Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОМ каз. 2014-2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.91 Mб
Скачать

8. Бақылау

8. 1. Бақылау сұрақтары:

8.1.1.Трансляцияның биологиялық және генетикалық маңызы неде?

8.1.2. Про- және эукариоттар трансляциясының ерекшеліктері.

8.1.3. Трансляция процесінде рибосоманың, т-РНҚ-ның рөлі қандай?

8.1.4. Трансляция қателерінің пайда болу механизмдерінің себебі неде және олардың медицинада

маңызы қандай?

8.1.5. Генетикалық код, анықтамасы.

8.1.6. Генетикалық кодтың қасиеттері.

8.1.7. Генетикалық кодтың медициналық маңызы.

Үш тілдегі түсіндірме сөздер:

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Аминоацил-т-РНҚ-синтетаза – ақуыз биосинтезі үдерісінде аминқышқылын өзіне сәйкес тасымалдаушы РНҚ-мен байланыстыратын фермент

Аминоацил-т-РНК-синтетаза – фермент, связывающий аминокислоту с соответствующей ей транспортной РНК в процессе биосинтеза белка

Aminoacyl-t-RNA synthetase - enzyme, binding aminoacid with corresponding t-RNA during protein biosynthesis

Трансляцияа-РНҚ кодондар ретінің полипептидті тізбектегі аминқышқылдарының ретіне аударылуына негізделген ақуыз биосинтезінің үдерісі

Трансляция – процесс биосинтеза белка, основанный на переводе последовательности кодонов и-РНК в аминокислотную последовательность полипептидной цепи

Translation – process of biosynthesis of protein, based on turning of codon sequences of m-RNA into aminoacid sequencies of polypeptide chain

Генетикалық код – а-РНҚ-да триплеттер немесе кодондар түрінде жазылған тұқым қуалау ақпаратының ақуыз молекуласының аминқышқылдар қатарына аударылуының табиғи механизмі

Генетический код – природный механизм перевода наследственной информации, записанной в и-РНК в виде кодонов или триплетов, в аминокислотную последовательность белковой молекулы

Genetic сode – natural mechanism of converting of genetic information written in m-RNA by codons or triplets into aminoacid sequence of protein

Артықшылығы – белгілі бір аминқышқылдарының бірнеше (2 және одан көп) кодондармен анықталуы

Вырожденность – кодирование определенных аминокислот несколькими (2 и более) кодонами

Degeneracy - coding of certain amino acids with several (two or more) codons

Коллинеарлығы – полипептидтік тізбектегі аминқышқылдарының орналасу ретінің оларды кодтайтын а-РНҚ-дағы триплеттер ретіне сәйкестілігі

Коллинеарность – соответствие порядка расположения аминокислот в полипептидной цепи порядку расположения кодирующих их триплетов в и-РНК

Collinearity - accordance of order of aminoacids in polypeptide chain to order of arrangement of their encoding triplets in m-RNA

Қайта жабылмайтындығы – трансляция барысында кез келген нуклеотидтің тек қана бір триплет (кодон) құрамына кіруі

Неперекрываемость – вхождение любого нуклеотида в состав только одного триплета (кодона) в процессе трансляции

Nonoverlapping – introducing (presence) of any nucleotide only in one triplet (codon) in the translation process

Үздіксіздігі - «код үтірсіз», трансляция барысында а-РНҚ –ның бірінші триплеттен соңғы триплетке дейін генетикалық ақпараттың (кодондардың) тоқтамсыз, үздіксіз оқылуы

Непрерывность - «код без запятых», непрерывное, без остановок считывание генетической информации от первого до последнего триплета в и-РНК в процессе трансляции

Nonterruptivity - "code without commas", discontinuous, non-stop reading of genetic information from first to the last triplet in m-RNA in translation process

Триплеттілігі – үш қатар орналасқан көршілес нуклеотидтердің бір аминқышқылды кодтауы

Триплетность – кодирование одной аминокислоты тремя смежными нуклеотидами (триплетом или кодоном)

Tripletness – encoding of one aminoacid by three adjacent nucleotides (triplet or codon)

Универсалдығы – барлық тірі ағзаларда (өте сирек) белгілі бір аминқышқылдарының бірдей кодондармен анықталуы

Универсальность – кодирование определенных аминокислот у всех живых организмов (за редким исключением) одними и теми же кодонами

Universality – coding of certain aminoacids in all living organisms (with rare exceptions) by the same codons

Құрастырушы: оқыт. Какишева Г.Т.

10-сабақ (СОЖӨЖ)