Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ахметова УМК 1-курс Ахметова 6.09 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

Қазақ театр және кино өнері Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Өнер, кино өнері, эстрада жұлдыздары, ұлттық сахна, қойылым, танымал әртіс, режиссер, нұсқа, әуесқой, кәсіби.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Алғашқы театр және кино өнерінің дамуы

Қазақстан аумағында алғашқы театрлар XIX ғасырдың екінші жартысында құрыла бастады. XX ғасырдың басында пайда болған татардың көшпелі труппалары өз үлесін қосты.

1910–1915 жылдары қазақ өмірінен алынған қысқа драмалық суреттеулер мен сценарийлер жазылды. 1917 жылы М.Әуезов «Еңлік-Кебек» трагедиясының бірінші нұсқасын жазып, кейіннен осы шығарманы бірнеше рет өңдеді. Театрлық процестің жедел дамуы қазан революциясынан кейін ерекше күш алды. 1918-1924 жылдар аралығында Ақмола, Тараз, Көкшетау, Оренбург, Ташкент, Түркістан, Шымкент, Қостанай, Петропавл қалаларында жаңа труппалар құрылып, Ж.Аймауытовтың, М. Әуезовтің, М.Дулатовтың, Е.Ерденовтің, К.Кемеңгеровтің, Б.Майлиннің, С.Сейфуллиннің пьесаларын сахнаға шығарды.

Қазақтың кәсіби театр өнері 1926 жылдың 13 қаңтарында Қызылорда қаласындағы Қазақ мемлекеттік драма театрында М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» қойылымының көрсетілуімен ресми түрде ашылды. Оның директоры және көркемдік жетекшісі Ж.Шанин, әйгілі әртістері мен әншілері Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, Е.Өмірзақов, Қ.Бадыров, И.Байзақов, Қ.Жандарбеков, Ә.Қашаубаев, Қ.Мұңайтпасов, Ғ.Абдуллин қазақ театры өнерінің қалаушылары болып тарихта қалды.

1928 жылы бұл театр Қызылорда қаласынан жаңа астана Алматыға көшіп, театрдың шығармашылық құрамында К.Байсейітова, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Ш.Жиенқұлова, У.Тұрдықұлова сияқты өнер майталмандары өнер көрсетсе, ал 30-шы жылдардың ортасында Қ.Қармысов, С.Телғараев, Ә.Үмбетбаев, Р.Қойшыбаевалар қосылды. 1937 жылы театрға «академиялық» атағы берілді.

(www.ihc.ru Қазақстан Білім порталы «Тестент»)

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Алғашқы қазақ театры қашан құрылды?

  2. Театрдың жедел дамуы қай кездерде күш алды?

  3. Қазақ өмірінен драмалық суреттеулер мен сценарийлер қашан жазылды?

  4. Қазақтың кәсіби театр өнері қашан қалыптасты?

  5. 1918-1924 жылдар аралығында жаңа труппалар қай қалаларда және кімдердің пьесаларын шығарды?

  6. Алғашқы театрдың шығармашылық құрамын атаңыз?

Жазылым

1-жазылым. Мына сөйлемдерді жазыңыз, оқыңыз. Біреудің сөзін, ойын жеткізіңіз.

Үлгі: Тарихшылар қазақстан аумағында алғашқы театрлар XIX ғасырдың екінші жартысында құрыла бастағанын айтады.

1. Қазақстан аумағында алғашқы театрлар XIX ғасырдың екінші жартысында құрыла бастады.

2. 1910–1915 жылдары қазақ өмірінен алынған қысқа драмалық суреттеулер мен сценарийлер жазылды.

3. Театрлық процестің жедел дамуы қазан революциясынан кейін ерекше күш алды.

4. 1937 жылы театрға «академиялық» атағы берілді.

2-жазылым. Сөздерді жұптастырыңыз.

Әшекей ізденіс

Мамық қажетті

Шебердің жастық

Шығармашылық бұйымдар

Тұрмысқа төсек

Жайлы қолы

3-жазылым. Берілген сөздермен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз.

Өнер, өрмек, жіп, бұйым, әсем, текемет, сырмақ, киіз, кесте, жібек, бағалы, құнды, иіру.

Тыңдалым

Қазақ театры

Тест тапсырмаларын орындаңыз.

1. Қазақстан Кеңестерінің V съезінде Қазақстанда тұңғыш қандай театр ашу туралы шешім шығарылды?

а) Кәсіпқой

в) Маманданған

с) Шебер

д) Мамандандырылған

2. М.Әуезовтің «Еңлік—Кебек» спектакліндегі арудың есімін анықтаңыз.

а) Қыз Жібек

б) Еңлік

в) Гулбаршын

г) Қаракөз

3. «Қыз Жібек» либреттосының авторын көрсетіңіз.

а) С. Қожамқұлов

в) М.Әуезов

с) Ш.Айманов

д) Ғ. Мүсірепов

4. Күләш Байсейітова «Айман-Шолпан» музыкалық пьесасында кімнің рөлін ойнады?

а) Жібектің

в) Баянның

с) Ботакөздің

д) Айманның

5. Тұңғыш түсірілген фильмді көрсетіңіз.

а) «Райхан»

в) «Менің атым – Қожа»

с) «Амангелді»

д) «Тақиялы періште»

Анықтама

Өнер искусство

Кино өнері – искусство кино

Эстрада жұлдыздары – звезды эстрады

Ұлттық сахна – национальная сцена

Қойылым представление

Танымал әртіс – известный актер

Режиссер режиссер

Нұсқа вариант

Әуесқой любитель

Кәсіби профессиональный

Тезаурус:

Алтынның сынығы жақсы адамның ұрпағы, жақсының көзі

Алтыннан ардақты, күмістен салмақты аса қадірлі, қымбатты

Алтын бергек, асыл діңгек сүйеніш, тірек, қамқоршы адам

39-сабақ.