Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ахметова УМК 1-курс Ахметова 6.09 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

5 Блок.

20-сабақ

Уақыт және адам

Іс-әрекеттің басталу сәті мен аяқталуының берілуі.

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Алтын уақыт, уақыт кешті, жастық шақ, санасу, жыл мезгілі, заман өзгерісі, дәуір, болашақ, алалық.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Уақыт алтыннан да қымбат

Уақыт зымырап өтіп жатыр. Ол ешқашан тоқтап тұрмақ емес. Бір данышпанның мынандай бір қанатты сөзі бар: «Кешегі күн өтіп кетті. Ертеңгі күн белгісіз. Сондықтан бүгінгі күннің құны мен қадірін біл». Расында да, біз өтіп жатқан уақыттың құнын біле бермейміз. Көбінесе уақыт өтіп кеткеннен кейін ғана «аһ» ұрамыз. Демек, уақыт - адам баласына берілген өткінші бағалы зат. Уақыт қайта айналып келмейді. Халқымызда уақытты не үшін алтынға балайды дейсің? Өйткені уақыт - дүниедегі ең қымбат нәрсе болғандықтан. Алтының әзірше өзіңде. Оған басқалар көз салмасын десең, дұрыстап сақта.

Уақытты көбінесе жаман әдеттер мен қылықтар құртады. Мысалы, жаман әдетке құмар адам уақытын тек осы жолға арнайды. Мақсатсыз қыдырымпаз адам уақытты тек бос сенделумен өткізеді. Құмар ойнағыш уақытын ойынмен толтырады.

Ал өзің алтын уақытыңды қалай өткізудесің?

Барлық нәрсе уақытты тиімді пайдалана білуге байланысты. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Уақытты меңгере алмаған адам жетістікке жете алмайды.

Уақыттың қадірін білу керек. Әрбір жылдың, айдың, аптаның, бір күннің, бір сағаттың, бір минуттың, бір секундтың өзіндік құны бар. Осыны түсіне біліңдер!

("RefTrend" http://reftrend.ru )

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Уақыт қайта айналып келе ме?

2. Уақытты қалай пайдаланған дұрыс ?

3. Мақсатсыз адам бос уақытты немен өткізеді?

4. Уақытты меңгере алмаған адам неге жете алмайды?

5. Уақытты көбінесе не құртады?

Жазылым

1-жазылым. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

  1. Уақытты көбінесе …. құртады.

  2. Барлық нәрсе ..... пайдалана білуге байланысты.

  3. Мақсатсыз қыдырымпаз адам уақытты тек бос сенделумен ... .

  4. Құмар ойнағыш уақытын ... .

2-жазылым. Сөйлемдерді оқыңыз. Мезгіл мәнді конструкцияны табыңыз.

«Кешегі күн өтіп кетті. Ертеңгі күн белгісіз. Сондықтан бүгінгі күннің құны мен қадірін біл». Расында да, біз өтіп жатқан уақыттың құнын біле бермейміз. Көбінесе уақыт өтіп кеткеннен кейін ғана «аһ» ұрамыз. Демек, уақыт – адам баласына берілген өткінші бағалы зат.

3-жазылым. Сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңыз.

1. Ал өзің алтын ... қалай өткізудесің?

2. Барлық нәрсе уақытты ... пайдалана білуге байланысты.

3. Әр нәрсенің өз ... бар.

4. Уақытты меңгере алмаған адам ... жете алмайды.

5. Уақыттың ... білу керек.

6. Әрбір жылдың, айдың, аптаның, бір күннің, бір сағаттың, бір минуттың, бір секундтың өзіндік ... бар.

Тыңдалым

Уақыт және адам

Тыңдаңыз.

Тест сұрақтарына жауап беріңіз:

1. Сөйлемдегі ақпаратты анықтаңыз: «Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өтпеу керек» - деп қай жазушы айтқан?

А) Абай Құнанбайұлы

В) Әзілхан Нұршайықов

С) Мұхтар Әуезов

Д) Ыбырай Алтынсарин

2. Сөйлемге қажетті сөзді көрсетіңіз: Уақыт … санаспайды, тез өтіп кетеді.

А) менімен

В) олармен

С) онымен

Д) бізбен

3. Қажетті қосымшасын көрсетіңіз: «Көктем… бір күні - жылға азық», - дейді халық.

а) - ның

в) - нің

с) - дің

д) - дың

4. Сөйлемді толықтырыңыз: Уақыт бар ғой деп … ісіңді ертеңге қалдырма.

а) кешегі

в) бүгінгі

с) өткен

д) болатын

5. Егер адам уақыттың ағып жатқан өмір екендігін түсінсе, онда ондай адам өз өмірінде көп нәрсеге … ….

а) армандайды

в) мақсат етеді

с) қол жеткізеді

д) ештеңеге жете алмайды

Анықтама

Алтын уақыт – золотое время

жастық шақ – молодость

уақытпен санасу – считаться со временем

жыл мезгілі – времена года

заман өзгерісі – перемена времени

дәуір – эпоха

балалық шақ – детство

Тезаурус

«Аһ» ұрамыз – өкінеміз.

Бір күндік қызықтар – аз уақыттық қуаныш.

Қор қылу– жоқ қылу.

21-сабақ