
- •Силлабус (жұмыс оқу бағдарламасы)
- •Оқу бағдарламасы бойынша сағаттарды бөлу
- •3. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу.
- •3. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •6.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •Студенттің білімін бақылау және бағалау
- •Оқу тәртібінің саясаты.
- •Глоссарий – сөздік
- •І Модуль: Қатысымның әлеуметтік-тұрмыстық саласы
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасы және ұлттық дәстүрлер
- •Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Қазақстанды сағынып жүрмін
- •2 Блок. Жас отбасы және дәстүр
- •6 Сабақ
- •Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер Грамматика: Заттың мөлшерлік және сапалық сипаты
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер
- •Жас отбасының негізгі шығындары
- •Қазақстандағы отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі
- •3 Блок. Тұрғын үй
- •Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы
- •Шаңырақ немесе отау көтеру Грамматика: Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі
- •Шаңырақ немесе отау көтеру салты
- •Пәтер интерьері
- •16‑Сабақ
- •Кішіпейілділіктен адам кішіреймейді
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Мамандығыңыз темпераментіңізге сай ма?
- •5 Блок.
- •Уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Студенттің бос уақыты.
- •Студент және уақыт
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыт –алтыннан қымбат
- •Уақытты бағалай біл
- •Фразеологизмдердегі мезгілдік мағынаның берілуі.
- •Күн тәртібі және денсаулық Грамматика: Іс-әрекетке бұйырудың берілуі
- •Күн тәртібі және денсаулық
- •Назар аударыңыз!
- •Уақытты қалай пайдаланып жүрмін?
- •Уақытты тиімді пайдалану
- •6 Блок. Саламатты өмір салты
- •Дені саудың - жаны сау Грамматика: Салдардың берілуі
- •Ауру – астан
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Денсаулықты күтудің жолдары
- •Дәрумендердің пайдасы
- •Пайдалы кеңестер
- •Тез жылынудың жолдары
- •7Блок. Менің Отаным – Қазақстан
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан Жай сөйлемдегі сөйлем мүшелері мен салалас құралас сөйлем бөліктері арасындағы байланыстың берілуі
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан - көп ұлтты мемлекет
- •Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені
- •Анықтауыштық қатынастың берілуіне назар аударыңыз.
- •Халықтық қолөнер
- •Қазақ театр және кино өнері Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Алғашқы театр және кино өнерінің дамуы
- •Өнер жұлдыздары
- •Күләш Жасынқызы Байсейітова
- •Шәкен Кенжетайұлы Айманов
- •Ұлттық мәдениет тамыры
- •Ұлттық мәдениет
- •Грамматика: Кеңістіктік қатынастың берілуі (выражение пространственных отношений)
- •Айтыс өнері
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Күйші Дина
- •Нұрпейісова Дина
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Тыңдалымдар:
- •(Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен сұхбат)
- •Шипалы сазбен емделу
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Білімгерлердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Лист внесения изменения и дополнения
Жас отбасының негізгі шығындары
Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.
Кіріс, шығыс, үнемдеу, бастапқы ая, үдеріс, қағида, тап болу, бағдарлау, болжамды, тыңдарман.
Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.
Қазір «экономика», «үнемдеу», «нарықтық заман», «кіріс және шығыс» сөздері тек қаржы саласына ғана тән емес сөздер қатарында болып қалды. «Экономика» сөзі – «үй шаруашылығын басқару» деген мағына беретін бастапқы аясынан әлдеқайда кеңейді.
Отбасылық экономиканы басқару дегеніміз – бұл, шындап келгенде, отбасы өмірінің мәнін арттыру. Осы бір қызықты үдеріс негізінде оңай ғана қағида жатыр, ол – кіріс пен шығысқа бақылау жүргізу.
Егер сіз айлық жалақыға дейін біреуден қарыз сұрауға тура келетін жағдайларға жиі тап болсаңыз, онда ол – ақшаға деген сіздің көзқарасыңызды тез арада өзгерту қажеттілігінің алғашқы белгісі. Өз табысыңыз бен жұмсайтын шығыныңызды бағдарлауды үйреніңіз. Өзіңізге қаржы шынайылығын нақты бағалауға талап қойыңыз: қанша шығын жұмсайсыз және қанша табыс табасыз? Алғашқы қадам ретінде айлық жалақыңызды қарастыру да жеткілікті. Қазақстандықтардың басым көпшілігі айлықтан айлыққа дейін өмір сүреді, сондықтан ай сайынғы қаржыландыру бақылаудың тиімді үлгісі болып табылады. Бір айлық шығыс пен кіріс барынша болжамды.
