
- •Силлабус (жұмыс оқу бағдарламасы)
- •Оқу бағдарламасы бойынша сағаттарды бөлу
- •3. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу.
- •3. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •6.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •Студенттің білімін бақылау және бағалау
- •Оқу тәртібінің саясаты.
- •Глоссарий – сөздік
- •І Модуль: Қатысымның әлеуметтік-тұрмыстық саласы
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасы және ұлттық дәстүрлер
- •Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Қазақстанды сағынып жүрмін
- •2 Блок. Жас отбасы және дәстүр
- •6 Сабақ
- •Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер Грамматика: Заттың мөлшерлік және сапалық сипаты
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер
- •Жас отбасының негізгі шығындары
- •Қазақстандағы отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі
- •3 Блок. Тұрғын үй
- •Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы
- •Шаңырақ немесе отау көтеру Грамматика: Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі
- •Шаңырақ немесе отау көтеру салты
- •Пәтер интерьері
- •16‑Сабақ
- •Кішіпейілділіктен адам кішіреймейді
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Мамандығыңыз темпераментіңізге сай ма?
- •5 Блок.
- •Уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Студенттің бос уақыты.
- •Студент және уақыт
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыт –алтыннан қымбат
- •Уақытты бағалай біл
- •Фразеологизмдердегі мезгілдік мағынаның берілуі.
- •Күн тәртібі және денсаулық Грамматика: Іс-әрекетке бұйырудың берілуі
- •Күн тәртібі және денсаулық
- •Назар аударыңыз!
- •Уақытты қалай пайдаланып жүрмін?
- •Уақытты тиімді пайдалану
- •6 Блок. Саламатты өмір салты
- •Дені саудың - жаны сау Грамматика: Салдардың берілуі
- •Ауру – астан
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Денсаулықты күтудің жолдары
- •Дәрумендердің пайдасы
- •Пайдалы кеңестер
- •Тез жылынудың жолдары
- •7Блок. Менің Отаным – Қазақстан
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан Жай сөйлемдегі сөйлем мүшелері мен салалас құралас сөйлем бөліктері арасындағы байланыстың берілуі
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан - көп ұлтты мемлекет
- •Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені
- •Анықтауыштық қатынастың берілуіне назар аударыңыз.
- •Халықтық қолөнер
- •Қазақ театр және кино өнері Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Алғашқы театр және кино өнерінің дамуы
- •Өнер жұлдыздары
- •Күләш Жасынқызы Байсейітова
- •Шәкен Кенжетайұлы Айманов
- •Ұлттық мәдениет тамыры
- •Ұлттық мәдениет
- •Грамматика: Кеңістіктік қатынастың берілуі (выражение пространственных отношений)
- •Айтыс өнері
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Күйші Дина
- •Нұрпейісова Дина
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Тыңдалымдар:
- •(Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен сұхбат)
- •Шипалы сазбен емделу
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Білімгерлердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Лист внесения изменения и дополнения
Шаңырақ немесе отау көтеру Грамматика: Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі
Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:
Жауһар жыр, отау көтеру, жұп, қыз жасауы, жабдықтау, бақан, босаға, түтіннің түзу шығуы, төңіректеу, көрімдік, түндік ашу.
Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.
Шаңырақ немесе отау көтеру салты
«Көтерілген отауың құтты болып, ұзақ жасап ішінде сүйсін жарың» деп халқымыздың жауһар жырының бірі «Қыз Жібекте» айтылғандай, ұлтымыздың мәдениетінде «отау көтеру» деген сөз бар. Ол «үйлену, жұпты болу» деген мағынаны білдіреді. Демек, жастар үйленіп, отау көтеруге тиіс. Аталарымыз «отау көтеру» салтына ерекше мән берген. Әдетте, ұлы үйленетін, қызы тұрмысқа шығатын ата-ана алдымен отау дайындайды. Қыз жасауына отау қосыла берілетін. Отау жас отбасының бақыт шаңырағы болып саналатындықтан, оны барынша әсемдеп, әдемілеп, толық жабдықтап әзірлеу – аз шаруа емес. Оған көрші-көлем, жақын туыс, нағашы-жиендер тегіс араласады. Ыдыс-аяқтан бастап, сандық, кілемдердің бәрін әкеледі. Сөйтіп, бүкіл ауыл болып отау көтеру әрі қызық, әрі міндетті іс. Отау алғаш тігілгенде оны құрметті әрі елге сыйлы аналар бастайды. Шаңырақты да бақанға ақ мата байлап, ел ағалары көтереді. Отқа май құйылады, «босаға майлау» жасалады. Алғашқы дастархан жайылып, оған мол тағам жасалады. Кіргендер шашу шашып, «құтты болсын», «іші жанға, сырты малға толсын» деген тілекпен қуанышын білдіреді. Жақын туыстар отауға көрімдік әкеліп, мал атайды, бағалы мүліктер сыйлайды. Жас отау әке үйінің оң жағына тігіледі. Бұл үйге жасы үлкендер шақырусыз кірмейді. Ал жастар мен балалар қызықтап, осы отауды төңіректейді. Ауылдастар мен жанашырлар жас отау түтінінің түзу шығуын, жаңа үйленгендердің тұрмыс-тіршілігін сырттай бақылап, келінге баға беріп отырады. Жас келін ерте тұрып, өз үйінің ғана емес, жанындағы іргелес үйлердің де түндігін ашуы оның әдептілігі мен мәдениеттілігін білдіреді. Келін инабатты, үлкендерге ізетті болса, ауыл болып оны аялайды, жақсы тілектерін аямайды. Бұндай келіндер қарттардың батасына ие болып, шаңырақтың ғана емес, елдің көркіне айналады.
