Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ахметова УМК 1-курс Ахметова 6.09 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер Грамматика: Заттың мөлшерлік және сапалық сипаты

(Выражение качественной и количественной характеристики предмета)

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Демографиялық ахуал, орналасу тығыздығы, шаршы метр, кері ықпал, түптің түбінде, адамға шаққанда, ыңғайға қарай, өміршеңдік, нұр үстіне нұр, шарықтау, қанат жаю.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер

Қазақ халқы ұзақ ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін, демографиялық мәселелерге баса көңіл бөлді. Әр он жыл аралығында өтетін халық санағының көрсеткіші артпаса, кеміген жоқ,  алайда сол  нәтижелерге  қарамастан  халық  саны  баяу  өсуде.  Қазақстан  жер көлемінен  дүние  жүзі  бойынша алғашқы  ондықтың  ішіне кіре тұра, 2011 жылғы статистикалық мәліметтерде  халқының  санынан 62 орынды иемденгені демографиялық ахуалдың төмен екендігін көрсетеді. Қазақстанда тұратын халықтың орналасу тығыздығы 2010 жыл дерегіне сәйкес, орта есеппен 1 шаршы километрге 6 (кей деректерде 5,5) адамнан келсе, әлем мемлекеттері арасынан жер көлемі бойынша 3-ші орынды иемденетін Қытай мемлекетінде бір шаршы шақырымға 140 адамнан келеді екен. Халық санының аздығы мемлекеттің болашақ дамуына кері ықпалын тигізері сөзсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасы басшылығы халық санының артуының жан-жақты мүмкіндіктерін қарастырып келеді. Адам санының кемуi ең алдымен мемлекетте еңбек ресурстарының азаюына әкеледi. Бұл – түптiң түбiнде ел дамуына әсер ететiн фактор. Өйткенi, демография заңдылығы бойынша, саннан сапа шығады. Ендеше, ең әуелi, осы елдi, жердi сүйетiн, қадiрлейтiн адам саны артуы қажет. Бұл жөнінде көп ғалымдар халық санының артуының жолдары мен амалдарын ұсынып жатқан жайы бар.

Қазақстанда туылудың шыңы 1987 жылы болды, яғни 417 мың адам дүниеге келді немесе 1000 адамға шаққандағы 25,7.    Қазақстан Республикасы халқының саны 2011 жылғы 1 қаңтарға 16,4 млн адамды құрайды, оның ішінде 8,5 млн. (52 %) әйел және 7,9 млн. (48%) ер адамдарды құрады.      Біздің ел әлеуетіне қарай, адам санын көбейтуге мүмкіндігі бар. Тек, бұл іске үлкен жауапкершілікпен қарап, халықтың қолдауымен, мемлекеттік деңгейде нақты іс-шаралар жүзеге асырылу керек. Қазіргі заманғы мемлекеттің дамуы үдерісінде демографиялық проблемаларды шешудегі шетел тәжірибесін зерделеп, өз ыңғайымызға қарай құрсақ дұрыс нәтиже берері анық. Шетел мемлекеттері жинақтаған тәжірибені пайдалану отандық реттеу институттарын жетілдіруге, тәжірибеде өз өміршеңдігін көрсеткен барынша тиімді модельдер мен жолдарды қолдануға ықпал етеді. Бәлкім, бұл істі білікті мамандар, ұлтжанды азаматтар қолдап, шындап қолға алып, басқа бір бағыттарда дамытар болса, нұр үстіне нұр болар еді. Ал біздің басты мақсат – қазақтың уақыт санап өсіп, шарықтап қанат жайғанына куә болу емес пе?!

(Абилова А.)

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Халық санағы қай кезде болады?

2. Қазақстанның демография бойынша 62 орынды иемденуі нені білдіреді?

3. Халық санының аздығы мемлекетке қалай әсер етеді?

4. Адам санының кемуi нені азайтады?

