Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ахметова УМК 1-курс Ахметова 6.09 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

Денсаулықты күтудің жолдары

Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын есте сақтаңыз.

Абзал, дәрумен, итмұрын, ағзадағы тотығу, жүрек қантамыр жүйесі, қарақұмық.

Мәтінді оқыңыз.

Дәрумендердің пайдасы

Адам ағзасына дәрумендердің пайдасы көп. Сондықтан оны қажетті мөлшерде қабылдап тұрған абзал. А дәрумені сүйектердің дұрыс өсіп жетілуіне, көздің көру қызметіне пайдалы. Терінің қайта жаңаруын қамтамасыз етеді. Бұл дәрумендер сәбізде, тәтті бұрышта, көк пиязда, қымызда, итмұрында көп мөлшерде кездеседі.

С дәрумені ағзадағы тотығу – қалпына келтіру үдерісінің негізгі компоненті. Жұқпалы ауруларға қарсы төзімділікті арттырады. Ағзаның темірді сіңіруіне көмектеседі. Тамырдың қабырғаларын нығайтады. Ақжелкенде, аскөкте, қызанақта, қара және қызыл қарақатта, тәтті бұрышта, цитрус жемістерінде, картопта, пиязда көп кездеседі.

Е дәрумені – ағзаны қалпына келтіру үдерістеріне тікелей әсер етеді. Атеросклероз ауруының алдын алады. Жүрек қантамыр жүйесінің жұмысын жақсартады. Бұл дәрумен бауырда, жұмыртқада, бидайдың өнген дәндерінде, сұлы және қарақұмық жармаларында, жаңғақ тұқымдас өсімдіктердің майларында , сүт құрамында кездеседі.

В тобындағы дәрумендер жүйке жүйесінің жұмысын жақсартып, ақуызды, майды, көмір-суларды сіңіруге көмектеседі. Сондай-ақ көздің көру қызметін жақсартады. Гормондардың түзілуіне әсер етіп, холестериннің мөлшерін азайтады. Жұқпалы ауруларға қарсы тұру қызметін арттырып, бауырдың қызметін жақсартады. В дәрумені нанда, сүтте, ірімшікте, жұмыртқада, қарақатта, алмада, бадамшада, қызанақта, бұршақтарда, күнбағыста, саңырауқұлақта, кепкен өрікте, балық, ет тағамдарында, жармалар мен бананда бар.

(«Жан мен тән саулығы» газетінен, 2013ж.).

Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің синонимін табыңыз.

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.

  1. Адам ағзасына ................. пайдасы көп.

  2. ............................ сүйектердің дұрыс өсіп жетілуіне, көздің көру қызметіне пайдалы.

  3. С дәрумені ............. тотығу – қалпына келтіру үдерісінің негізгі компоненті.

  4. ............. ............... ауруының алдын алады.

  5. Сондай-ақ көздің .................................... қызметін жақсартады.

  6. Гормондардың түзілуіне әсер етіп, ............................ мөлшерін азайтады.

  7. В дәрумені ........................................................................................ бар.

Тыңдалым

Мәтінді мұхият тыңдаңыз.

Шипалы сазбен емделу

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Денсаулықты сатып алуға болады ма?

  2. Адам денсаулығын жақсартуға көмегі тиетін қандай емдеу шараларын білесіз?

  3. Сазбен өз бетіңше емделе беруге болады ма?

  4. Дәрігерлер емдік шараларды қалай белгілейді?

Анықтама

Сұлулық красота

Саз балшық глина

Шипалы саз ваннасы лечебная глинная ванна

Емдік саз лечебная глина

Тест сұрақтарына тыңдалым мәтініне сәйкес жауап беріңіз.

Табиғи емдеу шараларының бірі?

А) шипалы саз ваннасы

В) сүлік салу

С) сылау

D) уқалау

Бұрыннан-ақ адамдар ненің пайдасын аңғара бастаған?

А) ине салудың

В) саз балшықтың

С) булаудың

D) таза ауаның

Емдік саздың құрамында кездесетін заттар.

А) су мен минералдар

В) ылғал мен тұздар

С) тұз бен су

D) органикалық заттар

Саз балшықтар нені емдеуге таптырмас ем?

А) аяқ-қолды

В) жұқарған жүйкені

С) жүректі

D) бүйрек пен бауырды

30-сабақ