
- •Силлабус (жұмыс оқу бағдарламасы)
- •Оқу бағдарламасы бойынша сағаттарды бөлу
- •3. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу.
- •3. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •6.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •Студенттің білімін бақылау және бағалау
- •Оқу тәртібінің саясаты.
- •Глоссарий – сөздік
- •І Модуль: Қатысымның әлеуметтік-тұрмыстық саласы
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасы және ұлттық дәстүрлер
- •Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Қазақстанды сағынып жүрмін
- •2 Блок. Жас отбасы және дәстүр
- •6 Сабақ
- •Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер Грамматика: Заттың мөлшерлік және сапалық сипаты
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер
- •Жас отбасының негізгі шығындары
- •Қазақстандағы отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі
- •3 Блок. Тұрғын үй
- •Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы
- •Шаңырақ немесе отау көтеру Грамматика: Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі
- •Шаңырақ немесе отау көтеру салты
- •Пәтер интерьері
- •16‑Сабақ
- •Кішіпейілділіктен адам кішіреймейді
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Мамандығыңыз темпераментіңізге сай ма?
- •5 Блок.
- •Уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Студенттің бос уақыты.
- •Студент және уақыт
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыт –алтыннан қымбат
- •Уақытты бағалай біл
- •Фразеологизмдердегі мезгілдік мағынаның берілуі.
- •Күн тәртібі және денсаулық Грамматика: Іс-әрекетке бұйырудың берілуі
- •Күн тәртібі және денсаулық
- •Назар аударыңыз!
- •Уақытты қалай пайдаланып жүрмін?
- •Уақытты тиімді пайдалану
- •6 Блок. Саламатты өмір салты
- •Дені саудың - жаны сау Грамматика: Салдардың берілуі
- •Ауру – астан
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Денсаулықты күтудің жолдары
- •Дәрумендердің пайдасы
- •Пайдалы кеңестер
- •Тез жылынудың жолдары
- •7Блок. Менің Отаным – Қазақстан
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан Жай сөйлемдегі сөйлем мүшелері мен салалас құралас сөйлем бөліктері арасындағы байланыстың берілуі
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан - көп ұлтты мемлекет
- •Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені
- •Анықтауыштық қатынастың берілуіне назар аударыңыз.
- •Халықтық қолөнер
- •Қазақ театр және кино өнері Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Алғашқы театр және кино өнерінің дамуы
- •Өнер жұлдыздары
- •Күләш Жасынқызы Байсейітова
- •Шәкен Кенжетайұлы Айманов
- •Ұлттық мәдениет тамыры
- •Ұлттық мәдениет
- •Грамматика: Кеңістіктік қатынастың берілуі (выражение пространственных отношений)
- •Айтыс өнері
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Күйші Дина
- •Нұрпейісова Дина
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Тыңдалымдар:
- •(Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен сұхбат)
- •Шипалы сазбен емделу
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Білімгерлердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Лист внесения изменения и дополнения
Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені
Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсініп алыңыз.
Түсінік, кір жуып, кіндік кескен жер, бейімделу, жорық, тайпа, жою, аңыз.
Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.
Атамекен
Осы бір сөзде ұлағатты ұғым, адамға өте бір жақын, ауызбен айтып болмайтын түсінік бар. Өйткені ежелден адамзат ата-бабасының қоныстанып, мекендеген жерін, мейлі ол құмды шөл, құрғақ дала, суық Сібір, биік тау болсын, өзінің кіндік кесіп, кірін жуып, өсіп-өнген жерін «атамекенім» деп жанындай жақсы көреді. Сондықтан адамзаттың асылы да, ардақтысы да, қысылғанда тірек сүйенері де, қуанғанда сүйсінері де туған жері – өз Отаны. Ертеден ақындардың ел-жұртын, өзінің туып-өскен жерін жырға қосуы, батырлардың туған топырағында өлсем деп арман етуі тегін емес.
Біздің ата-баба қонысымыз, атамекеніміз – Қазақстан. Мұнда ерте заманда, орта ғасырларды мекендеген жүздеген тайпалар, ондаған халықтарболған. Олар да оны туып-өскен жерім, атамекенім деп сүйген. Ол үшін талай жорық, соғыс майданын басынан өткізген.
