Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ахметова УМК 1-курс Ахметова 6.09 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

.

Басылым:

төртінші

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Практикалық казақ тілі кафедрасы

Қазақ тілі

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Барлық мамандық студенттеріне арналған

Астана

2014

Силлабус (жұмыс оқу бағдарламасы)

1. Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы; лауазымдық қызметі; байланыс ақпараты; оқытушының ғылыми мектебі мен ғылыми қызығушылығы. Практикалық қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Қ.С.Құлманов, доценттер ф.ғ.к. Б.С.Әбдуова, Б. Ақбұзауова, аға оқытушылар Қ.А. Ахметова, Л.Б.Байболат.

Байланыс телефоны: 32-233

  1. Оқу пәні туралы мәліметтер

Оқу пәнінің атауы мен коды Қазақ тілі K (R) Ya 1105.

кредит саны ___3______

  1. Оқу бағдарламасы бойынша сағаттарды бөлу

Сабақ түрлері

жалпы сағат саны

Күзгі семестр

Көктемгі семестр

аптасына

барлығы

аптасына

барлығы

Лекция

Практическалық сабақ

Семинар сабағы

Лабораториялық сабақ

Студиялық сабақ

СРО

3. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:

Бакалавр мамандықтарының студенттеріне мемлекеттік тілді халықаралық стандартқа негізделген 6 деңгейлі оқыту жүйесін басшылыққа ала отырып, В2 – негізгі стандартты деңгей бойынша оқыту көзделді. Студенттердің қазақ тілінен орта мектеп деңгейінде лексикалық минимум мен грамматикалық құрылым бойынша алған білім негіздері практикалық түрде жетілдіріледі.

Постреквизиттері: бакалавр мамандықтарында оқитын студенттерге мемлекеттік тілді оқыту барысында олардың өзара еркін сөйлесіп, ішкі ойын бір-біріне қазақ тілінде еркін жеткізуіне, оқыған мәтіннің мазмұнын дәл, анық жеткізе алуына жағдай жасау, қазақ елінің тұрмысы мен салт-дәстүрін, мәдени-рухани жетістіктерін насихаттау және олардың бойында отансүйгіштік сезімін нығайту.

5. Оқу пәнінің сипаттамасы.

5.1. Оқу пәнінің аты: Қазақ тілі пәні жоғары оқу орнында оқитын студенттердің мемлекеттік тілді жетік меңгеруіне толық жағдай жасау үшін, оларды грамматикалық және лексикалық тұрғыда толық сауаттандыру үшін жүргізіледі.

5.2. Оқу пәнін оқыту мақсаты: Жоғарғы оқу орнындағы бакалавр мамандықтарында оқып жүрген студенттерге қазақ тілінің тілдік жүйесі мен оның амалдарын мәдени-танымдық қатысымдық әрекеттер арқылы меңгерту.

5.3. Пәнді оқыту міндеттері

Осы мақсат негізінде төмендегі міндеттер жүзеге асуға тиіс, олар: тақырыптарды баяндау, алған мәліметтерге өз көзқарастарын білдіру, дәлелдеу; сөйлеу жағдаяттарында әңгімені қолдау, мәліметтерге қызығушылық таныту, белгілі бір тақырып бойынша қысқа, аса қиын емес эссе жазу; тыңдалым дағдыларын түсіну; электронды және қағаз түріндегі мәтіндерді қарап, қажетті мәліметтерді ала білу; техникалық ережелерді, буклет, каталог, ас мәзіріндегі қажетті мәліметтерді оқи алу және оны қолдана білу.

5.4. Оқу пәнінің мазмұны:

- студенттердің сөздік қорларын молайту;

- қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын, жазу сауаттылығын арттыру;

- өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

5.5 Оқу пәнін оқыту жоспары