
- •Силлабус (жұмыс оқу бағдарламасы)
- •Оқу бағдарламасы бойынша сағаттарды бөлу
- •3. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу.
- •3. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •6.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •Студенттің білімін бақылау және бағалау
- •Оқу тәртібінің саясаты.
- •Глоссарий – сөздік
- •І Модуль: Қатысымның әлеуметтік-тұрмыстық саласы
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасы және ұлттық дәстүрлер
- •Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Қазақстанды сағынып жүрмін
- •2 Блок. Жас отбасы және дәстүр
- •6 Сабақ
- •Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер Грамматика: Заттың мөлшерлік және сапалық сипаты
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер
- •Жас отбасының негізгі шығындары
- •Қазақстандағы отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі
- •3 Блок. Тұрғын үй
- •Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы
- •Шаңырақ немесе отау көтеру Грамматика: Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі
- •Шаңырақ немесе отау көтеру салты
- •Пәтер интерьері
- •16‑Сабақ
- •Кішіпейілділіктен адам кішіреймейді
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Мамандығыңыз темпераментіңізге сай ма?
- •5 Блок.
- •Уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Студенттің бос уақыты.
- •Студент және уақыт
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыт –алтыннан қымбат
- •Уақытты бағалай біл
- •Фразеологизмдердегі мезгілдік мағынаның берілуі.
- •Күн тәртібі және денсаулық Грамматика: Іс-әрекетке бұйырудың берілуі
- •Күн тәртібі және денсаулық
- •Назар аударыңыз!
- •Уақытты қалай пайдаланып жүрмін?
- •Уақытты тиімді пайдалану
- •6 Блок. Саламатты өмір салты
- •Дені саудың - жаны сау Грамматика: Салдардың берілуі
- •Ауру – астан
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Денсаулықты күтудің жолдары
- •Дәрумендердің пайдасы
- •Пайдалы кеңестер
- •Тез жылынудың жолдары
- •7Блок. Менің Отаным – Қазақстан
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан Жай сөйлемдегі сөйлем мүшелері мен салалас құралас сөйлем бөліктері арасындағы байланыстың берілуі
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан - көп ұлтты мемлекет
- •Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені
- •Анықтауыштық қатынастың берілуіне назар аударыңыз.
- •Халықтық қолөнер
- •Қазақ театр және кино өнері Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Алғашқы театр және кино өнерінің дамуы
- •Өнер жұлдыздары
- •Күләш Жасынқызы Байсейітова
- •Шәкен Кенжетайұлы Айманов
- •Ұлттық мәдениет тамыры
- •Ұлттық мәдениет
- •Грамматика: Кеңістіктік қатынастың берілуі (выражение пространственных отношений)
- •Айтыс өнері
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Күйші Дина
- •Нұрпейісова Дина
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Тыңдалымдар:
- •(Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен сұхбат)
- •Шипалы сазбен емделу
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Білімгерлердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Лист внесения изменения и дополнения
16‑Сабақ
Сын есімді тіркестер мен сындық сипаттаманың берілуі
Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.
Кішіпейілділік, адамның азаматтығы, сүбелі үлес, көзге түсу, кепілдік нұсқаушысы, бағалану, жөн көру, ұя, уыз көңіл, үйлесімді, белді қызметкер.
Мәтінді оқыңыз.
Кішіпейілділіктен адам кішіреймейді
А
дамның
азаматтығының бір көрінетін жері оның
әдептілігі мен кішіпейілділігінен
болса керек. Өзінің жетпеген биігіне
шықтым деп айқайлайтындар жеткілікті.
Ал сол биікте тұрып, көптің көзіне түсе
бергісі келмейтіндер сирек. Сонысымен
де олар ерекшеленеді, сонысымен де
бағаланады. МАГАТЭ-нің халықаралық
кепілдік нұсқаушысы Достай Төлемешұлы
Раманқұлов бауырымыз сондай азаматтар
қатарына қосылады.
Жақында халықаралық атом қуаты жөніндегі агенттікке Бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығы берілді. Ұйымның көп жылғы жұмысы бағаланды. Солай болғанда да сол жұмысты атқарған адамдар ғой. Адамдар болғанда да, оның ішінде сүбелі үлес қосқандары болады, ол әркез атап көрсетіледі. МАГАТЭ-нің басшысы – Бас директор Мохаммад Барадейдің қызметі әлемге белгілі. Бұрындары да бірнеше рет сол Нобель сыйлығына үміткерлер қатарында Барадейдің аты аталып жүрді. Бірақ сыйлық беретін комитет бір адамның емес, бүкіл ұйымның жұмысын атап өтуді жөн көріп, сыйлықты МАГАТЭ-ге берді. Демек, бұл сол ұйымның басқа қызметкерлерінің де еңбегі бағаланды деген сөз. Бағаланғанда, аттары аталып, сыйлық ұсынылды. Соның бірі – Достай Раманқұлов.
Венада тұратын бауырымызға телефон шалып, лауреат болғанымен құттықтадық.
–Бұл сыйлық МАГАТЭ-ге берілді, сондықтан өзімізді лауреатпыз дегеніміз артық болар, – деді Достай.
– Сол сыйлыққа ие болған адамдардың тізімі жасалып, суреттеріңіз атақты “Шпигель” журналында жарияланып, Интернетке де шықты.