Осы күні дүние жүзі жаратылыстану ғылымы алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі – жер бетінен жойылып кеткен немесе мүлде өзгерген тайпаларды, халықтарды әбден анықтау. Қазақстан жерінде тым ертеде, тас, қола және темір дәуірінде түрлі тайпалар болған. Олар дайын табиғат қорын пайдаланып, тау бөктерлерінде, жыныс ағаш ішінде, үлкен көл, өзен жағаларына бейімделген.
Осы күнгі біздің ата-баба қонысымыз, атамекен – Қазақстан жері бағзы заманнан мәлім, оны мекендеген ел туралы грек авторларының түсінігі тым ертеде, б.з.д. ҮІІІ-ҮІІ ғасырларда-ақ болған. Мысалы, Гомер (ҮІІІ ғ.) «Иллиада» поэмасында қазақ даласын «көшпелілер елі», «Одиссеяда» «массагеттер», «етпен қоректенушілер» дейді.
Геродоттың айтуы бойынша, Қара теңіз жағалауына скифтер б.з.д. ҮІІІ – ҮІІ ғасырларда келген. Скифтер орта бойлы, шымыр денелі, атқа бала жасынан мініп, онымен «бірге өсіп қайнайды», «ат құлағында ойнайды». Сақал-мұртын жіберіп, қару-жарақ асынып, жаумен алысуға қолайлы киім киіп жүреді, өлімнен ешбір қорықпайды, жеріне бас-көктеп кіргендерді жоймай қоймайды. Геродот, ең алдымен, «Скифтердің тегі кім, қайдан шыққан?» деген сұрақтарға жауапты аңыздардан іздеген.
(Н.Баяндин)
Берілген сөздердің синонимдерін есте сақтаңыз.
тірек сүйенері – сүйеніші
жыныс ағаш – қалың орман
бағзы заман – бұрынғы заман
ЖАЗЫЛЫМ
1-жазылым.Сақтардың түр-келбетін сипаттайтын белгілерді мәтіннен теріп жазыңыз, оларды жаттап алыңыз.
2-жазылым. Сөйлемнен жалғаулық шылауларды тауып жазыңыз.
Осы бір сөзде ұлағатты ұғым, адамға өте бір жақын, ауызбен айтып болмайтын түсінік бар. Өйткені ежелден адамзат ата-бабасының қоныстанып, мекендеген жерін, мейлі ол құмды шөл, құрғақ дала, суық Сібір, биік тау болсын, өзінің кіндік кесіп, кірін жуып, өсіп-өнген жерін «атамекенім» деп жанындай жақсы көреді. Сондықтан адамзаттың асылы да, ардақтысы да, қысылғанда тірек сүйенері де, қуанғанда сүйсінері де туған жері – өз Отаны. Ертеден ақындардың ел-жұртын, өзінің туып-өскен жерін жырға қосуы, батырлардың туған топырағында өлсем деп арман етуі тегін емес.
ТЫҢДАЛЫМ
Мәтінді тыңдаңыз.
Бірлік пен татулық мекені
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қазақстанды мекен ететін этнос өкілдері не істеуге тиіс?
2.Қазақстандағы мемлекет құраушы ұлт кім?
3. Сыйластықтың шырқар биікке көтерілуі үшін не істеу керек?
4.Автор өз отандастарын неге шақырады?
Берілген тұрақты сөз тіркестерін жазыңыз, олардың баламасын түсіндіріңіз.
Құтты қоныс, жалын ату, шырқау биік, үн қату, тұғыры биік, ләзім.
Тыңдалым мәтіні бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.
Өз ісімізде .........., қоғамда адалдықты танытуымыз ләзім.
А) қаталдықты
Б) мейірімділікті
С) ұстамдылықты
D)сабырлылықты
Меніңше, ........ о бастағы ойы мен ниеті осы болғаны анық.
А) Президенттің
Б) Елбасының
С) Көшбасшының
D) Басшымыздың
Шынайы .... .... .... үйлесімді бірлік пен тірлікте жатыр.
А) бақыт пен береке
Б) қуаныш пен шаттық
С) бақыт пен шаттық
D) береке мен мереке
Халықты өз қалауымен қастерлеу, құрметтеу, қадір тұту – әрқайсымыздың ...... .....
А) міндетіміз
Б) адамгершілік қасиетіміз
С) адами борышымыз
D) перзенттік парызымыз
Анықтама
түсінік – понятие, представление
кір жуып кіндік кескен жер – Родина
бейімделу – адаптироваться, приспасавливаться
тайпа – племя
жою – уничтожать, устранение
аңыз – легенда
үйлесім – гармония, соответсвие
сыйластық – взаймное уважение
Тезаурус
құтты қоныс – бақыт орнаған тұрақ, жайлы мекен деген мағынада.
