
- •Силлабус (жұмыс оқу бағдарламасы)
- •Оқу бағдарламасы бойынша сағаттарды бөлу
- •3. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу.
- •3. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •6.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •Студенттің білімін бақылау және бағалау
- •Оқу тәртібінің саясаты.
- •Глоссарий – сөздік
- •І Модуль: Қатысымның әлеуметтік-тұрмыстық саласы
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасы және ұлттық дәстүрлер
- •Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Қазақстанды сағынып жүрмін
- •2 Блок. Жас отбасы және дәстүр
- •6 Сабақ
- •Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер Грамматика: Заттың мөлшерлік және сапалық сипаты
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер
- •Жас отбасының негізгі шығындары
- •Қазақстандағы отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі
- •3 Блок. Тұрғын үй
- •Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы
- •Шаңырақ немесе отау көтеру Грамматика: Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі
- •Шаңырақ немесе отау көтеру салты
- •Пәтер интерьері
- •16‑Сабақ
- •Кішіпейілділіктен адам кішіреймейді
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Мамандығыңыз темпераментіңізге сай ма?
- •5 Блок.
- •Уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Студенттің бос уақыты.
- •Студент және уақыт
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыт –алтыннан қымбат
- •Уақытты бағалай біл
- •Фразеологизмдердегі мезгілдік мағынаның берілуі.
- •Күн тәртібі және денсаулық Грамматика: Іс-әрекетке бұйырудың берілуі
- •Күн тәртібі және денсаулық
- •Назар аударыңыз!
- •Уақытты қалай пайдаланып жүрмін?
- •Уақытты тиімді пайдалану
- •6 Блок. Саламатты өмір салты
- •Дені саудың - жаны сау Грамматика: Салдардың берілуі
- •Ауру – астан
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Денсаулықты күтудің жолдары
- •Дәрумендердің пайдасы
- •Пайдалы кеңестер
- •Тез жылынудың жолдары
- •7Блок. Менің Отаным – Қазақстан
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан Жай сөйлемдегі сөйлем мүшелері мен салалас құралас сөйлем бөліктері арасындағы байланыстың берілуі
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан - көп ұлтты мемлекет
- •Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені
- •Анықтауыштық қатынастың берілуіне назар аударыңыз.
- •Халықтық қолөнер
- •Қазақ театр және кино өнері Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Алғашқы театр және кино өнерінің дамуы
- •Өнер жұлдыздары
- •Күләш Жасынқызы Байсейітова
- •Шәкен Кенжетайұлы Айманов
- •Ұлттық мәдениет тамыры
- •Ұлттық мәдениет
- •Грамматика: Кеңістіктік қатынастың берілуі (выражение пространственных отношений)
- •Айтыс өнері
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Күйші Дина
- •Нұрпейісова Дина
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Тыңдалымдар:
- •(Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен сұхбат)
- •Шипалы сазбен емделу
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Білімгерлердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Лист внесения изменения и дополнения
3 Блок. Тұрғын үй
12-сабақ
Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы
Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.
Елді мекен, қыруар, жан саны, орта есеппен, ру басы, шатқал, ауыз су, отырықшы өмір салты, үрдіс, бас сұғу, дін ұстану, аула, күмбез, тезек, қолға қарап қалу, қораға қамалу, пішен.
Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.
Ертеректе қазақтар шағын елді мекендерде — ауылдарда тұрды. Қыруар көп малды бағу үшін олар шағын ауыл болып тұруға мәжбүр еді. Әр ауылдағы шаруашылық 5-20 отбасынан аспады. Әдетте ауыл ең жақын туыстардан құралды. Әр отбасындағы жан саны орта есеппен 5-7 адамнан келді. Ауылды ең жасы үлкен кісі, би немесе құрметті ақсақал басқарды. Әр ауыл көбінесе белгілі бір ру басының атымен аталды. Ауыл орманның шетінде, өзеннің не көлдің жағасында, ал таулы жерлерде шатқалдың ішінде орналасты. Орман мен тау қысқы суықтар мен борандар кезінде малды аман сақтаудың табиғи қорғанысы саналды. Ол жерлерден отын мен құрылыс материалдарын жинап алуға да мүмкіндік мол еді. Қоныс таңдаған кезде қазақтар су көздерінің – өзендер мен көлдердің, мол сулы бұлақтардың болуын мұқият ескерді. Олардан ауыз су алды, мал суарды. Ондай су көздері болмаған жағдайда құдық қазып алуға тырысатын.
Қазақтар жаз кезінде киіз үйлерде тұрды. Киіз үй – «Атамыз – Алаш, керегеміз – ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз», деп аталы сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы. Шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй тұрағы, құтты мекен-жайы, еншісі, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланады. Киіз үйден қазақ халқының аспан әлеміне, есептеу жүйесіне, экономикалық біліктігі, мәдениет пен өнердегі талғамы, жалпы өмір тәжірибесіндегі іске бейімділігі аңғарылады.
