
- •Силлабус (жұмыс оқу бағдарламасы)
- •Оқу бағдарламасы бойынша сағаттарды бөлу
- •3. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу.
- •3. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •6.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •Студенттің білімін бақылау және бағалау
- •Оқу тәртібінің саясаты.
- •Глоссарий – сөздік
- •І Модуль: Қатысымның әлеуметтік-тұрмыстық саласы
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасы және ұлттық дәстүрлер
- •Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Қазақстанды сағынып жүрмін
- •2 Блок. Жас отбасы және дәстүр
- •6 Сабақ
- •Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер Грамматика: Заттың мөлшерлік және сапалық сипаты
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер
- •Жас отбасының негізгі шығындары
- •Қазақстандағы отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі
- •3 Блок. Тұрғын үй
- •Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы
- •Шаңырақ немесе отау көтеру Грамматика: Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі
- •Шаңырақ немесе отау көтеру салты
- •Пәтер интерьері
- •16‑Сабақ
- •Кішіпейілділіктен адам кішіреймейді
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Мамандығыңыз темпераментіңізге сай ма?
- •5 Блок.
- •Уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Студенттің бос уақыты.
- •Студент және уақыт
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыт –алтыннан қымбат
- •Уақытты бағалай біл
- •Фразеологизмдердегі мезгілдік мағынаның берілуі.
- •Күн тәртібі және денсаулық Грамматика: Іс-әрекетке бұйырудың берілуі
- •Күн тәртібі және денсаулық
- •Назар аударыңыз!
- •Уақытты қалай пайдаланып жүрмін?
- •Уақытты тиімді пайдалану
- •6 Блок. Саламатты өмір салты
- •Дені саудың - жаны сау Грамматика: Салдардың берілуі
- •Ауру – астан
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Денсаулықты күтудің жолдары
- •Дәрумендердің пайдасы
- •Пайдалы кеңестер
- •Тез жылынудың жолдары
- •7Блок. Менің Отаным – Қазақстан
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан Жай сөйлемдегі сөйлем мүшелері мен салалас құралас сөйлем бөліктері арасындағы байланыстың берілуі
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан - көп ұлтты мемлекет
- •Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені
- •Анықтауыштық қатынастың берілуіне назар аударыңыз.
- •Халықтық қолөнер
- •Қазақ театр және кино өнері Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Алғашқы театр және кино өнерінің дамуы
- •Өнер жұлдыздары
- •Күләш Жасынқызы Байсейітова
- •Шәкен Кенжетайұлы Айманов
- •Ұлттық мәдениет тамыры
- •Ұлттық мәдениет
- •Грамматика: Кеңістіктік қатынастың берілуі (выражение пространственных отношений)
- •Айтыс өнері
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Күйші Дина
- •Нұрпейісова Дина
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Тыңдалымдар:
- •(Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен сұхбат)
- •Шипалы сазбен емделу
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Білімгерлердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Лист внесения изменения и дополнения
Тазалық – денсаулық кепілі
Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын есте сақтаңыз.
Тағамның сапасы, жеке бас гигиенасы, тұтынушылар саны, сараптама жасау, егде жастағы кісілер, зардап шегу, мағлұмат беру, қадағалау комитеті, сапалы тауарды айыру.
Мәтінді оқып, мазмұнын талдаңыз.
Адам ішкі ағзасының бұзылуы күнделікті тұтынған тағамының сапасы мен тазалығынан болады. Екіншіден, жеке бас гигиенасына салғырт қарағандықтан, дерттің асқыну қаупі туындайды. Жеміс-жидек жан-жақтан ағылып келіп жатқан жаз мезгілінде оны тұтынушылар саны арта түседі. Жылда республикалық деңгейде сақтандыру шаралары тұрақты өткізіліп келеді. «Халықтың денсаулығы – қауіпсіз тағамда» атты акция жыл сайын жалғасын табуда. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен осы шара «Әсем» сауда орталығында жүргізіліп, халық сатып алған азық-түліктерінің құрамын тексеруден өткізді. «Еуразия» сауда орталығында да осындай сараптама жасалды.
Акция барысында департамент қызметкерлері тұрғындарға тазалықты сақтау мен қалай тамақтану керектігі жөнінде жазылған ақпараттарды таратты. Жастар жағы сатып алған азық-түліктерінің құрамын тексеруге онша қызыққан жоқ. Ал тексертуге кезекке тұрғандардың көпшілігі егде жастағы кісілер болды.
«Біз үш айда бір рет осылай сауда нүктелерінде азық-түліктердің сапасын тексеріп тұрамыз. Біздің байқағанымыз, құрамында нитраты көп тағамдардан уланғандарға қарағанда, жеке бас гигиенасын сақтамағаннан зардап шегетіндер көп. Жалпы бұл акция денсаулықты сақтау мен сапалы тауарды қалай айыру керектігі жөнінде халыққа мол мағлұмат береді», - деп ойлаймын дейді департамент бастығы.
Расында да, сатып алынған азық-түлікті тазалап жуып, тоңазытқышқа қою керек. Жұмыртқаның өзін сода ерітіндісіне салып, сабынды суда шүберекпен жуып, тазаланған жұмыртқаны тоңазытқышта 12 күнге дейін ұстауға болады. Жеміс-жидектерді жылы суға жуып жеу керек.
(Ғаламтордан).
Мәтінге байланысты сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Ағзаның бұзылуы неге байланысты?
2. Жылда қандай шаралар өткізіледі?
3. Акцияны кімдер өткізеді?
4.Акцияның қандай пайдасы бар?
ЖАЗЫЛЫМ
Сөйлемдерді сол себепті, өйткені, сондықтан жалғаулықтарын қолданып, салдар мәнді сөйлемге айналдырып жазыңыз.
Үлгі: Адамның ішкі ағзасының бұзылуы күнделікті тағамына байланысты, сондықтан оның сапасы мен тазалығын қадағалап отыру керек.
Адам ішкі ағзасының бұзылуы күнделікті тұтынған тағамының сапасы мен тазалығынан болады. Екіншіден, жеке бас гигиенасына салғырт қарағандықтан, дерттің асқыну қаупі туындайды. Жеміс-жидек жан-жақтан ағылып келіп жатқан жаз мезгілінде оны тұтынушылар саны арта түседі.
ТЫҢДАЛЫМ
Мәтінді тыңдаңыз.
Тазалық – денсаулық кепілі
Сұрақтарға жауап жазыңыз.
1.Адам денсаулығы неге байланысты?
2. Адам денсаулығы жақсы болуы үшін не істеуі керек?
3.Бөлмені желдетудің қандай пайдасы бар?
4. Көрпе-жастықтың қандай матадан тігілгені дұрыс?
5. Төсек-орынды қанша күнде ауыстыру керек?
Берілген сөздердің антонимін табыңыз.
Жақсы –
Дұрыс –
Оңай –
Жинау –
Мықты –
Тыңдалым мәтіні бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
Септігін тигізу деген тұрақты сөз тіркесінің баламасын табыңыз.
А) көмектесу
В) жұмыс істеу
С) демалу
D) бірге болу
2. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.
Адамның денсаулығы – ... байлығы
А) қоғам
В) елдің
С) мемлекеттің
D) халықтың
3. Күнделікті бір уақытта тұрып, бөлмені желдетіп, жаттығу жасауы, .... тазалап, беті-қолын жууы керек.
А) тісін
В) аяғын
С) төсегін
D) киімін
4. Көрпе-жастықтың тыстары ... жақсы өткізетін, оңай жуылатын болуы керек.
А) ауаны
В) суықты
С) жылыны
D) шаңды
Мақал-мәтелдерді есте сақтаңыз.
Тазалық – денсаулық негізі,
Денсаулық – байлық негізі
Анықтама
тағамның сапасы – качества пищи
жеке бас гигиенасы – личная гигиена
тұтынушылар саны – число потрибителей
сараптама жасау – делать экспертизу
егде жастағы кісілер – пожилые люди
зардап шегу – пострадать
мағлұмат беру – известить
қадағалау – наблюдать
сапалы тауар –- качественный товар
Тезаурус
Егде жастағы кісілер – қарттар, кәрі кісілер
Зардап шегу – зиян шекті, зияны тиді
29-сабақ