Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОМ каз. 2014-2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.91 Mб
Скачать

1. Тақырыбы: Гаметогенез. Мейоз

2. Мақсаты: студенттерде хромосомалардың гаплоидты жиынтығы бар жыныс жасушаларының пайда болу ерекшелігі және жалпы биологиялық және медициналық маңызы туралы білім қалыптастыру.

3. Оқытудың мақсаты:

- мейоз ұрпақ жалғастығын қамтамасыз етудегі маңызын ашу;

- гаметогенездің сатыларын және ретін түсіндіру;

- мейоздың сатылары мен ретін түсіндіру;

- патологиялық жасушалардың пайда болуындағы бөліну үдерісінің бұзылуының рөлін түсіндіру.

4. Өткізу түрі: типтік есептер шығару, кестелер толтыру, сызбалар сызу, тақырып бойынша бейнефильм көру.

5. Бақылау:

5.1. Сызбалар сызу:

- Жасушада мейоздық бөліну кезіндегі генетикалық материалдың мөлшерінің өзгерісін түсіндіріп сызбасын сызу.

- Гомологты хромосомалар жұбы мен ондағы орналасқан аллельді емес гендерді мейоз кезеңдеріне сай бөліңіздер.

А а

В в

5.2. Спермато- және оогенез сатыларын мен кезеңдеріне сипаттау және генетикалық материалдың жиынтығын көрсете отырып сызбасын сызыу, түсіндіру.

Сатылары

Сперматогенез

Овогенез

Генетикалық материалдың жиынтығы

5.3. Жыныстық ерекшеліктер бойынша кесте толтыру:

Тән ерекшеліктері

Ер адам

Әйел адам

Гаметалары

Кариотип

Хромосомалары

Гормондары


    1. Типтік есептер шығару:

- Егер Мм генотипті аналық ағзадағы М гені мейоз кезінде жұмыртқа жасушасына түссе, м гені қайда түседі?

- Егер Аа генотипті аталық ағзадағы А гені мейоз кезінде сперматозоидқа түссе, а гені қайда түседі?

6. Үлестірілетін материал – жоқ.