Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
silabus Á..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
199.17 Кб
Скачать

Білім бағасының критериі**

«Өте жақсы» баға білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалды толық игеруін көрсеткен және қандай да бір қатерліктерге бой алдырмай дұрыс орындаған, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы әрі дұрыс орындаған және ол бойынша есептер тапсырған, бұған қоса өзіндік бірегей ойлау қабілетін танытқан,коллоквиумды тапсыруда қандай да бір қателіктер жібермеген және үй тапсырмаларын орындаған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, пәнді оқып-үйрену барысында өздігінше қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдаланған, бағдарламалық материалдарды өз еркімен жүйелей білген жағдайда қойылады.

«Жақсы» баға білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалды 75 %-дан кем игермесе және бұған қоса жауап беру кезінде айтарлықтай қателіктер жібермеген, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы орындаған және оны тапсыруда негізсіз ескертулері болмаған, коллоквиумдар мен үй тапсырмаларын дұрыс әрі уақытында орындап негізсіз ескертулермен тапсырған, оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, немесе негізсіз ескертулер болған және елеулі қателіктері студенттің өздігімен түзетілген, бағдарламалық материалдарды оқытушының көмегімен жүйелей білген жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлық» баға білім алушыға, егер ол зертханалық материалдардың кем дегенде 50 % игерген, бұған қоса зертханалақ және бақылау жұмыстарын, үй тапсырмаларын орындау кезінде оқытушының көмегін қажет еткен, коллоквиум тапсыру кезінде толымсыз жауаптары мен негізсіз ескертулері болған, зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсете алмаған, тек қана оқытушы көрсеткен әдебиеттермен ғана шектелген, материалдарды жүйелеуде біршама қиыншылықтарға бой алдырған жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлықсыз» баға білім алушыға, егер оның бағдарламада қарастырылған негізгі материалдары оқуда кемшіліктері білінген, пән бағдарламасының жартысынан астамын игермеген, жауаптарында елеулі қателіктер жіберген, ағымдағы формалармен қарастырылған жеке және ағымдағы және қорытынды бақылауларды орындамаған, бағдарламада қарастырылған барлық негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаған жағдайда қойылады.

* Ескерту: Кредиттік жүйедегі білім алушылар үшін.

**Ескерту: ҚР МЖМБС «ҚР білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарындағы білімді бақылау және бағалау. Негізгі ережелер.» негіздерінде құрастырылған.

Пән бойынша интегральды бағаны толтыру және рейтингті есептеу әдісі (ағымды жылдағы ҚММУ бекіткен рейтингтік жүйесіне сәйкес дайындалады), «Студенттердің үлгерімін бағалаудың рейтингтік жүйесі туралы қағида». ҚММУ Ғылыми кеңесінің басылымы

Рубеждік бақылауға арналған бағдарлама Рубеждік бақылау № 1

Жасушалық радиосезімталдылық. Физиологиялық және летальді жасушалық реакция. Жасушаның тірі қалу қисығы. Радионуклеидтер туралы түсінік. Қысқа және ұзақ өмір сүретін нуклеидтер. Ағзаға радионуклеидтердің тусуінің негізгі жолдары. Ағзаға радионуклеидтердің таралуының негізгі типтері. Сәулеленудің негізгі доза бірлігі және оған сипаттама. Ионизирленген сәуле шығару әсерінің негізгі этаптары. Су радиолизі. Радиобиология. Радиобиологияның негізгі жетістіктері. Радиобиологияның даму этаптарының қазіргі кездегі ерекшеліктері. Радиоционды зақымдалу механизмінің иммунды және биохимиялық бұзылыстарының жалпы сиапаттамасы және олардың ролі. Сәулеленудің тікелей емес эффектілерінің жалпы сипаттамасы. Радиосезімталдылық және радиорезистенттілік туралы түсінік. Радиосезімталдылық типтері. Радиосезімталдылықтың әмбебап критерилері. Аз дозалар туралы түсінік және олардың сипаттамасы. Радиационды гормезис. Аз дозадағы иондаушы сәулеленудің мезанизмдік әсері және гипотезасы. Ұлпалардың, мүшелердің және ағзалардың радиосезімталдығы. Жердің табиғи радиоционды фоны және оның компоненттері. Сәулеленудің антропогенді қайнар көзі: медициналық және технологиялық. Радиобиология пәні, радиобиологияны оқудың ерекшеліктері. Радиобиологияның құрылу тарихы және дамуы. Иондаушы сәулелену, оның жіктелуі, сипаттамасы. Ионизирленген сәуле шығару әсерінің негізгі этаптары, олардың сипаттамасы. Су радиолизі. Ішкі сәуле шығарудың қорғаныш әдістері, олардың жіктелуі, сипаттамасы. Салыстырмалы биологиялық эффекті, биологиялық эффектісінің бағасы ретінде, иондаушы сәулеленудің кез келген түрден туындауы. Сәуле шығарудың дозалары және күштілігі туралы түсінік, олардың сипаттамасы, өлшем бірлігі. Ионизирленген сәуле шығарудың аз дозада биологиялық әсері механизмінің теориясы. Сәулеленудің қайнар көзі, оларға сипаттама және жіктелуі. Радиоционды зақымдалудың құрылымдық-метаболиттік теориясы. Интерфазалық ядрода ДНҚ-ғы хроматин құрамы ионизирленген сәуле шығару әсері механизмінің қазіргі кездегі көзқарасы. Радионуклидтер, оларға сипаттама, қасиеті, жіктелуі. Адам үшін токсикалық радионуклеидтер. Ағзада радионуклеидтердің таралуы. Ю.И. Москалёв бойынша радионуклидтердің таралуының негізгі топтары. Қалыпты радиоционды қауіпсіздік туралы жалпы түсінік. Тұрғындардың және кәсіби сәуле шығару дозасының негізгі мысалдары. Радиорезистенттілік стимуляторлар, оларға сипаттама. Критикалық мүшелер туралы түсінік, сипаттама. Ағзаға ионизирленген сәуле шығару әсері кезінде туындайтын эффектілер. Олардың жіктелуі, сипаттама. Митоздың радиационнды блокирлеу.

Жасушаның радиосезімталдылығы. Летальды жасушалық реакциялардың әсері, олардың түрлері және сипаттама. Жасушаның радиосезімталдылығы. Бергонье және Трибондоның ережесі. Жасушаның өмір сүруге қабілеттілігін бағалау критерилері және әдістері. Ұлпаның радиосезімталдылығы. Пострадиоционды өзгерістерінің дамуының морфологиялық белгілері бойынша ұлпаның радиосезімталдық жіктелуі. Ионизирленген сәуле шығарудың жүйке жүйесіне және сезім мүшесіне әсері. Ағзаға ионизирленген сәуле шығару кезінде туындайтын әсері. Жердің табиғи радиоционды фоны және оның компоненттері. Сәулеленудің антропогенді қайнар көзі: медициналық және технологиялық. Ішкі сәулеленуден қорғаныш әдістері, олардың жіктелуі және оларға сипаттама. Жұтылу және эквивалентті доза туралы түсінік, өлшем бірлігі. Тиімді эквивалентті доза, оған сипаттама. Адамның созылмалы сәулеленудің стохастикалық емес эффектісінің ұзақтылығы. Радионуклидтерді шығарылу әдісі: әдістері, типтері, сипаттамасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]