жалын ату– іштей қайрат-жігері артты, кеудесінен от-жалын шашты, ызалы кек қайнады деген мағынада.
шырқау биік – өте жоғары биік деген сөз
үн қату – дыбыс берді, сөйледі деген мағынадағы сөз
тұғыры биік – жоғарыда, биікте деген мағынада
ләзім – дұрыс, жөн деген мағынада
ат құлағында ойнау – пысық, өте икемді
жыныс ағаш – қалың орман
34-сабақ
Қазақ елі – бай ел
Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын ашыңыз.
Жер қойнауы, әйгілі, кен орындары, өңір, ойпат, түбек
Мәтінді оқып, мазмұнын талдаңыз.
Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен дүниежүзіне әйгілі. Оның байлығы территориясының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты.
Қазақстан хром, ванадий, рений, висмут, фтор қоры жағынан дүниежүзінде бірінші орын алады. Темір, хромит, қорғасын, мырыш, вольфрам, молибден, фосфарит, мыс, калий және кадмий қорынан да алдыңғы орындардың бірінде тұр.
Елімізде мұнай мен газдың қоры Атырау, Ақтөбе, Орал облыстарына шоғырланған. Мұнай фонтаны бірінші рет 1911 жылы Жайық-Жем бассейніндегі Доссор жерінде атқылады. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңғыстау түбегінде Өзен мен Жетібай қосылды. Кейін олардан зор Қаражанбас пен Қаламқас, Теңіз «Атырау облысы), Кенқияқ пен Жаңажол (Ақтөбе облысы) және Қарашығанақ (Орал облысы) кен орындары ашылды.
Қазақстанда көмір қоры мол. Бізде тас көмір мен қоңыр көмірдің ондаған бассейні мен жүзден аса кен орындары бар. Көмір кен орындарының басым көпшілігі Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарында орналасқан.
Республика территориясында тұз қоры өте мол. Әсіресе тұзға Каспий маңы ойпаты бай. Ондағы тұз қабаттарының қалыңдығы 2 метрден асады. Ал әктас, мергель, бор, мәрмәр, гипс, отқа төзімді саз, кварцты құм, минералды бояулар сияқты құрылысқа қажетті материалдар да көп кездеседі. Қазақстан фосфоритінің де сапасы өте жоғары. Жер шарында теңдесі жоқ бұл кен орындары Шолақтау, Жаңатас, Ақсай деп аталады. Қазақстанның оңтүстік өңірінде орналасқан.
Жер қойнауының осынау байлығын ел игілігіне пайдаланудың маңызы зор. Дегенмен сарқылмайтын дүние жоқ екенін естен шығармай, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және оларды қорғау пайдалы қазбаларды кешенді түрде пайланауды қажет етеді.
(«Қазақстанның тарихитанымдық географиясы» 2007 жыл)
Мәтінге байланысты сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қазақстан дүниежүзіне несімен әйгілі болып отыр?
2.Қазақстанда қандай пайдалы қазбалар бар?
3.Мұнай мен газ еліміздің қай аймақтарында шоғырланған?
4.Сапасы жоғары фосфорит кен орындарын ата.
5. Республикадағы мол тұз қоры қайдан табылған?
6. Көмір кен орындары қайда орналасқан?
Берілген сөздердің синонимін табыңыз.
Сарқылмайтын көп
Мол аймақ
Өңір таусылмайтын
ЖАЗЫЛЫМ
1-жазылым. Сөйлемдерді байланыстырушы жалғаулықтарды пайдаланып өзгертіп жазыңыз.
Үлгі: Елімізде мұнай мен газдың қоры Атырауда, сонымен қатар Ақтөбе, Орал облыстарында шоғырланған.
Елімізде мұнай мен газдың қоры Атырау, Ақтөбе, Орал облыстарына шоғырланған. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңғыстау түбегінде Өзен мен Жетібай қосылды. Кейін олардан зор Қаражанбас пен Қаламқас, Теңіз «Атырау облысы), Кенқияқ пен Жаңажол (Ақтөбе облысы) және Қарашығанақ (Орал облысы) кен орындары ашылды.
2-жазылым. Сөйлемдерді байланыстырушы жалғаулықтарды пайдаланып сөйлем құраңыз.
