Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ахметова УМК 1-курс Ахметова 6.09 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

Уақыт –алтыннан қымбат

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Ақша, ақшалай, нақтылы, босқа, сәт, басқару, мезгілінде, үлгере алмау, кешігу, орындау, меңгеру, қажеттілік, тиісті, міндет, ақсүйектік, мойындамау, сезіну, қадағалау, белгілеу, іскер, мәртебелі.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Уақытты бағалай біл

Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт - әркімнің нақтылы өмір капиталы. Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан теңгемен тең. Сол себепті уақыт алтыннан да қымбат.

Уақытты басқару-өнер. Біреу жұмысқа мезгілінде келіп, мезгілінде кетеді. Бірақ ешнәрсеге үлгере алмайды... Екінші біреу үнемі кешігіп жүреді, әйтсе де, жұмысын өз уақытында тамаша орындап үлгереді. Кеңес Одағы кезінде адамдарда уақытты меңгеруге деген еш қажеттілік болмады. Барлығының жұмысы бар, жұмыс уақыты белгілі, тиісті демаласын алады. Міндетін орындаса болды. Қазір олай емес, әркім өзі үшін жұмыс істейді.

Уақыт - ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат. Елдің бәріне ортақ бірақ күнтізбе бар, тек оны әркім әр түрлі пайдаланады. Кісінің кісілігі уақытты босқа жібермеуден басталмақ. Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады, өзіне-өзі бағыт белгілейді. Дүниедегі жаман дерт – еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады.

Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын – ұлы мәртебелі уақыт.

Батыстың «уақыт – ақша» деген мәтелі бізге де келіп жатқан сияқты. (axi-referat.ucoz.kz).

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Уақыт адам өмірінің несі?

  2. Уақыт – әркімге қаншалықты қажет?

  3. Адамның босқа кеткен әрбір сәті немен тең?

  4. Уақытты басқару өнер ме?

  5. Елдің бәріне ортақ не бар?

  6. Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын не?

Жазылым

1-жазылым.. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Халықтық өлшемнің бір түрі – уақыт ... .

2. Уақыт – ... маңызды категориясы.

3. Бұнсыз ... құндылықтарға назар аудару қиын.

4. Адам баласына уақыт бағалы, ... дүние.

5. Ата-бабаларымыз «уақыт алтыннан да қымбат» - деп тегін ... түймеген.

6. ... ұтылған өмірде де көп нәрседен ұтылады.

7. Уақытты қадірлемеу, бағаламау ... бос өткізгенмен бірдей.

(мәдениеттің, өлшемі, рухани, қымбат, ой, Уақыттан, өмірді)

2-жазылым. Мезгілдік конструкцияға айналдырып, оларды орыс тіліне аударыңыз.

Қазақ халқы, ұлы ақыны, мінезі жұмсақ, тілге бай, үйренуге тырысу, сынға алу, дүниенің кілті, дүние жүзі біледі, ақын өмірі, үлгі алу, үлкен азамат- ақын, дәрежеге жету, есімімен аталу.

Фразеологизмдердегі мезгілдік мағынаның берілуі.

Қазақ тілінде мезгіл, уақыт ұғымдары көптеген мақал-мәтелдерде де фразеологизмдер де бар.

Тез, шапшаңдық мағынасындағы мезгілді білдіретін фразеологизмдер: ә дегенше, әні-міні дегенше, әп-сәттің арасында, дем арасында, көзді ашып-жұмғанша, қас қағымда, ойда жоқта, сол бойда;

Іс-әрекеттің кенеттен болу мезгілінің берілуі:

Аяқ астынан, жоқ жерден, күтпеген жерден, ойламаған жерден;

Мезгілдің ұзақтығының берілуі: ертеден қара кешке дейін, күн ұзақ, ұзынды күн;

Тәуліктік уақыттың берілуі: кешкі уақыт, ымырт – ақ пен қызылдың арасында, апақ-сапақта, екі кештің арасында, ел орынға отыра, қас қарайғанда, қызыл іңірде, іңір қараңғылығында;

Қараңғы түн: ай қараңғысында, жеті қараңғыда;

Таң ату: ала таңда, құлқын сәріде, таң алагеуімде, таң ата, таң бозарғанда, таң қылың бергенде, таң сазарып атқанда, таң сәріде, таң сыз бергенде.

3-жазылым. Мақал –мәтелдердің мезгілдік конструкциясын анықтап, мағынасын ашыңыз.

  • Уақыт керуеніне бөгет жоқ.

  • Жасы бір құрдас емес, заманы бір құрдас.

  • Заманына қарай заңы, тоғайына қарай аңы.

  • Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені.

  • Жан жарасына уақыт емші.

Тыңдалым

Уақыт –алтыннан қымбат.

Тыңдаңыз.

Тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. Алғашқы Ай күнтізбесі қайда шыққан?

а) Вавилонда

в) Римде

с) Афинада

д) Парижде

2. Араб күнтізбесі неге негізделіп жасалынған?

а) Күн қозғалысына

в) Ай қозғалысына

с) Жұлдыздар қозғалысына

д) Планеталар қозғалысына

3. «Таң сәрі» қай уақыт?

а) Түс мезгілі

в) Кеш мезгілі

с) Жерге жарық түскен мезгіл

д) Жерге қараңғы түскен мезгіл

4. Һижра есебі – тікелей немен байланысты уақыт есебі?

а) Күнмен

в) Жұлдызбен

с) Планетамен

д) Аймен

5. «Ақшам» уақыттың қай кезі?

а) Қас қарайып, шам жағатын мезгіл

в) Кеш батып қараңғы түскен мезгіл

с) Таң атып жарық түскен кез

д) Түс болған мезгіл

Анықтама

Ақшалай – денежный

Нақтылы – конкретный

Босқа – зря

Сәт – мгновение,момент, миг

Басқару – управлять

Үлгере алмау – не успевать

Қажеттілік – нужда, необходимый, должный

Ақсүйектік – аристократичность

Кісілік – великосветский

Мойындамау – не признавать

Тезаурус

Һижра есебі – мұсылманша жыл санағы.

Құлан иек - таң жаңа сыз берген мезгіл.

Сәске - күн шылбыр бойы көтерілген мезгіл.

Қызыл іңір - күннің қызылы батыстан әлі жоғала қоймаған мезгіл.

24 –сабақ