– Қалай болғанда да, ұйымға берілген атақты иемдену ыңғайсыз ғой…
– Ал ақшалай сыйлығын алған жоқсыздар ма? – деп біз ойымызды нықтай түстік.
–Иә, алдық… Бірақ сол сыйлықты түгелдей Африкадағы жетім-жесірлерге арналған көмек қорына аудардық, – деді Достай Төлемешұлы. – Осы жерде сол сыйлықтың жартысы бас директор Барадей мырзаға берілгенін еске алыңыздар. Жартысын басқаларымыз бөліскенбіз. Бәріміз де оны көмек қорына аударғанды жөн көрдік. Ең бастысы – еңбегіміздің бағаланғаны ғой. Әлем халқына бейбітшілік керек. Соғыстың болмағаны, оның ішінде, ядролық қарудың қолданылмағаны керек. Ұйымымыз соған атсалысып жүр. Сол жұмыс бағаланды, сол қуаныш… .
Кішіпейілділіктен адам кішіреймейді дейміз. Сірә, өсе түседі, биіктейді десек, жөн-ау. Басқа біреу болса, әлдеқашан-ақ лауреат болдым, құттықтаңдар деп жар салып жатпас па еді. Достай бауырымыз кішіпейілділіктен асқысы жоқ. Ұйымға берілген сыйлық үшін оған белсенді үлес қосқан адамдарды лауреат деп атаған жөн бе, жоқ па, оны алда уақыт көрсете жатар, бірақ Достай Раманқұловтың МАГАТЭ-дей аса беделді халықаралық ұйымда жемісті еңбек етіп, үлкен абыройға бөленіп жүргені шын мәнінде мақтануға тұрарлық. Ол өзінің ғана емес, бүкіл бір айтулы ұйымның беделін көтеруге үлес қосып жүрген азамат.
Азаматтықтың тағы бір белгісі өз мүддесін елінің мүддесімен ұштастыруы болар. Ұяда осындай уыз-көңілді ішіп өскен баланың өскендегі ісі де соған үйлесімді болатындай көрінеді. МАГАТЭ-нің белді қызметкері, қарапайым қазақ баласы Достай Төлемешұлы Раманқұловтың өмірі соның бір дәлеліндей.
(«Егемен Қазақстан» газетінен).
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Адамның азаматтығы неден байқалады?
2.Нобель сыйлығын алған МАГАТЭ қызметкерлері туралы қайда жарияланды?
3.Достай Раманқұлов МАГАТЭ-де қандай қызмет атқарады?
4.Кішіпейілділіктен адам кішірейе ме?
5.Сыйлық иелері ақшаларын қайда жұмсады?
6.Қазақ баласы Достай Раманқұловтың мінез‑құлқы қалай қалыптасқан?
1- жазылым. Сөйлемнің сыңарын табыңыз:
Адамның азаматтығының бір көрінетін жері ..............
Бірақ сыйлық беретін комитет бір адамның емес, бүкіл ұйымның жұмысын атап өтуді жөн көріп,..........
3. Басқа біреу болса, әлдеқашан-ақ лауреат болдым,...........
4. Ең бастысы – ............
5. Ұйымға берілген сыйлық үшін оған белсенді үлес қосқан адамдарды лауреат деп атаған жөн бе, жоқ па,............
6. Ол өзінің ғана емес, .............
7. Сол жұмыс бағаланды........
2-жазылым. Мәтіннен адамның болмыс-бітімін бейнелейтін сөздерді тауып жазыңыз.
3-жазылым. Мына сөздер мен тіркестердің синонимдік қатарын жазыңыз.
Ыңғайсыз, беделін көтеру, үлес қосу, ел мүддесі, жар салу, сүбелі үлес қосу, белді қызметкер, ат салысу, абыройға бөлену
Тыңдалым
Ас атасы
Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.
1. Бұл оқиға қай жерде болды?
А) ауылда
В) есік алдында
С) банкінің жанында
D) асхананың ауласында
2. Әңгімеші жердегі нанды неліктен көтерді?
А) аш жүрді
В) дүкенге нанға бара жатқан
С) нан қасиетті
D) тегін тамақ
3. Қарт адам нанды неге көтермеді?
А) Түркияда тұрады
В) жағдайы жақсы
С) көшедегілерден ұялды
D жастарды сынады
4. 63 адамның ішінен нанды көтерген бір-ақ адам болды. Неге?
А) халық бай тұрады
В) тоқшылық
С) тәрбие дұрыс емес
D) жерден алған ұят
5. Қыздың құлағына әжесінің қандай сөзі келгендей болды?
А) Нанды таптама
В) Нанды көтер
С) Дүниедегі ең ұлық нәрсе – нан
D) Нан оңайлықпен табылмайды
Анықтама
кішіпейілділік – скромность, добродушие
адамның азаматтығы – мужественность, человечность
сүбелі үлес – весомый вклад
көзге түсу – выделяться среди других
кепілдік нұсқаушысы –страховой инструктор
бағалану – быть оцененным
жөн көру – тсчитать правильным
ұя– родной дом (переносн.)
уыз көңіл– чистая душа
үйлесімді–гармоничный
белді қызметкер– ведущий работник
17 -САБАҚ