5. Бала саны арту үшін қандай шара болу керек?

6. Қытайдағы адам санының орналасу тығыздығы бізбен салыстырғанда қандай?

1-жазылым. Сөйлемді толықтырыңыз.

1.Қазақстанда бір шаршы шақырымға .............

2. Демография заңдылығы бойынша,.........

3. Ең әуелi, осы елдi, жердi сүйетiн, қадiрлейтiн ......

4. Біздің ел әлеуетіне қарай, ........

5. Қазақ халқы әр баланың өз ...........

2-жазылым. Қандай? Қалай? деген сұрақтарға жауап беретін сөйлемдерді мағынасын сақтай отырып, қысқартып жазыңыз.

Үлгі: Қазақстанда халық  саны  баяу  өсуде.  Қытай жер көлемі бойынша 3- орынды иемденеді.

Тыңдалым

Игі дәстүрлер

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

Мәтіннің негізгі идеясын көрсетіңіз.

A) Грузиндер дәстүрін бізге де енгізу керек

B) Көне замандардан келе жатқан тарихи заттарды сақтау керек.

C) Эстондықтардың қайық туралы ойлары бізге де қажет

D) Адамгершілікке байланысты қалыптасқан дәстүр болу керек.

Мәтіннің алғашқы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A) Муху аралында қайыққа қойылған ескерткіштер көп.

B) Грузиндер үшін батырлық дастан – қыз жасауының басы.

C) кәрі теректердің көп болғанын мақтаныш ететін елдер бар.

D) кей елдерде кәрі ағаштар есепке алынып отырылады.

Мәтіннің соңғы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A) Грузин халқы үшін Шота ақынның дастаны – ең қымбат мүлік.

B) Бірнеше дәуірге куә болған ағаштарға арнайы медаль беріледі.

C) Эстондықтар ата-бабасынан қалған заттарды жоймай, сақтап қояды.

D) Кейбір елдер табиғатқа үлкен жанашырлықпен қарайды.

Мәтінде жоқ ақпаратты көрсетіңіз.

A) Кәрі ағаштарды сақтап қалу жолдарын табуға тиіспіз.

B) Эстондықтар жақсылық көрген заттарын келесі ұрпаққа жеткізеді.

C) кәрі теректер конкурсында бірнеше медаль иеленген теректер де бар.

D) Дәстүр сабақтастығы мен табиғатқа жанашырлық адамды тәнті етеді.

Мәтіндегі қосымша ақпаратты көрсетіңіз.

A) жасау толық болу үшін ақынның кітабын қосыңыз.

B) ағаштарды есепке алу – Латвияда да бар дәстүр.

C) Өз елінің ұлттық намысын көтеретін кітаптар әр отбасыда болу керек.

D) Қайықтар ескіріп кетсе де, эстондықтар оны ескерткіш үшін сақтауда.

Мәтіннің түйінін көрсетіңіз.

A) Әр халықтың өз дәстүрі бар.

B) табиғат бізден жанашырлық күтеді.

C) ағаштарды күтіп-баптаумен айналысу керек.

D) Адамгершілікті дәстүр ұзағынан болуы тиіс.

Анықтама

демографиялық ахуал – демографическое положение

орналасу тығыздығы –плотность населения

шаршы метр – квадратный метр

кері ықпал – плохое влияние

түптің түбінде – в конце концов

адамға шаққанда – на душу населения

ыңғайымызға қарай – создавая для себя благоприятные обстоятельства, смотря на обстоятельства

өміршеңдік – жизнеспособный

нұр үстіне нұр – здесь: было бы отлично

шарықтау – восхождение, рост, возноситься высоко

Тезаурус

түптің түбінде (фраз.) – ең соңында, ақырында, соңғы нәтижесінде

нұр үстіне нұр (фраз.) – өте жақсы, тамаша

қанат жаю – өсу, өркендеу, ұлғаю

8-сабақ

ЖАС ОТБАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІ

немесе үнемшілдік деген не?