ТЫҢДАЛЫМ
Мәтінді тыңдаңыз.
Қазақ жері
Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Ақын киелі жер деп қай жерді айтады?
2.Ол неге құлшылық етеді?
3.Отан деп қай жерді айтады?
4. Күз мезгілін қалай суреттейді?
Тезаурус
Балауса – тура мағынасында жас шалғын, ауыспалы мағынада балғын, жасөспірім деген мағынада.
Балдырған – ауыспалы мағынада жасөспірім, жеткіншек деген мағынада қолданылады.
Көкжиек – аспан мен жердің көз жиетіндей жері деген мағынаны білдіреді.
Тыңдалым мәтіні бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
Кімдер дүрілдеп өткен жер?
А) батырлар
В) ақындар
С) жауынгерлер
D) хандар
......... жасамай өтпеңдер!
А) ишарат
В) тағзым
С) белгі
D) ерлік
Қайда тұрғанға шүкірлік етемін.
А) Қазақстанда
В) осы бір Отанда
С) жерде
D) елде
Қысы бар ..... қардырған.
А) суыққа
В) ызғырыққа
С) аязға
D) үскірікке
Ақ дәннен ақ ........ жаудырған.
А) жаңбыр
В) нөсер
С) қар
D) мұздақ
Күрең нан жаңа алған ..................... .
А) тандырдан
В) пештен
С) оттан
D) ошақтан
Анықтама
жер қойнауы – недра земли
әйгілі – известный
кен орындары – месторождение
өңір – окрестность
ойпат – низменность
түбек – полуостров, глушь
35-сабақ
Қазақстан нышандары
Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.
Бодандық, зәулім ғимараттар, шикізат, ұлттық құндылық, рәміз, мәртебе.
Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекетіміз бодандық құрсауынан босап, өз дербестігін алғанына да жиырма жылдан асты. Тәуелсіздік алған азат еліміздің басына қаншама ауыр күндер туса да, төзімшіл халқымыз қиыншылықтарды жеңіп, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бастаған саясатының арқасында 20 жылдан астам уақыт ішінде жарқын, дамыған мемлекетке айналды. Қазіргі таңда Республикамыздың қай облысына барсаңыз көкке бой түзеген зәулім ғимараттарды, елімізде белең алып жатқан өндіріс орындарының шикізаттарын жарнамалап, кәсіпорындарының игі істерінен құлаққағыс етіп тұрған электрондық жүйеге қосылған алпауыт экрандарды көзіңіз шалады. Қадам бассаңыз еуропалық үлгіде салынған нысандардың халқымызға тұрмыстық, сервистік, тағы басқа бағытта қызмет көрсетіп жатқанына қуанасыз. Мұның барлығы Көшбасшымыздың тура саясатшылдығымен, даналығымен жүзеге асқан десек қателеспейміз. Нұрлы еліміздің өркениетіне Елбасымыздың, ел зиялыларының сарқылмас күш-жігері жұмсалып, маңдай тері төгілгені белгілі. Осындай игілікті істердің қатарындағы ең маңыздысы, халқымыздың мақтанышы, ар-намысы, рухани-мәдени мұрасы, ұлттық құндылығы, тарихи естеліктері болған Мемлекеттік рәміздеріміздің елдігіміздің нышанына айналғанына да жиырма жылдан артық уақыт болыпты. 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздер» туралы Заңы қабылданған болатын. Заңда Мемлекеттік рәміздеріміз тәуелсіздігіміздің рәмізі екендігі құқықтық негізде бекітілді. Оның қандай көрініске ие екендігі де анық белгілеп берілді. Мемлекетіміздің рәміздерінде халықтың тарихы, бүгіні мен келешегі өз көрінісін тапқан. Онда белгіленген әрбір сурет, әрбір белгі, әрбір түстің өзіндік сыр, мағынасы бар. «Мемлекеттік рәміздер» туралы Заң қабылданған күннен бастап, Мемлекетіміздің рәміздері бейнесі еліміздегі барша мемлекеттік және қоғамдық мекемелер үйлеріне орнатылды. Сондай-ақ, мәртебелі рәмізіміз бейнесі мөрлерде және мекемелер бланкаларында, ресми құжаттарда, ресми баспаларда, қағаз бен ақшаларда, құнды қағаздар мен азаматтардың төлқұжаттарында бейнеленді. Мемлекетіміздің саясатына қолдау көрсетудегі басты мақсаттардың бірі – Мемлекеттік рәміздерімізді әрқашан қорғап, қадірлеп, бала-бақшаларда, мектептерде, мәдениет және басқа да орындарда оның мәні мен мазмұнын үнемі насихаттау болып саналады. Отанымыздың рәміздері: Ту, Елтаңба және Әнұранымызды құрмет етіп, қасиетті атына кір келтірмеу – әрбір отандасымыздың айнымас борышы екенін, сонымен бірге оларды тәуелсіздігіміз таңында жарыққа әкелген азаматтардың еңбегін үлгі тұтып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізе білуіміз тиіс. Ұлы, дербес еліміздің биік мәртебесі Мемлекеттік рәміздерімізді аяқ асты ету, оған құрметсіздік көрсету – Отанымызды таптау, дұшпандық, опасыздық екенін ешқашан естен шығармауымыз керек. А.Байсейітова Сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Еліміздің бодандықтан құтылып, тәуелсіздік алғанына неше жыл болды?
