Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОМ каз. 2014-2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.91 Mб
Скачать

2.11. Бағалаудың шарттары және ережелері:

Ағымдық бақылау:

Тәжірибелік сабақтар:

- ауызша сұрау (студент әдістемелік нұсқаудағы сұрақтар бойынша сабаққа даярланып келуі тиіс);

- тестілеу (жазбаша жүргізіп, оқытушыға тексеруге беріледі);

- сурет салу, типтік және ситуациялық есептерді шығару (альбомға жазып, шығарып, сабақ соңында оқытушыға өткізіледі);

- сабақтың нәтижесін тексеру (альбомның жүргізілуін оқытушы сабақ соңында тексереді).

Аралық бақылау: тест жүргізу, ауызша/жазбаша сұрау және есептер шығару арқылы коллоквиум қабылдау.

Қорытынды бақылау: интеграциялық емтихан, екі кезеңнен тұрады: 1) тестілеу, 2) ауызша немесе жазбаша (билет бойынша тәжірибелік дағдыларын тексеру).

Студенттердің білімін бағалау жүйесі:

Студенттердің жетістіктерін бағалау құзыреттіліктің 5 түрі бойынша жүргізіледі:

- білім;

- тәжірибелік дағдылар;

- коммуникативтік дағды;

- денсаулық қорғаушысы (құқықтық сұрақтар);

- өзін-өзі жетілдіру.

Әрбір құзыреттілік 100-баллдық шкала бойынша бағаланады.

 

Қорытынды бақылау: интеграциялық емтихан, екі кезеңнен тұрады: 1) тестілеу, 2) жазбаша немесе ауызша (билет бойынша тәжірибелік дағдыларын тексеру).

Білім алушылардың жетістіктерін бағалау:

1 кезең – «білім» және «құқықтық құзыреттіліктерін» компьютермен немесе жазбаша тест арқылы қалыптасқан құзыреттіліктерін бағалау.

2 кезең – «тәжірибелік дағды» және «коммуникативтік дағдыларының» қалыптасуын бағалау, тәжірибелік дағдыларды анықтау және/ немесе ситуациялық есептерді шығару.

Емтиханның 2-ші кезеңінде «0» балл қойылмайды!

Емтиханның 1 және 2 кезеңі бойынша бағалау үлесі:

1 кезең – 60%

2 кезең – 40%

Ru=Rg*0.6+(R1Э* 0,25+ R2Э* 0,15)

мұнда:

Ru – қорытынды баға

Rg – емтиханға жіберілу рейтингі

R1Э - емтиханның I кезеңі,

R2Эемтиханның II кезеңінің баллы (пән бойынша емтихан).

Қорытынды рейтинг 60% жіберілу рейтингісінен және 40% қорытынды бақылау бағасынан тұрады.

Ағымдық бақылау t – құзыреттіліктің қалыптасу деңгейімен бағаланады

t= (Z+N+K+P+S)/n

мұндағы:

n – барлық құзыреттілік бойынша тапсырмалар саны

Z: z1+z2+…+zn - білімнің бағасы

N: n1+n2+…+nn - тәжірибелік дағдылар бағасы

K: k1+k2+…+kn - коммуникативтік дағдылар бағасы

P: p1+p2+…+pn - құқықтық құзыреттілік бағасы

S: s1+ s2+…+sn - СӨЖ бағасы.

Студенттің қорытынды бағасы 60 % кем болмаған жағдайда жіберілу рейтингі, мына формуламен анықталады Rд= (t+r1+r2)/ *0.6

мұндағы, t – ағымдық бақылау:

r1 – бірінші рейтинг,

r2 – екінші рейтинг,

Егер Rжіберілу 50 –ге тең немесе одан жоғары болса білім алушы емтиханға жіберілген болып есептеледі.

«Жалпы медицина» мамандығының 1 курс студенттері үшін

«Молекулалық биология және медициналық генетика» пәні бойынша құзыреттілікті бағалау:

Құзыреттілік

Бақыланатын сабақтардың тақырыбы

1

Білім

Барлық тәжірибелік сабақтар (1-15)

2

Тәжірибелік дағды

Барлық тәжірибелік сабақтар (1-15)

3

Коммуникативтік к к дағды

1. «Жалпы және медициналық генетика негіздері» тарауы бойынша аралық бақылау (7-сабақ);

2. Молекулалық биология негіздері» тарауы бойынша аралық бақылау (15-сабақ);

4

Құқықтық дағды

1. Медициналық -генетикалық кеңес (6-сабақ).

5

Өзін-өзі жетілдіру

СӨЖ тақырыптар саны 15. Әр студент пәнді оқып, игеру барысында 1 СӨЖ тақырыбын орындап өткізуі тиіс.