Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ахметова УМК 1-курс Ахметова 6.09 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

7Блок. Менің Отаным – Қазақстан

31-сабақ

Менің елім – тәуелсіз Қазақстан Жай сөйлемдегі сөйлем мүшелері мен салалас құралас сөйлем бөліктері арасындағы байланыстың берілуі

Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын есте сақтаңыз.

Көшпелі, өркениет, қуатты әміршілер, зиялылар, сәтсіздікке ұшырады, зиян, ел тұтастығы.

Мәтінді оқыңыз.

Менің елім – тәуелсіз Қазақстан

Ел ретінде Қазақстан жас мемлекет болғанымен, оның тарихы Еуразияның Ұлы көшпелі өркениетінің үш мыңжылдық тарихынан ажырағысыз. Батыстан Шығысқа қарай, шығыстан батысқа қарай Қазақ даласы арқылы Үндістан мен Иранға, Мидия мен Қырымға, Еділ мен Кавказға, Еуропа мен Қытайға арийліктер, сақтар, ғұндар, түркілер, қыпшақтар, моңғолдар ағылды. Олардың ізі Қазақ жерінде қалды.

Уақыт өте келе Еділ мен Ертістің арасындағы далалық алқапта көшпелі империялардың ұрпақтары қазақ деген біртұтас халыққа бірікті. Қазақ хандығы құрылып, Керей мен Жәнібек, Қасым мен Хақназар, Есім мен Тәуке, т.б. хандар Дешті Қыпшақтың қуатты әміршілері болды.

Қилы-қилы замандарды бастан өткізіп, қазақ елі дербестігінен айрылып, Ресей империясының қол астына өтті. Тәуелсіздікті аңсап, қайта қалпына келтіремін деген «Алаш» зиялылырының демократиялық идеялары сәтсіздікке ұшырады. 1930-жылдардан бастап тоталитарлық жүйе халықтың тіліне, дәстүрі мен салтына, тарихы мен мәдениетіне зиянын тигізді.

Көпұлтты Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқстанда тәуелсіздігін жариялады. Дәл осы күні Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары «Қазақстан Республикасынының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылдады.

Осыдан бастап Қазақстан Тәуелсіз мемлекет ретінде дами бастады. Әрі Қазақстан тәуелсіздігін дүниежүзінің ондаған елі таныды. Елімізді алғашқылардың бірі болып Түркия, АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания мемлекеттері таныды. Қазақстан шетелдерде дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашуға кірісті. Республикамыз егемендікке қол жеткізген алғашқы күндерінен-ақ басқа мемлекеттермен келісімшарттар жасады. Еліміздің алдында көптеген маңызды міндеттер тұрды. Ол ең әуелі ел тұтастығын сақтау міндеті тұрды. Қазір біздің Қазақстан – тәуелсіз, ынтымағы жарасқан ел. Сондықтан да Қазақстан әлем санасатын мемлекеттердің біріне айналды.

(«Қазақ тарихы» журналынан, 2013 жыл).

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Қазақстан қандай мемлекет?

2. Қазақ даласы арқылы арийліктер, сақтар, ғұндар, түркілер, қыпшақтар, моңғолдар қайда ағылды?

3. Дешті Қыпшақтың әміршілері болған хандарды атаңыз.

4. Қазақ елі дербестігінен айрылып, қай мемлекеттің қол астына өтті?

5. Тәуелсіздікті аңсап, қайта қалпына келтіремін деген «Алаш» зиялылырының демократиялық идеялары неге ұшырады?

6. Қазақстанның тәуелсіздігін ең алғаш қай мемлекеттер таныды?

ЖАЗЫЛЫМ

1-жазылым. Сөздерді, сөйлемдерді байланыстырушы жалғаулықтарға назар аударып, жазыңыз.

Ел ретінде Қазақстан жас мемлекет болса да, оның тарихы Еуразияның Ұлы көшпелі өркениетінің үш мыңжылдық тарихынан ажырағысыз. Қазақ даласы арқылы Үндістан мен Иранға, Мидия мен Қырымға, Еділ мен Кавказға, Еуропа мен Қытайға арийліктер, сақтар, ғұндар, түркілер, қыпшақтар, моңғолдар ағылды. 1930-жылдардан бастап тоталитарлық жүйе халықтың тіліне, дәстүрі мен салтына, тарихы мен мәдениетіне зиянын тигізді.

2-жазылым. Сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.

Уақыт өте келе Еділ ... Ертістің арасындағы далалық алқапта көшпелі империялардың ұрпақтары қазақ деген біртұтас халыққа бірікті. Қазақ хандығы құрылып, Керей ... Жәнібек, Қасым ... Хақназар, Есім ... Тәуке, т.б. хандар Дешті Қыпшақтың қуатты әміршілері болды.

ТЫҢДАЛЫМ

Мәтінді мұхият тыңдаңыз.

Отансүйгіштік сезім

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Отансүйгіштік пен қаһармандықтың үлгілері дегеніміз не?

2.Отансүйгіштік дегеніміз не?

3.Отансүйгіштік пен ұлтшылдықтың айырмашылығы қандай?

4..Отансүйгіштік сезімі қалай қалыптасады?

Тыңдалым мәтіні бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

Мәтінде жоқ ақпаратты табыңыз.

А) Қазақ халқының патриоттық тәрбиесінің тамыры терең.

В) Отансүйгіштік сезім – ертеден қалыптасқан, ескірмейтін, әрқашан жаңа

жақтан көрініс табатын, мәңгілік ұғым.

С) Ол – ананың ақ сүтімен біртіндеп қалыптасады.

D) Отансүйгіштік сезім – әр адамға керек қасиет.

.......................... – ана тіліңді, еліңнің салт-дәстүрін құрметтеу деген сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.

А) Отансүйгіштік

В) Патриоттық

С) Ұлтшылдық

D)Табандылық

Мәтінде кездесетін сөзді табыңыз.

А) тұрмыс-салт

В) салт-дәстүр

С) Салт-сана

D) әдет

Дұрыс жазылған сөзді табыңыз.

А) Қахарман

В) қаһарман

С) қақарман

D) қакарман

Сөйлемге қажетті сөзді табыңыз.

Сан ғасырлар бойы .................. сезімнің сан түрлі үлгілерін тарих дәлелдеп отыр.

А) махаббат

В) туысқандық

С) отансүйгіштік

D) бауырмалдық

Тезаурус

Жанына жақын – ұнайды

жүрекке жылы тию ( көңілге қону) – ұнады

игілікке жұмсау – қажетіне жұмсау, жарату, пайдалану

Анықтама

көшпелі кочевой; кочующий, передвижной

өркениет цивилизация

қуатты әміршілер сильные (влиятельные) повелители,

правители

зиялылар образованный, интеллигентный

сәтсіздік неудача

зиян вред, ущерб, убыток

ел тұтастығы единство народа

ұғым понятие

қаһармандық мужество (героизм)

ерік-жігер сила-воля

32-сабақ