http://kk.wikipedia.org/wiki (ғаламтор желісінен бейімдеп алынды)
Сұрақтарға жауап беріңіз.
«Отау көтеру» дегеніміз не?
Отауды кім дайындайды?
Отауды жабдықтауға кімдер қатысады?
Отау тігуді кімдер бастайды?
«Босаға майлау» дәстүрінде қандай әрекет жасалады?
1-жазылым. Отау көтеруге байланысты тілекті толықтырыңыз.
1. Шаңырағың .....
Керегең ..... болсын!
2. Шаңырағыңнан .... кетпесін.
3. Қазаның ... түспесін.
4. Үйлерің аталы,
Дастарханың ..... болсын!
2-жазылым. Мәтіндегі есімшелі тіркестерді өзгертіп жазыңыз.
Үлгі:
«Қыз Жібекте» айтылғандай – «Қыз Жібек» жырында жырланған. Аталарымыз «отау көтеру» салтына ерекше мән берген – Аталарымыз «отау көтеру» салтына ерекше назар аударған.
Тыңдалым
Қарлығаш
Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.
Мәтінде қандай үй сипаты айтылған:
A) қала үйі
B) киіз үй
C) ауыл үйі
D) қора
Мәтін тақырыбын таңдаңыз.
A) Қарлығаш
B) Менің қарлығашым
C) Қарлығаштың балапандары
D) Қарлығаш – адамға дос құс
Мәтінге сәйкес ақпаратты көрсетіңіз.
A) Қарлығаштар үйренген ұясына оралады
B) Ақ жіп байлау арқылы құсты оралтуға болады
C) Құстар балапандарын күзде ұшуға үйретеді
D) Көктемде құстар жылы жақтан оралады
Мәтіндегі қосымша ақпаратты көрсетіңіз.
A) Барлық құстар үйге ұя салады
B) Адамдар құстарға қамқорлық жасайды
C) Қарлығаштар балапандарына өте қамқор болады
D) Көп құстар күзде өзі өскен ұясынан кетпейді
Мәтіннің қорытындысын көрсетіңіз.
A) Құстар қамқорлық күтеді
B) Қарлығаш – сирек кездесетін құс
C) Құстар бір-біріне ұқсамайды
D) Ұшқан ұяға оралу
Анықтама
жауһар жыр – здесь: драгоценная поэзия
жұп – пара
жабдықтау – обставить
бақан – шест
босаға – порог
түтіннің түзу шығуы (фраз.) – мир и согласие в семье
төңіректеу – околачиваться, подвизаться
көрімдік – этн. подарок
түндік ашу – этн. открыть четырехугольный войлок, закрывающий купол юрты
Тезаурус
отау көтеру – өз алдына үй болу, отбасын құру
қыз жасауы – қызға берілетін үй жабдықтары
босаға – есіктің жақтау ағашы
түтінің түзу шықсын! – тілек: отбасың тату болсын, жақсылық болсын!
көрімдік – жаңа затқа, жас келінге, сәбиге берілетін сыйлық
14-сабақ
Қала көркі – әсем үй
Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.
Тұрғын үй кешені, әлеуетті, қауым, жоба, әрлеу, желдету жүйесі, қалауы бойынша, еңкейтіп салынған, тік тұру, шолу, заманауи, шаң-тозаң, бірегей, сәулетші, дәл іргесі, бірінші тоқсан.
Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.
«BI Group» компаниясы Астанада жаңа форматтағы «Viva Plaza» тұрғын үй кешенін таныстырды. Бұл шараға компанияның 100-ге жуық әлеуетті клиенттері қатысты. « BI Group» холдингінің басшысы Айдын Рахымбаев сөз сөйлеп, жиналған қауымды компанияның жобасымен таныстырды.
