Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ахметова УМК 1-курс Ахметова 6.09 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Жан дүниесі, сана-сезім, сыйласу, психикалық өзгешеліктер, жүріс-тұрысы, ақау, ерік күші, аңғару.

Мәтінді оқыңыз.

Бұл өмірде адамдардың жан дүниесін танып-білудің, әрқайсының сана-сезімімен санаса келіп, олардың жеке-дара өзгешеліктерін түсіне білудің маңызы айрықша. Ол әрине, өзара қарым-қатынас жасау, сыйласу барысында анықталатын қасиеттер. Тек есте болатын бір жағдай, жеке адамның әртүрлі ерекшеліктерінің дамып, қалыптасуы оның өзі өмір сүріп отырған ортасына, ондағы қоғамдық қатынастарға (экономикалық, саяси) тәуелді. Өмірдің бір орында тұрмайтыны белгілі. Адамның айналасындағы жағдайлар үнемі өзгеріп отыратындықтан, оның әртүрлі психикалық өзгешеліктері де біртіндеп өзгеріске түседі. Соған қарамастан, адамның сыртқы кескін-келбеті, жүріс-тұрысы, сөйлесу, сәлемдесу әдебі, ұйықтау, отыру мәнері арқылы-ақ оның қандай мінезді, ақыл-парасатының, ерік күшінің, белсенділігінің қаншалықты екенін аңғаруға болады деп есептейді адамтану бойынша зерттеу жүргізушілер. Бәрі мүмкін. Өйткені ойшыл Меһмет Соймен айтпайды ма: «Дене мен рух, жеке-жеке нәрселер болумен қатар адамның өмірінде соншама сәйкескен, тіпті біреуінде болған ақау, екіншісіне де әсер етеді», деп.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Адамның жан‑дүниесін қалай танып‑білуге болады?

2. Адамның ерекшеліктерінің қалыптасуына не әсер етеді?

3. Адамтанушылар адамды танып‑білуге болатын әрекеттерге нені жатқызады?

4. Меһмет Сойменннің пікірінше дене мен рух қандай нәрселер болып саналады?

1-жазылым. Тұрақты тіркестердің сәйкес мағыналарын табыңыз

басыңа іс түсу

жаның күйзелу

өмір өткелдерінен өту

басыңнан бақ таю

күш-қуатың кету

кедергілерге ұшырау

шаңырағы шайқалу

2-жазылым. Сыртқы келбетті бейнелейтін бірнеше сөздер мен тіркестер жазыңыз.

Үлгі: кең маңдайлы, қыр мұрынды, ...

Тыңдалым

Мағжанның сыры

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

Мәтінде жоқ ақпаратты таңдаңыз.

A) Режисер Д. Исабековке пьеса жазуға тапсырыс береді.

B) Жазушы пьесаларды тек қана тапсырыспен жазады.

C) Мағжанды Пушкинмен теңестіруі.

D) Жазушыға Мағжанның әсіресе Москвадағы өмірінің ұнауы.

Мәтіндегі негізгі ақпаратты көрсетіңіз.

A) Жазушының Мағжанның мұхиттай, айсбергтей екенін тануы

B) Жазушыны тарихи тақырыптың қызықтырмауы.

C) Ақынның ғашықтық жырларының көркемдігі

D) Мағжанның ғылыми еңбектері

Мәтіндегі қосымша ақпаратты көрсетіңіз.

A) Мағжанның азғантай өмірде бәріне үлгіруі.

B) Жазушының Мағжанды өзі үшін ашуы.

C) Мағжанның М. Горький, В. Брюсов, С. Есенин, Д.Бедныйларды таңғалдыруы.

D) Мағжанды көрген қыздардың оған ғашық болуы.

Мәтіннің алғашқы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A) Мағжанның жазушылардың манифестін жазуы.

B) Мағжанның педагогиканы жазуы.

C) Мағжанның телегей теңіз талантпен біздің елде тууы.

D) Жазушы пьесаларының сахнадағы ғұмыры.

Мәтіннің соңғы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A) Мағжан өмірінің ешкімге ұқсамайтындығы.

B) Мағжанды жазушының зерттеуі.

C) Жазушының репрессия, түрмеден басқа не жазам деп ойлауы.

D) Балуан Шолақ туралы пьеса жазуы.

Анықтама

жан дүниесі – внутренний мир

сана-сезім – сознание

сыйласу – взаимоуважение

психикалық өзгешеліктер – психические особенности

жүріс-тұрысы – поступки и поведение

ақау – дефект, недостаток, изъян

ерік күші – сила воли

аңғару – заметить

Тезаурус

кілтін табу – шешімін табу

жылы қабылдау – жақсы қарсы алу

телегей теңіз шығарма – мол шығарма

18-сабақ