Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОМ каз. 2014-2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.91 Mб
Скачать

9. Бақылау:

9.1. Жыныстың негізгі детерминациялану типтері.

9.2. У–хромосоманың жыныс детерминациялануындағы рөлі неде?

9.3. Аутосомдық гендердің жыныс детерминациялануындағы рөлі қандай?

9.4. Жыныстың екінші реттік детерминациялануы қандай факторлармен байланысты?

9.5. Адамның жынысы детерминациялануындағы бұзылыстардан қандай патологиялық жағдайлар қалыптасады.

Үш тілдегі түсіндірме сөздер:

Қазақ тілінде

Орыс тіліне

Ағылшын тілінде

Жыныс – бұл ағзалардың көбеюін анықтайтын морфологиялық, физиологиялық, мінез құлықтың және басқада белгілерінің жиынтығы

Пол – совокупность морфологических, физиологических, поведенческих и других признаков организма

Sex - morphological, physiological, behavioral, and other characteristics of the body

Жыныстың бастапқы (алғашқы) белгілері гаметалардың түзілуін және ұрықтануды (гонадалар, жыныс жолдарын, сыртқы және ішкі жыныс мүшелерін) қамтамасыз ететін мүшелер. Олар эмбриогенезде қалыптасады

Первичные признаки пола представлены органами, обеспечивающими образование гамет и оплодотворение (гонады, половые пути, наружные и внутренние половые органы). Они закладываются в эмбриогенезе

Primary signs of sex – organs providing formation of gametes and fertilization (gonads, genital tract, external and internal genital organs). They are formed in during embryogenesis

Жыныстың генетикалық жіктелуі жыныс хромосомаларының генетикалық жиынтығымен бағдарланады. Ұрықтың жынысы ХХ немесе ХУ жыныс хромосомаларымен анықталады

Генетическая дифференцировка пола программируется генетическим набором половых хромосом. Генетический пол зародыша определяется половыми хромосомами ХХ или ХУ

Genetic differentiation of sex – programmes by set of sex chromosomes. The genetic sex of the embryon is determined by the sex chromosomes XX or XY

Құрастырушы: доц. Нуртаева Қ.С.

2-тақырып (СӨЖ)

1. Аво жүйесі бойынша қан тобының генетикасы

2. Мақсаты: студенттерге медицина тәжірибесіндегі АВО жүйесі бойынша қан топтарының генетикасы және резус-фактор жүйесі жайлы білімді қалыптастыру.

3. Тапсырма:

3.1. АВО жүйесі бойынша қан топтарының ашылу тарихы.

3.2. АВО антигендері, гендер, генотиптері,фенотиптері.

3.3. Резус-фактор жүйесі, гендер, генотиптері,фенотиптері.

3.4. Қан топтары және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың даму қауіпі.

3.5. Қан топтары бойынша сәкестілік және қан құю.

4. Орындалу түрі: презентация дайындау.

5. Орындалу шарттары:

а) тақырып бойынша негізгі әдебиеттерді оқу және таңдап алу;

б) библиографияны құрастыру;

в) ақпараттарды жүйелеу және өңдеу;

г) презентацияның жоспарын дайындау;

д) «Microsoft Power Point» бағдарламасы бойынша презентацияны құрастыру және дайындау;

е) «Биолог» атты СҒҮ баяндау.

Презентация құрастыруға қойылатын талаптар:

а) презентацияны «Microsoft Power Point» бағдарламасы бойынша құрастыру;

б) слайд саны 10-15 аспауы; слайдқа үлкен мәтін жазылмауы қажет;

в) презентация сауатты құрастырылуы әрі жеңіл қабылдануы қажет;

г) соңғы слайдта библиография көрсетіледі.

6. Тапсыру мерзімі: «Жалпы және медициалық генетика негіздері» тарауынан аралық бақылауға дейін.

7. Бағалау шарттары: барлығы 100 балмен бағаланады, бұл 100% сәйкес келеді.