Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОМ каз. 2014-2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.91 Mб
Скачать

1. Тақырыбы: Гендік (нүктелік) мутациялар. Днқ репарациясы

2. Мақсаты: студенттерде гендік (нүктелік) мутациялардың пайда болу себептерін және даму механизмдері, олардың гендік аурулардың дамуындағы рөлі туралы білім қалыптастыру.

Студенттерде құрылысы мен қызметінің бұзылған ДНҚ-ың қайта қалпына келуінің молекулалық механизмдері, репарация үдерісінің медициналық маңызы туралы білімідер қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

- гендік мутациялардың пайда болу себептерін оқып үйрену;

- гендік мутациялардың типтерін оқып үйрену;

- гендік мутациялардың даму механизмдерін оқып үйрену;

- гендік аурулардың пайда болуындағы хромосомалық және гендік мутациялардың рөлін оқып үйрену;

- ДНҚ репарациясының ағзалардың ұрпақ бойы қалыпты тішілігін қамтамасыз етудегі мәнін

ашу;

- ағзаның антимутациялық қорғаныштық механизмдерінің деңгейлерін анықтау және түсіндіру;

- тұқым қуалайтын аурулардың пайда болуындағы ДНҚ репарация үдерісінің бұзылуының рөлін

оқыту.

4. Өткізу формасы: топпен жұмыс, әңгімелесу, ситуациялық есеп шығару, тақырып бойынша бейнефильмдер көру.

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

5.1. Кесте толтырыу: Салдарына қарай гендік мутациялардың жіктелуі

Гендік мутацияның типтері

Фенотиптік көрініс беруі

1.

Нейтральды мутациялар

2.

Миссенс-мутациялар

3.

Нонсенс-мутациялар

4.

Регуляторлық мутациялар

5.

Динамикалық мутациялар

5.2. Гендік (нүктелік) мутациялардың пайда болу механизмінің сызбасын сызып, түсіндіріңіздер.

5.3. ДНҚ молекуласының жарықтық репарациясының маңызын түсіндіру және сызбасын сызу.

5.4. ДНҚ молекуласының қараңғылық репарациясының маңызын түсіндіру және сызбасын сызу.

5.5. ДНҚ молекуласының репликациядан кейінгі репарациясының маңызын түсіндіру және

сызбасын сызу.

5.6. Ситуциалық есептерді шығару.

1. Ата-аналары сау жанұяда пигментті ксеродермамен бала дүниеге келді. Даму барысында балада белгілер қалыптасты ----------, ---------, ---------.

- Тұқым қуалау типін және баланың генотипін анықтау.

- Аурудың ары қарай дамуын тоқтатуға болады ма?

5.7.Кесте толтыру:

Репарация типтері

Тән ерекшеліктер

фотореактивация

эксцизиялық

пострепликативті

мисс -мэтч репарация

SOS-репарация

6. Үлестірілетін материалдар: жоқ.

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

7.1. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006. с. 164-173, 219-267.

7.2. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Жалпы және медициналық генетика негіздері (дәрістер жинағы). Алматы: Эверо, 2009. б. 82-98.

7.3. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М.,2003. с. 78-82.

7.4. Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. Алматы, 2006. б.141-153.

7.5. Қазымбет П.Қ., Аманжолова Л.Е., Нұртаева Қ.С. Медициналық биология. А., 2002. б. 134-144.

7.6. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы, 2006. б. 77-86.

7.7. Медициналық биология және генетика. Е.Ө. Қуандықовтың ред. Алматы, 2004. б. 114-126.

7.8. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық - генетикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігі. Алматы: Эверо, 2012. 112 б.

Қосымша:

7.9.Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л.Ньюссбаум, Родерик Р, Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. Н. П. Бочкова.- М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010.