Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОМ каз. 2014-2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.91 Mб
Скачать

1. Мутагенездің молекулалық механизмдері

2. Мақсаты: студенттерде мутагенездің молекулалық механизмдері туралы және оның клиника тәжірибесіндегі маңызы туралы заманауи білімдерін қалыптастыру.

3.Тапсырмалар:

    1. Мутация, анықтамасы, жіктелуі.

    2. Мутациялық факторлар, анықтамасы, жіктелуі.

3.3. Мутациялық үрдістер және генетикалық қауіпсіздік проблемалары.

3.4. Мутагенездің молекулалық механизмдерін білудің клиникалық тәжірибедегі маңызы.

4. Орындалу түрі: реферат немесе презентация.

5. Орындалу шарттары:

а) тақырыбы бойынша негізгі әдебиеттерді оқу және жинау;

б) ақпаратты жүйелеу және өңдеу;

в) реферат жоспарын құру;

г) библиография құрастыру;

д) рефератты жазу және бездендіру.

Рефераттың құрылымы:

1) беттік парақ ( талапқа сай безендіру);

2) мазмұны (рефераттың бөлімдерін,бетін ретімен орналастырып нөмірлеу);

3) кіріспе (талданатын мәселенің мәнін, маңыздылығы мен өзектілігін көрсету және рефераттың мақсаты мен тапсырмаларын анықтау);

4) негізгі бөлім (рефераттың әрбір бөлімі жеке мәселені немесе оның бір жағын қамту керек және алдыңғы бөлімдермен логикалық байланысты болуы қажет, бұл бөлігіне кестелер, сызбалар, суреттер және т.б. енгізуге болады);

5) қорытынды (тұжырым жасалынып, реферат тақырыбының жалпы қорытындылары беріледі, ұсыныстар жасалынады);

6) Әдебиеттер тізімі.

Рефераттық жұмыстарды безендіруге қойылатын талаптар:

а) рефераттың көлемі 10-15 беттен аспауы қажет (қосымша беттер реферат көлеміне кірмейді);

б) реферат сауатты түрде орындалуы қажет, қателіктерін тексеру;

в) қолданған әдебиетке сілтеу көрсетілуі керек ол әдебиет ретіне сай нөмірленуі қажет;

г) әдебиеттер тізімі мәтін соңында ретімен көрсетілуі қажет.

Презентация жасауда қойылатын талаптар:

а) презентация “Microsoft Power Point” бағдарламасы бойынша құрастырылады;

б) слайд саны 10-15 аспауы қажет;

в) презентация жасауда слайдқа үлкен мәтіндер жазуға болмайды, жеңіл қабылданатын және сауатты жасалынуы қажет;

г) библиография бойынша сілтеме реті дұрыс құрастырылуы қажет.

6. Тапсыру мерзімі: «Молекулалық биология негіздері» тарауы бойынша аралық бақылауға дейін

7. Бағалау шарттары: 100 балдық жүйесімен бағаланады, бұл 100%-ке сәйкес келеді.

8. Әдебиеттер:

  1. Бочков Н.П. Клиническая генетика. М.: Гэотар-Мед, 2004.

  2. Введение в молекулярную медицину. Под ред. Пальцева М.А. М., 2004.

  3. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006.

  4. Муминов Т.А., Куандыков Е.У. Основы молекулярной биологии (курс лекций). Алматы, 2009.

  5. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М., 2003

  6. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск: Сиб.унив. изд-во, 2007.

  7. Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л.Ньюссбаум, Родерик Р, Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. акад. РАМН Н. П. Бочкова.- М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010.

9. Бақылау:

9.1. Мутагенездің молекулалық механизмдерін білудің медициналық маңызы.

9.2. Генетикалық паспортқа негізделген мәліметтер бойынша гендік аурулардың алдлын алу және емдеу.

Үш тілдегі түсіндірме сөздер:

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Мутация – генотиптің (гендердің) тұқым қуалайтын өзгерісі

Мутация – наследственное изменение генотипа (генов)

Mutation – genetic change of genotype (genes)

Мутагенез – ағзадағы мутациялардың пайда болу және даму үдерісі

Мутагенез – процесс возникновения и развития мутаций

Mutagenesis – process of arising and development of mutations

Нүктелік мутация – бір немесе бірнеше нуклеотидтің өзгеруіне алып келетін мутация

Точечная мутация – мутация, затрагивающая от одного до нескольких нуклеотидов

Point mutation – mutation affects one or more nucleotides

Құрастырған:оқыт. Қыдырбаева Ә.Қ.

13-тақырып (СӨЖ)