«Бүгін таныстырып отырған тұрғын үй кешені «Аll inclusive» сегменті бойынша салынуда. Біз клиенттерге таза әрлеуден өткен, жиһаздары орнатылған, жылу, желдету жүйесі, тұрмыстық құралдары басқарылатын, «ақылды үй» функциялары орнатылған пәтерлер ұсынып отырмыз», - деді Айдын Рахымбаев өз сөзінде.
«Viva Plaza» кешенінде әр пәтердің интерьер дизайны әртүрлі. Таза әрлеу жұмыстарын да клиент modern немесе classic стилінде таңдай алады. Клиенттің қалауы бойынша, пәтерге жарықты, жылуды, желдету жүйесін, тұрмыстық техникаларды және қауіпсіздік жүйесін басқаратын «ақылды үй» функциясы орнатыла алады.
«Viva Plaza» тұрғын үй кешені 9 және 17 қабатты ғимараттардан тұрады. Жоба авторларының айтуынша, «Viva Plaza» кешені еңкейтіп салынған: үй жерге қарай 3 см еңкейтіп салынғандықтан, бүкіл ғимараттың қабырғасын тік тұрып шола аласыз.
«Тапсырыс беруші BI Group компаниясымен жұмыс істеу бізге ұнайды. Компания өз жобаларында ең заманауи және барынша ұзаққа шыдайтын материалдар қолданады. «Viva Plaza» кешенінің құрылысында өзін шаң-тозаңнан тазалай алатын бірегей материалдар қолдану жоспарлануда. Тек «Viva Plaza» кешенінде бағалы «KeraTwin» керамикалық тақталары қолданылатын болады. Тұрғындар мен қонақтар бұл ерекшелікті жоғары бағалайды деген үміттемін» деді сәулетші, «Viva Plaza» жобасының авторы Алексей Блиновский.
Бұл тұрғын үй кешені жаңа орталықта – «Бәйтерек» монументі көрінетін жерде орналасқан, ҚР Қорғаныс министрлігі мен «Абу Даби Плаза Астана» кешенінің дәл іргесінде салынуда.
« Viva Plaza» жобасын «Цеснабанк» АҚ қаржыландыруда. «Vive Plaza» кешені 2014 жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға беріледі.
http://vivaplaza.kz/news/ (ғаламтордан бейімдеп алынды)
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Холдинг басшысы жиналған қауымды немен таныстырды?
Viva Plaza – қандай ғимарат?
3. Бүкіл ғимараттың қабырғасын қалайша тік тұрып шолуға болады?
4. Үйге қандай материалдар қолданады?
5. Бірегей материалдар неден тазалай алады?
1-жазылым. Сөйлемді толықтырыңыз.
Viva Plaza тұрғын үй кешені клиенттеріне мынадай пәтерлер ұсынады:
таза әрлеуден ....
жиһаздары .....
желдету ........
тұрмыстық құралдары .....
«ақылды үй» функциялары ....
әр пәтердің интерьер дизайны ....
2-жазылым. Мәтіннен анықтауышты сөз тіркесін табыңыз.
Үлгі: тазалай алатын, көрінетін жер
Тыңдалым
Біздің пәтер
Тыңдалым сұрақтарына жауап беріңіз.
1. Пәтер қай қабатта орналасқан?
А) бірінші
Б) бесінші
С) үшінші
2. Отбасында қанша адам бар?
А) көп
Б) аз
С) төрт
3. Бөлме гүлдерінің орны қайда?
А) жазда балконда, қыста үйдегі терезе алдында
Б) қысы-жазы ас үйде
С) барлық бөлмеде
4. Гүлдер адамға қандай сезім сыйлайды?
А) қуаныш сыйлайды
Б) адамға жайлылық сыйлайды
С) адам көңілін көтереді, көз қуантады
Анықтама
тұрғын үй кешені – жилой комплекс
әлеуетті – потенциальный
қауым – община, народ
жоба – проект
әрлеу – укращать
желдету жүйесі – система винтиляции
қалауы бойынша – по желанию
еңкейтіп салынған – наклонный, был возведён с наклоном
тік тұру – встать прямо
шолу –обозревать
заманауи – современный
шаң-тозаң – пыль
бірегей – уникальный
сәулетші – архитектор
дәл іргесі – қасында, жанында, рядом
бірінші тоқсан – первый квартал, первая четверть
Тезаурус
қауым – ел, халық, көпшілік
ірге – этн. киіз үй керегесінің төменгі жағы
қаржыландыру – қаржы + лан + дыр+ у, ақша бөлу
15-сабақ