Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ахметова УМК 1-курс Ахметова 6.09 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

Күн тәртібі және денсаулық Грамматика: Іс-әрекетке бұйырудың берілуі

(выражение побуждения к действию)

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Ұйқы, барлық өмірі, тамақтану, ыңғайына қарай, адам денсаулығы, тындыру, қабілет, үй тапсырмасы, тәулік, денінің саулығын елестету, адам ағзасы, оптималды тәртібі, төрт фазалы тамақтану.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Күн тәртібі және денсаулық

Адамның барлық өмірі уақытты бөлуден құралады, кейбіреулер оны қоғамның талабымен жасаса, ал кейбіреулері жеке басының ыңғайына қарай орындайды. Дұрыс құрылған күн тәртібі дегеніміз ұйқының, тамақтанудың, еңбектің, және т.б. дұрыс ұйымдастырылуы. Күн тәртібін жасау адамды тиянақты болуға, жұмысын уақытында тындыруға және көп нәрсеге үлгеруге тәрбиелейді. Оның дұрыс қойылуы адам денсаулығының көрсеткіші болып та табылады.

Күн тәртібінің негізгі элементтерін анықтаған кезде адамның жұмыс істеу қабілетіне әсер ететін биологиялық ырғақты да есепке алған жөн.

Адамның жұмысқа деген қабілеті тәулік бойынша өзгеріп отырады, және өз шырқау шегіне сағат 10 мен 12 және 16 мен 18 аралықтарында жетеді. Түнде ол көрсеткіш едәуір төмендейді, әсіресе 1 мен 5 аралығында. Демек, таңертең оқитын оқушылар үй тапсырмасын он мен он екі аралығында, ал түстен кейін оқитындар төрт пен алты аралығында орындағандары абзал. Бұл уақыт сонымен қатар спортпен айналысу үшін де өте қолайлы.

Күнделікті тынығудың ең маңыздысы ұйқы болып табылады. Жеткілікті жақсы ұйқысыз адамның денінің саулығын елестету мүмкін емес. Орта есеппен алғанда адам тәулігіне сегіз сағаттан артық емес, жеті сағаттан кем емес уйықтауы керек.

Адам ағзасы үшін ең маңызды шарттардың бірі - ол тамақтану. Дұрыс тамақтану дегеніміз ағзаға қажетті қаттарды қалыпты мөлшерде алу деген сөз.

Дұрыс тамақтану тәртібі адам ағзасы үшін аса қажетті. Тамақтанудың ең оптималды тәртібі - төрт фазалы тамақтану. Олардың әрбіреуінің арасы төрт бес сағаттан аспауы қажет. Сол кезде ағза қабылдаған тамақ денеге қалыпты таралады.

Төрт фазалы тамақтануда таңғы ас күндік тамақтың 25%-ын, түскі ас – 35%, түстік – 15%, кешкі ас – 25%. Кешкі асты уйықтардың алдында 3 сағаттай бұрын ішкен абзал.

Алайда өкінішке орай, күніне төрт мезгіл тамақтану барлық адамның қолынан келе бермейді. Көп адамдар күніне үш мезгіл тамақтанады. Бұл жағдайда әр тамақтанудың арасы алты сағаттан аспағаны жөн. Ал күніне бір екі рет қана тамақтануға мүлдем жол берілмейді. Күн сайын белгілі бір уақытта ғана тамақтанып отырған дұрыс.

(Ашық энциклопедиясынан алынды)

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Адам өміріндегі уақыттарын қалай орындайды?

  2. Дұрыс құрылған күн тәртібі дегеніміз не?

  3. Күн тәртібін жасау адамға қандай пайдасы бар?

  4. Күнделікті тынығудың ең маңыздысы не?

  5. Дұрыс тамақтану дегеніміз не?

  6. Тамақтанудың оптималды тәртібінің қанша фазасы бар?

Жазылым

1-жазылым .Сөйлемнің сыңарын табыңыз.

  1. Адамның жұмысқа деген қабілеті тәулік бойынша өзгеріп отырады, .... .

  2. Түнде ол көрсеткіш едәуір төмендейді, ... .

  3. Демек, таңертең оқитын оқушылар үй тапсырмасын он мен он екі аралығында, ... .

  4. Орта есеппен алғанда адам тәулігіне сегіз сағаттан артық емес, ... .

  5. Алайда өкінішке орай, ... .