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Сараңдық, кедейлік, жұмсау, жібі түзу, шектен шығу, балауыз шам, ілбіген жарық, көз жанары, бүліну, құты, көңіл ауу, бағалау, соққы, тар қауыз, ләззат, жан шуағы, жүрек жылуы.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

ЖАС ОТБАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІ

немесе үнемшілдік деген не?

Үнемділік – сараңдықтың, не кедейліктің белгісі емес. Көптеген бай адамдар өз қаржысын дұрыс пайдаланудың арқасында байыған. Сондықтан «үнемдеу» дегенді ақшаны тиімді жұмсау деп түсінуіміз керек. Өкінішке орай, кей адамдар ақшаны үнемдеу үшін ең басты қажеттіліктерінен, тіпті дұрыс тамақтану мен жібі түзу киім-кешектен де бас тартып жатады. Бірақ, үнемдеу деген – шығын көлемін қысқарту ғана емес. Егер сіз үнемді өмір сүргіңіз келсе, тым шектен шығып кетпеңіз. Айталық, электр қуатын үнемдеу үшін кітапты балауыз шамның ілбіген жарығында оқысаңыз, көз жанарыңыздан айырыласыз. Сондай-ақ азық-түлікті арзан бағаға сатып аламын деп, денсаулығыңызға зияны көп сапасыз тауарға ұрынуыңыз да мүмкін.

Ал кейбіреулер көтере сатып алу арқылы ақша үнемдеуді дұрыс деп ойлайды. Бір қарағанда, бұл тиімді көрінуі де мүмкін. Себебі, бөлшек саудаға қарағанда көтерме тауар құны арзандау түседі. Ал шындығына келгенде, көтере сатып алу үнемі үнем бере бермейді. Неге олай? Осыған талдау жасап көрейік.

1. Қажетсіз затқа артық шығын. Айталық, сіз жеміс-жидекті арзан бағаға әдеттегіден көбірек сатып алдыңыз. Бірақ оның бәрін жеп тауыса алмай, бірнеше күннен кейін бүлінгендерін қоқысқа тастайсыз. Немесе бір жылға жетер деген есеппен үлкен құтыдағы сусабынды сатып алдыңыз дейік. Біраз уақыттан соң иісі, түсі ұнаған өзге бір сусабынға көңіліңіз ауып, әлі тіпті орталанбаған алдыңғы құтыдағы сусабынды мүлде қолданбай тастайсыз, тағы сол сияқты.

Мұндай артық шығынды болдырмау үшін сатып алатын заттарыңыздың тізімін жасағанда бір апта, не әрі кетсе бір айға қанша мөлшерде керектігін де есептеп, жазып отыруды да ұмытпаңыз.

2. Көтере сатып алу тұтыну көлемін де ұлғайтады. Егер мұздатқышта сыра үнемі тұратын болса, күніне тым болмағанда бір бөтелкесін ішу дағдыға айналады. Немесе азық-түлік көп болса, қонақ күту де көбейеді. Ал аз нәрсе қашанда қадірлі. Оны сақтап, бағалап, жеткізуге тырысасыз.

3. Бюджеттің бұзылуы. Көтер Көтерме саудаға құмарлардың басты «бас ауруы» – белгіленген бюджет шегінің сақталмауы. Жалпы, отбасылық бюджетте бір айға қажетті азық-түлік пен тұрмыстық заттардың мөлшері және оған жұмсалатын қаражат көлемі есептеліп, бекітіледі. Ал қалған қаржы үлкендеу мақсаттарға жиналады. Ал сіз осы белгіленген бюджет шегінен шықсаңыз, мақсатқа жету жолы да ұзара түседі.