2.Қазақстанда «Рәміздер туралы Заң» қай жылы қабылданды?
3. Рәміздерде не көрініс тапқан?
ЖАЗЫЛЫМ
Сөйлемдерді жазып, сөзбен сөздің, сөйлем мен сөйлемдердің қалай байланысып тұрғанына назар аударыңыз.
Тәуелсіздік алған азат еліміздің басына қаншама ауыр күндер туса да, төзімшіл халқымыз қиыншылықтарды жеңіп, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бастаған саясатының арқасында 20 жылдан астам уақыт ішінде жарқын, дамыған мемлекетке айналды. Оның қандай көрініске ие екендігі де анық белгілеп берілді. Сондай-ақ, мәртебелі рәмізіміз бейнесі мөрлерде және мекемелер бланкаларында, ресми құжаттарда, ресми баспаларда, қағаз бен ақшаларда, құнды қағаздар мен азаматтардың төлқұжаттарында бейнеленді. Отанымыздың рәміздері: Ту, Елтаңба және Әнұранымызды құрмет етіп, қасиетті атына кір келтірмеу – әрбір отандасымыздың айнымас борышы екенін, сонымен бірге оларды тәуелсіздігіміз таңында жарыққа әкелген азаматтардың еңбегін үлгі тұтып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізе білуіміз тиіс.
ТЫҢДАЛЫМ
Мәтінді мұхият тыңдаңыз.
Елімнің көк байрағы
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Көк түс ненің белгісі?
2.Ежелгі түрік тілінде «көк» сөзі қандай ұғымды білдіреді?
3.Нұрға малынған алтын күн нені бейнелейді?
4.Қыран құстың бейнеленуінен нені аңғаруға болады?
Тыңдалым мәтініне байланысты тест тапсырмаларын орындаңыз.
Көк аспан ненің белгісі?
А) бейбітшіліктің
В) елдіктің
С) жаугершіліктің
D) хандықтың
Сөйлемге қажетті сөзді табыңыз.
Геральдика тілінде көк түс және оның түрлі реңкі – ........ , сенімділік, үміт сияқты адамгершілік қасиеттерге сай келеді.
А) адалдық
В) арман
С) жақсылық
D) батырлық
Сөйлемге қажетті сөзді табыңыз.
Нұрға малынған ................... тыныштық пен байлықты бейнелейді.
А) жарық күн
В) алтын күн
С) сары күн
D) ашық күн
Сөйлемге қажетті сөзді табыңыз.
......... – елдіктің, тәуелсіздіктің шынайы белгісі.
А) Елтаңба
В) Ту
С) Мемлекеттік тіл
D) Астана
ЖАЗЫЛЫМ
1-тапсырма. Сөйлемдерді мәтінге сәйкес толықтырып жазыңыз.
1.Бірыңғай көк, көгілдір түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанның биік күмбезін елестетеді және ..................................................................................... аңғартады.
2. .............................................................................тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған.
3.Геральдика тілінде көк түс және оның түрлі реңкі – ................................... .......................................... үміт сияқты адамгершілік қасиеттерге сай келеді.
4.Нұрға малынған ............................................................ бейнелейді.
5.Күн – қозғалыс, ........................................................................ белгісі.
6. ............................................................................................... қазақ халқының еркіндік сүйгіш асқақ рухын және елдің жан дүниесінің кеңдігін паш етеді.
2-тапсырма.Сөздердің синонимін жазыңыз.
Нышан, реңк, ұғым, ниет-тілек, бейне, шынайы.
