Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОМ каз. 2014-2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.91 Mб
Скачать

8.3. Коммуникативтік дағды құзыреттілігін бағалау:

8.3.1. Әңгімелесу барысында материалды дұрыс жеткізу.

Құрастырушы: аға оқыт.Таракова К.А.

8-сабақ (СОЖӨЖ)

1. Тақырып: днқ репликациясы. Сызықты днқ молекуласының ұштарының репликацияланбау мәселері және оның шешімі

2. Мақсат:

- студенттерде тірі ағзалардағы тұқым қуалайтын ақпараттардың іске асырылуының заңдылықтары мен молекулалық механизмдері, ДНҚ репликациясының механизмдері және ұстанымдары жайлы заманауи түсініктері мен білімдерін қалыптастыру.

- студенттерде сызықты ДНҚ молекуласының ұштарының репликацияланбау мәселері және оның шешімі жайлы, ағзаның қартаюымен және қатерлі ісіктің пайда болуының маңызы жайлы білім және заманауи көзқарастарын қалыптастыру.

3. Оқытудың міндеттері:

- студенттерге тұқым қуалау ақпаратының мәнін және оның тірі ағзалардағы қызметінің маңызын түсіндіру;

- студенттерде ДНҚ репликациясының механизмдері және ұстанымдары жайлы білім қалыптастыру;

- студенттерге тұқым қуалайтын аурулардың пайда болуы мен қартаюда ДНҚ репликациясының механизмдерінің бұзылуының маңызын және рөлін түсіндіру.

- сызықты ДНҚ молекуласының ұштарының репликацияланбау мәселері жайлы білім қалыптастыру;

- студенттерге сызықты ДНҚ молекуласының ұштарының ұзаруын түсіндіру;

- студенттерге репликацияға дейінгі жаңа түзілген ДНҚ тізбегіндегі теломераза әсерінің механизмін және рөлін түсіндіру;

- студенттерге ДНҚ репликацияланбау маңызын және оның ұзаруының медицинадағы маңызын түсіндіру.

4. Өткізу түрі: сызба салу және түсіндіру, тақырып бойынша бейнефильм көру.

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

5.1. ДНҚ репликациясының ұстанымдарының сызбасын сызу және түсіндіру.

5.2. ДНҚ-ның бастаушы және ілесуші тізбектерінің репликациясының сызбасын сызу және түсіндіру.

5.3. ДНҚ репликациясының сызбаны сызу, бастаушы және ілесуші тізбектерін, репликацияға қатысатын ферменттерді және ақуыздарды белгілеу.

5.4. Сызықты ДНҚ молекуласының ұштарының репликацияланбауының себебін түсіндіру және сызбасын сызу.

5.5. Теломеразаның қатысыумен және теломеразаның қатысыуынсыз ДНҚ теломерлік бөліктерінің ұзару механизмін түсіндіру және сызбасын сызу.

6. Үлестіретін материал - жоқ.

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

6.1. Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері (дәрістер жинағы). Алматы: Эверо, 2008. б.21-41.

6.2. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М., 2003. б. 17-40.

6.3. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006. б. 52-53.

6.4. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық-генетикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігі. Алматы: Эверо, 2012. 112 б.

Қосымша:

6.5. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск: Сиб.унив. изд-во, 2007. С.110-122.

6.6. Щипков В.П., Кривошеина Г.Н. Общая и медицинская генетика. М., 2003. с. 11-16.

6.7. Биология. Под ред. Ярыгина В.Н. В 2-х томах. М.: Высшая школа, 2004. Т.1. б. 234-242.

6.8. Заяц Р.Г.,Бутвиловский В.Э. и др. Общая и медицинская генетика. Р-на- Дону, 2002. б.106-116.

6.9. Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л.Ньюссбаум, Родерик Р. Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. акад. РАМН Н. П. Бочкова.- М., ГЭОТАР-Медиа, 2010. б. 203-205.