Киіз үй – тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды. Ол ағаш, киіз, ши, ішінара күмістен құрастырылды әрі көшпелі құрылыс түріне жатады. Дала тұрғындарының тапқырлық шешімін осы тұрғыдан қарап бағалаған әлем ғылымы, мәдениеті мен өнерінің білімпаз сарапшылары дүниежүзілік, халықаралық, этнография көрмелерінде қазақтың осы өнеріне әрқашан жоғары баға беріп отырған. Мысалы, 1861 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік этнографиялық көрмеде қазақтың киіз үйіне еуропалықтар таңғалып, жүлделі орын берген. Германияның Гамбург, Майндағы Франкфурт қалаларындағы мұражайларда да қазақ киіз үйлері бар.
Неміс ғалымы Ф. фон Шварц былай деп жазды: «Қазақтардың қысы-жазы бірдей тұра беретін бірден-бір баспанасы киіз үй болып табылады. Киіз үй адамның қашаннан бергі ойлап тапқан ең ғажайып практикалық өнертабысының бірі екенінде дay жоқ». Киіз үйдің ағаштан жасалатын бөліктерін арнаулы шеберлер – үйшілер, ал киізден жасалатын жабдықтарын киіз басатын әйелдер әзірлейтін. Үйдің бау-шуларын құрастыру, тігу мен жығу да әйелдердің үлесіне тиетін.
Киіз үйдің ішіндегі ең құрметті орын болып «төр» саналды. Төрге ең сыйлы адамдар мен қадірлі қонақтар шығарылады. Үйге бас сұққан қонақ қандай дін ұстанатынына, қай ұлттың өкілі екендігіне қарамастан, сол үй иесінің сенімді қорғауында болатын. Қазақтар киіз үй мен қысқы тұрғын үйдің ішін қамыс пен қураған ағаш және тезек жағып жылытатын. Қазақтарда өсіп тұрған ағашты кесуге қатаң тыйым салынатын.
Аулада шаруашылыққа арналған төбесі күмбез тәріздес «шошала» тұрғызылды. Онда ет және басқа да азық-түлік өнімдері сақталды, ас пісірілді. Қыс кезінде қолға қарап қалатын мал түн мезгілінде мал қораға қамалатын. Мал қораның үстіне көбінесе пішен жиналатын. XIX ғасырдың 30-50-жылдарында қазақтардың отырықшы өмір салтына көшуіне байланысты тұрақты баспана салу үрдісі орнықты.
http://kk.wikipedia.org/wiki
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Ертеректе қазақтар неге шағын ауыл болып тұрды?
Ауыл кімдерден құралды?
Таулы жерлердегі ауыл қайда орналасты?
Су көздері болмаған жағдайда не істейтін болған?
Тұрақты баспана салу үрдісі неліктен орнықты?
1-жазылым. Сөйлемді толықтырыңыз.
Ауыл дегеніміз –
Әр ауыл көбінесе белгілі бір ........
Су көздері дегеніміз –
Киіз үйдің ішіндегі ең құрметті орын –
Шошалада сақталатындар –
2-жазылым. Киіз үйдің, оған қажетті тұрмыстық заттардың суретін салыңыз. Оларды неге пайдаланатынын жазыңыз. Мысалы, сіз шаңырақтың суретін салдыңыз дейік. Енді оның қызметі қандай, соны жазыңыз. Ал киіз, кілем, алаша салсаңыз, не жазар едіңіз? Күбі, саба, ожау, т.б. салсаңыз ше?
Тыңдалым
Естелік
Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.
Мәтін тақырыбын таңдаңыз.
A) Абай мен Әйгерім
B) Әйгерімнің кілттері
C) Әйгерім апа
D) Әйгерімнің үйі
Мәтінге сәйкес ақпаратты көрсетіңіз.
A) Сандық – киім сақтайтын зат
B) Тәтті-дәмділер сандықта сақталады.
C) Сандықтың аузы үнемі ашық тұрады.
D) Есікті кілттеп қояды.
Мәтіндегі қосымша ақпаратты көрсетіңіз.
A) Абай мен Әйгерімнің үйі – алты қанатты киіз үй.
B) Әйгерім апа асықпай қимылдайтын кісі болды.
C) Сандықтың кілті табылса, балалар қуанатын.
D) Әйгерім балажан, мейірімді жан еді.
Мәтіннің қорытындысын көрсетіңіз.
A) Балалар да жақсыға үйір
B) Балалы үй – базар
C) Абай үйі – қонақжай
D) Құт сандық
Мәтінде киіз үйге қатысты қандай сөздер аталды?
A) төр, ақсақал, сандық
B) бешпент, кілт, төсек
C) алты қанат ақ үй, кереге
D) ақ төсек, сандық, киіз
Анықтама
елді мекен – населенный пункт
қыруар – многочисленный
жан саны – количество людей
орта есеппен – в среднем
ру басы – глава рода
шатқал – каньон
ауыз су – питьевая вода
отырықшы өмір салты – оседлый образ жизни
үрдіс – тенденция, обычай
бас сұғу (фраз.) – зайти
дін ұстану – придерживаться определенной религии
аула – двор
күмбез – купол
тезек – кизяк
қораға қамалу – держать в сарае, быть загнанным в загон
пішен – сено
Тезаурус
Алты қанат үй – үлкендеу киіз үй
Кереге – киіз үйдің бөлшегі
Бешпент – қазақ киімі
Қолға қарап қалу – адамның көмегін қажет ету
13-сабақ