4. Денсаулыққа соққы. Азық-түлікті көтере сатып алу салдарынан оны тұтыну көлемінің ұлғаюы денсаулыққа да аз зардабын тигізбейді. Ол тамақты көп жеу, артық салмақ қосу, маскүнемдік, т.б. ауыр жағдайларға алып келеді. Ал денсаулықты қайта түзеу де біраз шығынды қажет етеді.

Қорыта айтқанда, тауарды көтере сатып алу арқылы біз үнемдеу орнына артық төлейтінімізбен қоймай, шығын көлемін көбейтіп алуымыз да мүмкін екенін естен шығармауымыз керек.

Қысқасы, өзіңізді тым тар қауызға сыйғызуға тырыспаңыз, әйтпесе онсыз да қысқа өмірден ешбір ләззат ала алмайсыз. Ең бастысы, жақсы ниет пен жан шуағын үнемдемеңіз. Достарыңыз, туыстарыңыз, әріптестеріңіз бен жай ғана айналаңыздағы адамдарға жүрек жылуын аямай сыйлаңыз. Бұл сізге еселеп қайтатынына сене беріңіз…

(Кәмила Ақниязқызы)

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Үнемдеу деген не?

2. Бөлшек сауда қымбат па, көтерме тауар қымбат па?

3. Жеп тауыса алмаған жемістер қайда кетеді?

4. Артық шығынды болдырмау үшін не істеу керек?

5. Адам неге үнем жасамау керек?

Жазылым

Берілген сөздердің алдымен синонимін, содан соң антонимін жазыңыз, омоним болатындарына мысалдар келтіріңіз.

Сараңдық, кедейлік, жұмсау, жібі түзу, шектен шығу, балауыз шам, ілбіген жарық, бүліну, құты, ләззат, жан шуағы, жүрек жылуы.

Үлгі:

синоним

антоним

омоним

жібі түзу – дұрыс

сараңдық- жомарттық

Жұмсау: ақша жұмсау

шектен шығу – асып кету

кедейлік – байлық

Жұмсау: баланы дүкенге жұмсау

Тыңдалым.

Тіршілік нәрі

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

Мәтін тақырыбын таңдаңыз.

А) Су – шешілмеген мәселе

B) Су – тіршілік негізі

C) Адамдар ғылымды дамытады

D) Табиғат адамнан қамқорлық күтеді

Мәтінде жоқ ақпаратты көрсетіңіз.

A) Елімізде су мәселесі күрделі болып отыр

B) Адамдар ғылым мен техниканы дамытуда

C) Суды пайдаланғанан соң, орнына келтіру керек

D) Суға жауапкершілік әр адамда болуы керек

Мәтіндегі негізгі ақпаратты көрсетіңіз.

A) Су дегеніміз – өмір

B) Адамдар білімді болуда

C) Мәдениет пен техника дамуда

D) Суды алу – оңай, табу – қиын

Мәтіндегі қосымша ақпаратты көрсетіңіз.

A) Табиғатқа қамқор болу керек

B) Барлық ел үшін су мәселесі күрделі мәселе

C) Адамдар аз суды үнемдеу арқылы көп суды сақтайды

D) Көптеген жаңалықтар ашылып, мемлекеттер күшейіп жатыр

Анықтама

сараңдық – скупость

кедейлік – бедность

жұмсау – тратить (деньги)

балауыз шам – свеча

ілбіген жарық – слабое освещение

көз жанары – здесь: зрение, глаза, блеск глаз

бүліну – испортиться

құты – флакон, бутылочка

көңіл ауу (фраз.)–переключать внимание на другое

бағалау – дорожить

соққы – удар

тар қауыз – здесь: тесная скорлупа

ләззат – наслаждение

жүрек жылуы – здесь: душевное тепло

Тезаурус

жібі түзу – дұрыс, жақсы, көңілге қонымды

шектен шығу – белгіленген шектен, мөлшерден асып кету

көңіл ауу – басқаға ойы кету, көңілі түсу

жан шуағы – жанның мейірімділігі, қайырымдылық

9- САБАҚ