Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ахметова УМК 1-курс Ахметова 6.09 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

Шәкен Кенжетайұлы Айманов

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Әйгілі, ой-талғам, бас режиссер, рөлдер, шебер орындау, үлкен үлес, үлес қосты, аяусыз, жан дүниесін, ой толғам, сомдады, боздақ, тұтқиылдап.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Айманов Шәкен Кенжетайұлы 1914-1970) қазақтың әйгілі актері, режиссері. 1964жылдан КСРО-ның халық әртісі.

Туып-өскен жері Павлодар облысының Баянауыл өңірі. Ол кішкентай кезінен жездесі Қали Байжановтың әндерін тыңдап өскен. Ауыл мектебін бітіріп, Семей мұғалімдер техникумында оқып жүргенде 1932 жылы Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылып жұмысқа қабылданады. Ол алғашында бірқатар рөлдерді ойнады. Көп ұзамай классикалық пьессалар бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді шебер орындайды. Әсіресе оның орындауындағы Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло рөлдері ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды. Айманов актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қояды.

1947–51жылы қазіргі Қазақтың академиялық драма театрының бас режиссері болды. «Абай әндері», «Жамбыл» көркем фильмдерінде күрделі экрандық бейнелерді сомдады. 1953–70 жылы «Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз», «Алдар көсе», «Атамекен», «Найзатас баурайында». Көрермен қауымның ой-талғамынан шыққан «Біздің сүйікті дәрігер» мен «Тақиялы періште» фильмдері ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрды дамытты. Оның соңғы қойған «Атаманның ақыры» фильмі шығармашылығының биік шыңына айналды. Айманов Қазақстан Кинематографистер одағын ұйымдастыруға көп үлес қосты. Қазіргі таңда Алматы қаласының бір көшесі және «Қазақфильм» студиясы Шәкен Айманов есімімен аталады. Ол тұрған үй мен киностудия ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған.

Ш. Айманов актер ретінде алдымен кейіпкерінің жан дүниесін ашуға және соған лайықты ұтымды әрекет қимылдар жасау шеберлігімен ерекшеленсе, режиссер ретінде шығармаға көркемдік идеялық мазмұнын дарытуға, ұлттық ерекшеліктердің бояуын қанық етуге, заман мен қоғам туралы философиялық ойтолғам жасауға айрықша мән бере білетін дарынды суреткер.

(Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.”)

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қазақтың әйгілі актері Шәкен Айманов қайда дүниеге келген?

  2. Ол кішкентай кезінен кімнің әндерін тыңдап өскен?

  3. Шәкен Айманов қандай режиссер?

  4. ҚазССР-і Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағы не үшін берілген?

  5. Актер ретінде қандай фильмдерде ойнаған?

  6. Әйгілі актер қандай фильмдер түсірген?

Жазылым

1-жазылым. Сөйлемдердің сыңарын табыңыз.

  1. Ауыл мектебін бітіріп, .......................

  2. Айманов актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, .............

  3. Театр өнерімен әуестеніп, ................

  4. Осы театр сахнасында жиырма жылдай еңбек етіп, ...................

  5. 1953 ж. бастап, .......................................

  6. «Абай әні» фильмінде Абайдың шәкірті, ............................

  7. Айманов Қазақстан Кинематографистер одағын ұйымдастыруға қатысып, ..........................

2-жазылым. Мәтіннен қайда? деген сұраққа жауап беретін кеңістіктік мағынадағы сөйлемдерді өзгертіп жазыңыз.

Үлгі: Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл өңірі - Қазақтың әйгілі актері, режиссері Баянауыл өңірінде дүниеге келген.

3-жазылым. Берілген фразеологизмдердің мағынасына қарай топтастырыңыз.

  • Алтынның сынығы....................ұялды

  • Ат басындай алтын..................қол жетпеске босқа әуре болма;

  • Алтын дегенім мыс болды,

күміс дегенім жез болды..........жақсы адамның ұрпағы, жақсының көзі,

  • Алтыннан ардақты, күмістен салмақты..сүйеніш, тірек, қамқоршы адам;

  • Айдан алқа, жұлдыздан жүзік іздеме....... көлемді, үлкен алтын, олжа;

  • Алтын бергек, асыл діңгек ................. ойдағыдай болмай шықты,

Бет моншағы түсті ..............аса қадірлі, қымбатты (адамға байланысты).

Тыңдалым

«Жаужүрек мың бала» – азаттықтың айнасы

Тыңдаңыз.

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының соңғы жылы түсірген ең ірі жобасын көрсетіңіз?

а) «Жаужүрек мың бала»

в) «Қыз Жібек»

с) «Амангелді»

д) «Менің атым Қожа»

2. Жоңғар шапқыншылығы – қандай тарих?

а) Ескі тарих

в) Ертеңгі тарих

с) Қанмен жазылған тарих

д) Ойдан кетпейтін тарих

3. Есімі кейінгі ұрпаққа тарихи жырлар мен аңыздар арқылы жеткен ержүрек сарбаздың бірі кім?

а) Сартай

в) Ақан

с) Сәкен

д) Мағжан

4. Картинада XVIII ғасырдағы атақты кімдердің бейнесі берілген ?

а) Билер мен сұлтандардың

в) Хандар мен батырлардың

с) Жоңғарлардың

д) Көшпенділер мен сарбаздардың

5. «Жаужүрек мың бала» фильміндегі Сартай бейнесі бүгінгі ұрпаққа не береді?

а) Отансүйгіштікке тәрбиелейді

в) Ата-анасын қорғауға тәрбиелейді

с) Сүйгенін қорғауға тәрбиелейді

д) Бала-шағасын қорғуға тәрбиелейді

Анықтама

Әйгілі известный

Бас режиссер – главный режиссер

Шебер орындау – с мастерством выполнить

Аяусыз – беспощадный, безжалостный

Жан дүниесі внутренний мир

Ой толғам мышление

Сомдады – сыграл образно

Тезаурус

Қысылтаяң аласапыран, қарбалас, қатты қысылған кез.

Боздақ – елі үшін қаза тапқан сарбаз

Тұтқиылдан – күтпеген жерден

Жаужүрек батыр, батыл жауынгер.

41-сабақ: