Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ахметова УМК 1-курс Ахметова 6.09 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

Ауру – астан

Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын ашыңыз.

Жер шары, таңғажайып тайпа, аңғар, сүт өнімдері, бойжеткен, өмір сүру ырғағы, құпия, нәтиже, тандыр нан, бадана.

Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздердің синонимін табыңыз.

Ұзақ жасайтын тайпа

Біздің қыры мен сыры мол, шешілмеген құпияға толы жер шарымызда ауру-сырқау дегенді білмейтін және өмір сүрулерінің орташа мөлшері 110-120 жасты құрайтын таңғажайып тайпа бар. Олар Үндістанның солтүстігіндегі Гималай тауларының бауырын, Хунза өзенінің аңғарларын мекендейді. Олардың 40 жастағы әйелдері сырт көзге біздің 18-20 жастағы бойжеткендеріміз секілді көрінсе, ал 60-65 жастағылары өмірге сәби әкеліп жатады екен.

Өздерін «хунзакуттармыз» деп атайтын бұл ерекше тайпа өкілдерінен әлем халықтары құпияларын ашуға өтінгенде, барлығы да бір ауыздан «ет жеме, әрдайым еңбек ет, өмір сүру ырғағыңды өзгертпе» деп жауап беріпті.

Олар – қатерлі ісік ауруына шалдықпаған әлемдегі жалғыз халық. Олардың қарттарының өзі кәрілікке бой алдырмайды.

Әлем елдері олар туралы мәліметті осы өлкеде 14 жыл еңбек еткен шотландық әскери дәрігер Мак-Каррисонның баяндамалары арқылы білген болатын. Одан өзге де дәрігерлер осы тайпаның құпиясын ашу үшін қаншама жыл ізденді. Нәтижесінде, ғалымдар ұзақ өмір сүрудің құпиясы – тамақтанудың ерекше жүйесі екен деген шешімге келіпті.

Хунзакуттардың басқа халықтардан ең басты айырмашылығы – барлығының вегетариан болғандығында. Олардың күнделікті астары – тандыр нан, көкөніс сорпасы, жеміс-жидектер, бадана,т.б.

Халық сүт және сүт өнімдеріне құрметпен қарағанымен, аса көп пайдаланбайды. Ас тұзы аздап қолданыстарында бар екен, қант пен бидай ұнын мүлдем қолданбайтын көрінеді.

(«Жан мен тән саулығы» газетінен, 2013ж.)

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Ауруды білмейтін тайпа қай жерді мекендейді?

  2. Ол қандай тайпа?

  3. Олардың орташа өмір сүру жасы қанша?

  4. Дәрігерлер осы тайпаның ұзақ өмір сүруінің құпиясы не дейді?

  5. Бұл тайпаның басқа халықтардан қандай айырмашылығы бар?

  6. Бұл тайпа қандай өнімдерді пайдаланбайды?

1-жазылым .Сөйлемдерді мәтінге сәйкес толықтырып, жазыңыз.

1. Олардың ... ... әйелдері сырт көзге біздің 18-20 жастағы бойжеткендеріміз секілді көрінсе, ал 60-65 жастағылары өмірге сәби әкеліп жатады екен.

2. Әлем елдері олар туралы мәліметті осы өлкеде 14 жыл еңбек еткен шотландық әскери дәрігер ................... баяндамалары арқылы білген болатын.

3. Нәтижесінде, ғалымдар ... ... ... құпиясы – тамақтанудың ерекше жүйесі екен деген шешімге келіпті.

4. Олардың күнделікті астары –

............................................................. .

2-жазылым. Сөйлемдерді нәтижесінде, сондықтан, өйткені жалғаулықтарын пайдаланып, себеп-салдар қатынастағы сөйлемдерге айналдырыңыз.

Олар – қатерлі ісік ауруына шалдықпаған әлемдегі жалғыз халық ......... . Олардың қарттарының өзі кәрілікке бой алдырмайды, ..................... . Халық сүт және сүт өнімдеріне құрметпен қарағанымен, аса көп пайдаланбайды, ......................................... .

ТЫҢДАЛЫМ

Мәтінді мұхият тыңдаңыз

Ауру – астан

Сұрақтарды мұхият тыңдап, дұрыс жауап беріңіз.

1.Ұзақ өмір сүрудің кепілі?

2. Адам өз денсаулығын қалай сақтай алады?

3. Адам ағзасына қатты әсер ететін зат?

4. Қандай тағамдар семіздікке әкеледі?

Анықтама

таңғажайып тайпа удивительная племя

аңғар ущелье, горная теснина, русло (реки)

сүт өнімдері молочные продукты

бойжеткен девушка

семіздік ожирение

ас мәзірі меню

мүлдем вообще, совсем, совершенно

құрғақ тамақ всухомятка

зат алмасу обмен веществ

Тыңдалым мәтініне байланысты тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1.Қандай өнімдерді пайдаланбаған жөн?

А) зиянды

В) пайдалы

С) дәруменді

D) таза

2.Нені үнемі есте ұстау қажет?

А) тұзды шектеуді

В) уақтылы тамақтануды

С) қолды жууды

D) ұйықтауды

3. Майлы тағамдарды, тәтті тағамдарды шамадан тыс жеу ағзада зат алмасуды бұзып, неге әкеледі?

А) семіздікке

В) ауруға

С) ұйқышылдыққа

D) жалқаулыққа

4. Қандай тамақтар адам денсаулығының бұзылуына бірден-бір кері әсерін тигізеді?

А) донер, самса, чизбургер

В) айран, сүт

С) қымыз, шұбат

D) құрт, ірімшік

28-сабақ