Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОМ каз. 2014-2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.91 Mб
Скачать

1. Жасушалар мен ағзаларды клондау

2. Мақсаты: студенттерге ағзалармен жасушаларды клондаудың ұстанымдар мен

әдістері және оның медицинада қолдануы жайлы заманауи түсініктерді қалыптастыру.

3. Тапсырмалар:

3.1. Клондаудың тарихы және әдістері.

3.2. Репродуктивті және терапевтік клондау.

3.3. Ағзаларды клондаудың этикалық және құқықтық мәселелері.

3.4. Адамды клондау; қарсыластармен жақтастар.

3.5. Клондау технологиясын пайдалануға болатын салалар.

4. Орындау түрі: рефераттық және/не жобалық жұмыс.

5. Орындау критерийлері:

а) тақырып бойынша негізгі әдебиеттерді оқу және таңдап алу;

б) мәліметтерді жүйелеу және өңдеу;

в) рефераттың жоспарын дайындау;

г) библиографияны құрастыру;

д) рефератты құрастыру және дайындау.

Рефераттың құрылымы:

1) титулдік беті (берілген форма бойынша дайындалады);

2) мазмұны (рефераттың бірінші бөлімінен бастап, рет-ретімен орналастырып беттерін белгілеу);

3) кіріспе (зерттелген мәселенің мәнін тұжырымдау, тақырыпты таңдаудың негізін көрсету, оның актуальділігі мен маңызын анықтау, рефераттың міндеті мен мақсатын анықтау);

4) негізгі бөлім (рефераттың әрбір бөлімі дәлелді түрде жеке мәселелерді немесе оның бір жағын ашуы және алғашқы мәселелердің логикалық жалғасы болуы тиіс; бұл бөлімдерде кестелерді, жүйелерді, кестелерді және суреттерді келтіруге болады);

5) қорытынды (рефераттың тақырыбы бойынша қорытындысын немесе талданған тұжырымдары беріледі, ұсыныс жасалынады);

6) Әдебиеттер тізімі.

Рефератты дайындаудағы қойылатын талаптар:

а) рефераттың көлемі 10-15 басылған бет болуы тиіс (рефераттың көлеміне қосымша беттер кірмейді);

б) рефератты сауатты жазу және мазмұндау барысында сөйлемді құрастыру мәдениеті сақталуы тиіс;

в) тақырыпты мазмұндау барысында қолданылған әдебиеттерге сілтеу жасау қажет;

г) библиографияны дұрыс құрастыру.

6. Тапсыру мерзімі: «Молекулалық биология негіздері» тарауынан аралық бақылауына дейін.

7. Бағалау шарттары: барлығы 100 балмен бағаланады, ол 100% - ке сәйкес келеді.

8. Әдебиеттер:

  1. Корочкин Л.И. Клонирование животных // Соросовский образовательный журнал, 1999. №4.

  2. Баев А.А. «Геном человека»: некоторые этико-правовые проблемы настоящего и будущего//Человек, 1995. №2.

  3. Гоголевский. П.А., Здановский В.М. Клонирование. // Проблемы репродукции, 1998. №3.

  4. Конюхов Б.В. Долли случайность или законөмерность? Журнал "Человек", 1998. №3.

  5. Интернет сайты:

http://www.ufolog.ru/articles/detail.aspx?id=2984

http://www.rusmedserv.com/problreprod/1998/3/article_94.html

http://medicinform.net/.

9. Бақылау:

  1. 1. Жасушаларды клондау әдістері.

  2. 2. Клондауға қандай жасушалар жарайды?

  3. 3. Медицинадағы клондауды қолданатын негізгі салалар.

  4. Ұлпа мен ағзаны клондау- адам өмірін құтқарудың жолы.

Үш тілдегі түсіндірме сөздер:

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Прокариоттардың геномы – нуклеоидтың сақиналы ДНҚ- молекуласы және плазмидаларданың бiрнеше кiшi сақиналы ДНҚ молекулаларынан тұрады

Геном прокариот – представлен кольцевой молекулой ДНК нуклеоида и несколькими маленькими

кольцевыми ДНК плазмид

Prokaryotic genome represented by circular DNA molecule-nucleoide and several small circular DNA plasmids

Эукариоттардың геномы

хромосомалардың сызықты ДНҚ молекуласы және митохондриялар мен

пластидалардың сақиналы ДНҚ молекулаларынан

тұрады

Геном эукариот – представлен линейными молекулами ДНК хромосом и кольцевыми молекулами ДНК митохондрий и пластид

Eukaryotes genome represented by linear DNA molecules chromosomes and mitochondrial DNA molecules

Клон – бір аналық жасушадан алынған жасушалар популяциясы

Клон – клеточная популяция, полученная от одной родительской клетки

Clone cell population, originated by proliferation of one cell

ДНҚ-ны клондау үдерісі – ДНҚ-ны бөліп алып оны фрагментациялау, идентификациялау, фрагменттерінің көшірмелерін көп мөлшерде алу

Клонирование ДНК – процессы выделения,

фрагментирования, идентификации и копирования в больших количествах фрагментов ДНК

DNA cloning – processes of selection, fragmentation, identification and copying of large quantities of DNA fragments

Трансформация -плазмиданың көмегімен генді (ДНҚ фрагментін)тасымалдау үдерісі

Трансформация – процесс переноса гена (фрагмента ДНК) с помощью плазмиды

Transformation – process of transferring of gene (DNA fragment) using plasmids

Құрастырушы: оқыт. Кашаганова Ж.А.

ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА МАМАНДЫҒЫ

МолекулАЛЫҚ биологиЯ ЖӘНЕ

генетикА кафедраСЫ

МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ГЕНЕТИКА БОЙЫНША БІЛІМДІ, МАШЫҚТАРДЫ, ДАҒДЫЛАРДЫ БАҚЫЛАУ:-ӨЛШЕУ ЖОЛДАРЫ

1 КУРС

МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ГЕНЕТИКА ПӘНІ

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: КАФЕДРА ОҚЫТУШЫЛАРЫ