“Бюджет” сөзі тура аудармасында «ақшалы қалта» деген ұғымды білдіреді. Тұрмыстық түсінікте бұл – отбасы қоржынына келіп түсетін қордың көбеюі мен азаюының сәйкестігін шығаратын ақшалай кіріс пен шығыстың қарапайым жазбасы. Бюджет екіге бөлінеді – кіріс және шығыс. Кіріс бөлігіне белгілі бір уақыт аралығында алуға жоспарланатын барлық табыс түрі, ал шығыс бөлігіне соған сәйкес болжалды барлық шығындар жатады. Қаржылай жетістікке жету жолындағы ең басты алғашқы қиын қадам – нақты шығынның толық бейнесін жасай білу. Көптеген кеңесшілер жеке қаржыны басқару жөнінде жүргізген өз тренингтерінде ең алдымен тыңдармандардан барлық шығысты түсіріп отыру үшін бір парақ қағаз бен қалам дайындауларын өтінеді. Бұл толтырылған қағаз, әдетте, өз ақшаларын басқарумен айналысуға ниет қойған адамдардың қаржылай жетістігінің іргетасын қалаудағы алғашқы тасы болып табылады.
Алдыңғы айдың бюджетін есіңізге түсіріңіз. Классикалық түрде сіздің отбасылық бюджетіңіз тұрмысқа ең қажетті деген тауарларды сатып алудан басталатынын ұмытпаңыз.
(«Отбасылық бюджетті басқару негіздері» кітабынан)
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Отбасы экономиясын басқару деген не?
2. Айлыққа дейін қарыз сұрап жүру –ненің белгісі?
3. Бюджетті жоспарлау үшін отбасы мүшелері нені меңгеруі керек?
4. Қаржы тапшылығынан қалай құтылуға болады?
5. Отбасылық бюджет неден басталады?
6. Қазақстанда қаржыландыру қанша мерзімде болады?
1-жазылым. Берілген сөз тіркестерінің сыңарын тапсаңыз, мәтінге жоспар шығады.
1. Отбасылық экономика – .....
2. Шығыс болмай, .........
3. Қажеттілік және ........
2-жазылым. Сөйлемдерге Қандай? Қалай? деген сұрақтарды қойып, қысқартып жазыңыз. Үлгі: «Экономика» сөзі қандай мағына береді?
Тыңдалым
Тұтыну себеті
Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.
1. Үйге күнде қандай заттар сатып аласың?
А) көп затты
Б) аз затты
С) қажетті заттарды
3. Заттың қымбат болуы неге байланысты?
А) бағасына
Б) аз болуына
С) сапасына
3. Қалай саудаласу керек?
А) мәдениетті
Б) ақырын
С) баяу
Анықтама
кіріс –доход
шығыс – расход
үнемдеу – экономить, бережное расходование
бастапқы ая – алғашқы мағынасы, бастапқы мәні
үдеріс – процесс
қағида – правило, закон, установление, теория
тап болу (фраз.) – оказаться
бағдарлау – планировать
болжамды – предположительный
тыңдарман – слушатель
Тезаурус
орнықты сөз – дұрыс, сабырлы, мәдениетті сөз
әшекей зат – әсем, сәнді жасалған зергерлік заттар
қанағат – барға риза болу
10-САБАҚ
Таным патшалығы
Байланыстырушы етістіктер
Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.
Иіс, күнә, таңдау, тән, дәмін тату, қайтып оралу, ниет түзулігі, пенделік рахат, кірлену, балау, мақтау мен даттау, наразылық, қозу, даңқ, өзімшілдік, қуаттау, тұрақтау.
Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.
Өмір – саяхат. Мәселен, көзбен көресің, қолмен ұстап көресің, иісін немесе өзге әсерін сезінесің. Бірақ ештеңені алып кете алмайсың. Яғни кел, көр, рахаттан. Сырттай қарағанда да, ішкі дүниеде де солай. Кісі бұл саяхатты көре, сезіне, тани жүріп, шамасы келсе, санасы жетсе, күнәларын түзетеді, жан дүниесі тазарады, байиды. Адамзат баласының бәріне қойылар талап бір: саяхатқа келдің, көр, пайдалан, саяхат тәртібін сақта, саяхатқа шыққаныңа риза болып рахаттан, бірақ уақытша екеніңді ұмытпа.
Кісі өзінің жолаушы ғана екенін сезінбесе, өмірінде кездейсоқ кездесіп қалған сияқты болып көрінетін заңдылықтар көбейеді. Саяхат ерте аяқталады.
Адамның алдында таңдау көп. Таңдау жан мен тәнді, рухты таза ұстау секілді мінез ережесіне бағытталған болса, адам қай жолмен жүрсе де жетістікке жетеді, ол мейлі сауда болсын, мейлі кәсіпкерлік болсын, мейлі шығармашылық немесе мемлекеттік қызмет болсын. Адам өмірінде бәрін де: махаббаттың, отбасының, биліктің, саясаттың, тәрбиешіліктің, спорттың, соғыстың, ой және қол еңбегінің дәмін татып көргенде ғана рухани өсудің барлық сатысынан өтеді. Адамның ниеті, іс-қимылы жақсы болсын, жаман болсын, өзіне қайтып оралады. Ниет түзулігін ұстанбайтын, оны іс жүзінде қолданбайтын адам өз әрекетімен өзіне ғана емес, ұрпағына да зиянын тигізуі мүмкін. Адам жаны пенделік рахатты ең қымбат нәрсеге балауынан кірленеді. Құдайға деген махаббат адамға қанат бітіреді. Біздің жанымыздағы махаббат қаншалықты мол болса, әлемді соншалықты өзімізге бағындырамыз, сөйтіп жаманшылықты жақсылыққа айналдырамыз.
