Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОМ каз. 2014-2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.91 Mб
Скачать

1. Тақырыбы: Адамның полигендік (мультифакториалды) және хромосомалық аурулары

2. Мақсаты студенттерде полигендік (мультифакторлық) аурулардың мәні және олардың медициналық-әлеуметтік маңызы туралы заманауи білімдері мен түсініктерін қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

  • полигенді және хромосомалық аурулардың пайда болу себептерін түсіндіру және оқыту;

- полигендік аурулардың даму механизмінің генетикалық полиморфизмділік мәнін түсіндіру;

- студенттерді полигендік аурулардың заманауи молекулалық-генетикалық даму механизмдерімен таныстыру;

- студенттерде полигендік аурулардың тұқым қуалауға бейім ауру ретінде клиникалық көзқарасын қалыптастыру және мәнін ашу;

  • студенттерді хромосомалық аурулардың негізгі клиникалық белгілерімен таныстыру;

  • студенттерді әр түрлі паталогиялық аурулардың ішінен хромосомалық аурулары бар науқастарды тануға үйрету;

  • студенттерді тұқым қуалайтын паталогияны анықтау барысында тәжірибелік іс-әрекет дағдыларын қалыптастыруға үйрету.

4. Өткізу түрі: үйлесімді оқыту түрі (әңгімелесу, рөлдік ойын), тақырып бойынша бейнефильмдер көру. Интерактивті оқыту тәсілі «рөлдік ойын» (сценариі 2-ші қосымшада).

  1. Тақырып бойынша тапсырмалар:

    1. Типтік есептерді шығару.

Мультифакторлық аурулардың дамуында жеке тұлғаның тұқымқуалаушылығы мен сыртқы орта факторларының арақатынастық рөлін К.Хольцингер формуласымен анықтауға болады:

Н = (КМЕ - КДЕ)/(100-КДЕ),

мұнда, Н – тұқымқуалаушылық коэффициенті, КМЕ –монозиготты егіздер үшін белгінің конкорданттылығы ( %); КДЕ- дизиготты егіздер үшін сол белгінің конкорданттылығы (%). Е=1-Н, Е – орта әсерінің коэффициенті.

К.Хольцингердің формуласын пайдаланып мына төмендегі адамның аурулардың көрініс беруіндегі тұқымқулаушылық пен ортаның салыстырмалы рөлін анықтаңыз

Аурудың атауы

Егіздердің

Конкорданттылығы %

Тұқымқуалаушылық

коэффиценті

Қорытынды

МЕ

ДЕ

Н=

Гипертониялық ауру

Миокард инфаркты

Бронхиальды астма

Рак

Қатерсіз ісік

Шизофрения

Қант диабеті

Қызылша

Туберкулез

Жамбастың туа біткен таюы

26,2

19,6

19,0

11,0

20,0

80,0

84,0

97,4

52,8

41,0

10,0

15,5

4,8

3,0

12,7

13,0

37,0

95,7

20,6

3,0

5.2. «Мультифакторлық аурулардың зерттеу әдістері» тақырыбына кесте толтыру:

Зерттеу әдістері

Зерттеу мақсаты

1.

Егіздер әдісі

2.

Клиникалық-генеалогиялық әдіс

3.

Популяциялық-генетикалық әдіс

4.

Молекулалық-генетикалық әдістер

5.3. Адамда кездесетін трисомияның негізгі типтерін атап өту және олардың пайда болу механизмдерін түсіндіру.

    1. Гоносомдық синдромдардың негізгі типтерін атап өту және олардың пайда болу

механизмдерін түсіндіру.

    1. Даун синдромына алып келетін мутацияның типі, олардың пайда болу механизмдерін түсіндіру және клиникалық белгілері.

    2. Патау синдромы ауруына алып келетін мутацияның типі, олардың пайда болу механизмдерін түсіндіру, кариотипін және клиникалық белгілерін сипаттау.

    3. Эдвардс синдромы ауруына алып келетін мутацияның типі, олардың пайда болу механизмдерін түсіндіру, кариотипін және клиникалық белгілерін сипаттау.

    4. Шерешевский-Тернер синдромы ауруына алып келетін мутацияның типі, олардың пайда болу механизмдерін түсіндіру, кариотипін және клиникалық белгілерін сипаттау.

    5. Кляйнфельтер синдромы ауруына синдромы ауруына алып келетін мутацияның типі, олардың пайда болу механизмдерін түсіндіру, кариотипін және клиникалық белгілерін сипаттау.

    6. Кіші топтармен жұмыс-рөлдік ойын «Дәрігер-науқас». Жұмысты орындауда

«Медициналық биология және генетика» оқу құралын пайдалану керек ( проф. ҚуандықовЕ.Ө. ред. А., 2004, б. 137-141).

6. Үлестірілетін материалдар: жоқ.