқуға белгіленген тақырыптар тізімі бойынша жұмыс, ол тақырыптар оқу-әдістемелік әдебиетпен және нұсқаулармен қамтамасыз етіліп, тест, бақылау жұмысы, коллоквиум, реферат, шығарма және есеп түрінде бақылау жүргізіледі; білім алушының санатына байланысты студенттің өздік жұмысы (ары қарай – СӨЖ), магистранттың өздік жұмысы (ары қарай – МӨЖ) және докторанттың өздік жұмысы (ары қарай – ДӨЖ) болып бөлінеді; БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушының күнделікті өздік жұмысын талап ететін тапсырмалармен анықталады;

Демонстрация (лат. Demonstpatio – көрсету) – барлық топқа әр түрлі көрнекі құралдарды көрсетуде қолданылатын әдістемелік тәсіл.

Диалог – екі адам арасындағы сұрақ-жауап үлгісінде өткізілетін сұхбаттасу.

Дискуссия (лат. Discussion – қарастыру, зерттеу) – мәселені талқылау үрдісі, оны шешу жолдарында берілетін ұжымдық зерттеу тәсілі.

Жағдаяттық тапсырма – білім алушының белгілі бір оқиғаға немесе жағдайға қатысты орындайтын жұмысы. Көп жағдайда бұл тапсырма рөлдік үлгіде орындалады.

Жазылым – сөйлесім, тыңдалым-оқылым үнемі жазба жұмыстарымен ұйымдастырылады. Жазба жұмысының тақтада жазу,көшіріп жазу, шағын реферат, баяндама, аннотация т.б. түрлері жүргізіледі.

Монолог – бір адамның кез келген тақырыпты немесе естіген, оқыған материалдарды ауызша баяндауы.

Оқылым - өз бетінше іштей оқу, дауыстап оқу техникасын меңгеру. Газет материалы, естеліктер және әңгімелер, повестер оқу тапсырылады. Өздік жұмыс барысында оқу нормаларын, талаптарын жетілдіреді.

Презентация (лат. Praesentatio - таныстыру) – жеке немесе топта орындалған оқу-танымдық жұмыстың нәтижелерін көрсету.

Сөйлесім – белгілі бір тақырып, проблема жайлы өз білгендерін қазақша толық жеткізе алуға және пікірін қарсыласымен жарыссыз арқылы жеткізуге дағдылану: Ауызекі және ресми сөйлесім үлгілерін меңгеру.

Тыңдалым – меңгерілген лексикалық материал және қосымша таныс емес мәтін материалын ауызша мәнерлеп оқып,тыңдауға жаттығу.Радио, теледидар хаьарларын тыңдауларға жаттығу және аудио-видио құралдарынан берілетін мәтіңді тыңдау,айтып беруге үйрену.