Егер сіз жеткен жетістігіңізді мақтау мен даттаудың өлшемімен өлшесеңіз, сіз таусылмайтын үрейде боласыз. Жақсы атақ немесе белгілі болу сіздің одан әрі дамуыңызға кедергі болуы мүмкін. Даңқ та жақсы болып көрінуге тырысу сияқты ауыртпалықты нәрсе. Мақтау мен даттау мәселесі неден тұрады?
Егер топ сіздің әрбір қадамыңызды мақұлдаса, сіз өзіңізді жақсы сезінесіз, бірақ сіз ендігі жолы бұрынғыдай қол соқпай қалса, тынышсызданасыз. Егер топ сізге сынай қараса, келіспеушілік немесе наразылық білдірсе, сіз реніш сезінесіз. Осы екі жағдайдың қайсысында болса да сізде қозу пайда болады, әрі тәуелді боласыз.
Жақсы атақ қалай кедергі болуы мүмкін? Әдетте жақсы атақ жақсы жұмысты орындау нәтижесінде көрінеді. Егер сіз жақсы атағыңызды сақтауға тырыссаңыз, сіз әрі қарай дамуға керек еркіндік пен шындықты жоғалтып алуыңыз мүмкін. Даңқ қалайша өзің туралы уайымдауға алып келеді?
Жақсы жұмысты істеу үшін сіз өзіңізге өзіңіз қамқоршы болуыңыз керек. Сіз өзіңізді жақсы бағалай білуіңіз керек және өзгелерге өзіңізді бағалауға мүмкіндік беруіңіз керек. Өзімшілдіктен аулақ болып, өзгелердің де жеңісін қуаттай білсеңіз, табыс сізде тұрақтап қалады.
(Мырзагелді Кемел. «Ақыл қалта» кітабынан)
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Өмірге келген адам кімге ұқсар еді?
2. Адамдарға өмір қандай мүмкіндік береді?
3. Қандай жандар саяхатын ерте аяқтайды?
4. Жетістікке жеткізер жол қайсы?
5. Қандай адамдар өз ұрпағына зиянын тигізеді?
6. Адам жанын не кірлетеді?
1-жазылым. Берілген сөз тіркестерінің сыңарын тапсаңыз, мәтінге жоспар шығады.
1. Өмір – сапарға шыққан .........
2. Таңдау дұрыс болса, ........
3. Махаббат адамға .......
4. Мақтау мен даттаудың ........
2-жазылым. Байланыстырушы етістіктер арқылы сөйлемді түрлендіріңіз.
Назар аударыңыз! Байланыстырушы болып шықты, болып көріну, көріну, болу, сияқты (казаться – показаться) етістігі сын-белгіні субъективті қабылдау кезінде қолданылады.
Үлгі: Өмір – саяхат. Өмір саяхат сияқты.
Тыңдалым
Қонақжайлық
Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.
Диалог мазмұнын анықтаңыз.
A) шақырылған қонақтар
B) қонақтарды күте білу де - өнер
C) көкөністер мен шырындар алу керек
D) қонақтарды әдетте кешке шақырады
Диалог мазмұнына сәйкес қате ақпаратты көрсетіңіз.
A) Дастарханға тек қана жеңіл тағамдар қойылады
B) Қонақтарға арналған дастархан мол болады
C) Анасы мен қызы қажетті заттар үшін дүкенге барды
D) Сағат алтыда анасы үйге қайтпақ болды.
Анасының көзқарасын көрсетіңіз.
A) Қонақ күтуге уақыт кетеді
B) Үйге кешігіп баруға болмайды
C) Қонақтар келгенде бәрі дайын тұру керек
D) Дастарханға қоятын заттардың бәрін ала алмайсың.
Анықтама
иіс – запах
күнә – грех, вина
таңдау – выбор
тән – тело
дәмін тату (фраз.) – пробовать (угощаться)
қайтып оралу – здесь: возвращаться
ниет түзулігі (фраз.)– хорошое намерение
пенделік рахат – здесь: земное блаженство раба (божьего)
кірлену – загрязнение
балау – считать
мақтау мен даттау – хвалить и охаивать, клеветать
наразылық – недовольство
қозу – возбуждение, раздражение
даңқ – слава
өзімшілдік – эгоизм
қуаттау – поддержать
тұрақтау – обосновываться
Тезаурус
пенде – адамға тән қателіктері бар жан, мораль жағынан төмен адам
даттау – жамандау, қаралау, сыртынан өсек айту
даңқ – марапат, қолпаштау, атақ
қуаттау – қолдау
11-сабақ