Тезаурус
Нышан – бір нәрсенің белгісі
Реңк – түр, түс, келбет, өң
Ұғым – түсінік
Ниет-тілек – ықылас, ынта, мақсат, ой
Бейне – кескін - келбет, сымбат
Шынайы – адал, ақ, таза, ақиқат
Анықтама
бодандық – покоренность, подчиненность
зәулім ғимараттар – высотные зданий
шикізат – сырье
ұлттық құндылық– народное достояние
рәміз – символ
мәртебе – авторитет, престиж, слава
8-Блок.
36-сабақ: Қазақ халқының дәстүрлі өнері
Грамматика: Анықтауыштық қатынастың берілуі
Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.
Дәстүрлі өнер, қара шаңырақ, айбалта, көшпелі, айшық түймелер, жону
ойып жасалған, өмілдірік, арқау алған.
Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.
Дәстүрлі өнер
Қазақ халқының дәстүрлі өнері – көшпелі түркі тектес халықтар әлемінің алып бәйтерегі, қара шаңырағы. Ол ерте кезден-ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған. Мысалы, Геродот былай деп жазып қалдырған: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан істелген. Бас киім мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған. Сондай-ақ ат омырауындағы өмілдіріктер де мыстан соғылып, жүген сулығы ауыздығы тағы да басқа бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріп, безендірілген». Геродот пен бірге Ктесий, Страбон да қазақ топырағын мекендеген сақтар мен массағаттардың барлық заттарының әшекейленіп, киімдерінің өзіне тән үлгісі барын айтады.
Академик Ә.Марғұлан: «Есть основание полагать что народное искусство казахов находится в генетической связи с искусством саков, усуней, гуннов и других племен, населявщих в древности территорию Казахстана»,- деп көшпенді халық өнерінен бастау алғанын теория жүзінде дәлелдеген.
Тайпалар еңбек құралдарын, қарулар, сәндік заттар, тұрмыстық бұйымдар жасауда құю, қақтау, қысып өрнектеу, жону, тегістеп жылтырату техникасын жақсы меңгерді, заттарға өрнек сала білді. Мысалы, қазақ жерінен табылған айшық түймелер, жылқының сүйегінен ойып жасалған ромб, үшбұрыш тәрізді бейнелерді атауға болады.
Ол кең байтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ тәрізді көне түркі тайпаларының мәдениетінен арқау алғаны ғалымдар өз еңбектерінде сөз етеді. Мысалы, С.Қасиманов: «халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчестволық өнер жиынтығы» десе, ал М.С.Мұқанов: «… дәстүрлі халық өнерінің негізі. Халық мұрасынсыз алға басу мүмкін еместігін» — ескертеді.
(Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. — Алматы: Қазақстан, 1995. – 240б)
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қазақ халқының дәстүрлі өнері көшпелі түркі тектес халықтардың несіболып табылады?
2. Геродот пен бірге Ктесий, Страбон да қазақ топырағын мекен еткендердің барлық заттары туралы не айтқан?
3. Тайпалар еңбек құралдары, қарулар, сәндік заттар, тұрмыстық бұйымдарға не сала білді?
4. Қазақ жерінен табылған қандай бейнелерді кездестіруге болады?
5.Халық мұрасы жөнінде кімдер пікірлер айтқан?
Жазылым
1-жазылым. Сөйлемдердің сыңарын табыңыз.
Қазақ халқының дәстүрлі өнері – көшпелі түркі тектес халықтар әлемінің алып бәйтерегі, .............
«Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған жайдың металдан істелген бөлшектері, .........................
3. .... , үшбұрыш тәрізді бейнелерді атауға болады.
2-жазылым. Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырыңыз.
1.Сондай-ақ ат .... .... де мыстан соғылып, ... ... ... тағы да басқа бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріп, безендірілген.
2. Геродот пен бірге Ктесий, Страбон да қазақ топырағын мекендеген ... мен ... барлық заттарының әшекейленіп, киімдерінің өзіне тән ... бар ын айтады.
3.Тайпалар еңбек құралдарын, ..., ... заттар, ... бұйымдар жасауда ..., ..., ... ... өрнектеу, жону, тегістеп ... техникасын жақсы меңгерді, заттарға өрнек сала білді.
4. Мысалы, қазақ жерінен табылған ... ..., жылқының сүйегінен ойып жасалған ..., ... тәрізді бейнелерді атауға болады.