Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОМ каз. 2014-2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.91 Mб
Скачать

1.Тақырыбы: Митоздық цикл. Митоз. Митоздық циклдың реттелуінің молекулалық-генетикалық механизмдері

2. Мақсаты: студенттерде жасушаның бөлінуін қамтамасыз ететін митоздық циклдың реттелуінің және бақылануының молекулалық механизмдерінің мәні, жасушаның бөліну үдерісінің жалпы биологиялық және медициналық маңызы жайлы білімдерін қалыптастыру.

3. Оқытудың мақсаты:

- ағзалардың тіршілік етуі мен ұрпақ жалғастығын қамтамасыз етудегі митоздық циклдың маңызын ашу;

- митоздық циклдың реттелуіндегі циклин және циклинге тәуелді киназаның рөлін көрсету және

түсіндіру;

  • митоздық циклдың бақылануының мәнін ашу және түсіндіру;

  • патологиялық үдерістің пайда болуында жасуша бөліну үдерісінің бұзылуының рөлін түсіндіру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Митоздық цикл, анықтамасы, кезеңдері.Сипаттамасы.

4.2. Митоздың негізгі реттеушілері (циклиндер, киназалар).

4.3. G1, S, G2 кезеңдеріндегі кешендердің әсері.

4.4. MPF және APC кешендерінің әсері.

4.5. Жасушаның митоздық циклды өтуінің бақылануы (тексеру нүктелері).

4.6. Митоздық циклдың бұзылу механизмдері және себептері.

4.7. Митоздық циклдың бұзылуының медициналық зардаптары.

5. Оқытудың әдістері: сабақтың мақсаты мен міндетіне сай студенттердің түсінігін қалыптастыруға бағыттай отырып ауызша сұрау, нақты, логикалық тұрғыда мазмұндау және игерген материалды сызба, кесте, сурет, тест түрінде сипаттай алу, топпен жұмыс жасай білу; тапсырмаларды орындап, түсіндіру, сызбаларды толтыру; тақырып бойынша бейнефильмдер көру.

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Генетика. Под.ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006. с.22-25.

  2. Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М.: Медицина, 2003. с. 168-175.

  3. Медицинская биология и генетика. Учебное пособие под ред. проф. Куандыкова Е.У. Алматы, 2004. с.53-77.

  4. Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е., Молекулалық биология негіздері (дәрістер жинағы). Алматы: Эверо, 2008. б.110-125.

  5. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М., 2003. с. 405-412.

    1. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық –генетикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігі Алматы: Эверо, 2012. 112 б.

Қосымша:

6.7. Биология. Под ред. Ярыгина В.Н. В 2-х томах. М.: Высшая школа, 2004. Т.1. с.192-206.

6.8. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск: Сиб.унив. изд-во, 2007. С. 118-119.

6.9. Медицинская генетика: учеб.пособие/ Роберт Л. Ньюссбаум, Родерик Р. Мак- Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер.с англ. А.Ш. Латыпова; под.ред. Н.П.Бочкова. М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010. с.25-26.

6.10. Фаллер Д. М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. М., 2006. с. 126-129,139-144

6.11. Щипков В.П., Кривошеина Г.И. Общая и медицинская генетика. М., 2003. 85-97.

7. Бақылау

7.1. Когнитивті (білім) құзыреттілікті бағалау:.

7.1.1.Тақырып сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

7.1.2.Тест бақылау – 2 нұсқа 10 сұрақтан.

7.2. Тәжірибелік дағды құзыреттілігін бағалау:

7.2.1. Гипотендік жасуша үшін төменде көрсетілген уақытқа сай митоздық циклды, оның кезеңдерінің сызбасын сызыңыз: G1 - 18, S - 6, G2 - 3, M - 1,5 және сызбада интерфазаға тән хромосома саны мен ДНК молекуласының мөлшерін көрсетіңіз.

7.2.2. Митоздық цикл реттелуінің сызбасын сызу және түсіндіру.

  • Жасушалық циклдың фазаларын стимулдайтын және ингибиторлық митогендерді, сонымен қатар циклин-циклинге тәуелді киназаларды көрсетіңіз.

7.2.3. Кесте толтыру: «Циклин- циклинге тәуелді киназалар кешенінің әсері»

Кешендер

Реттелінетін үдерістер

ЦД-Cdk4,6

ЦЕ-Cdk 2

ЦА-Cdk 2

ЦВ-Cdk 1 (MPF)

АРС

7.2.4. Кесте толтыру: «Тексеру нүктелерінде циклдың тоқтау себептері»

Тексеру нүктелері

Тексеру нүктелерінде циклдың тоқтау себептері

G1

S

G2

митоздың метафазасы

Үш тілдегі түсіндірме сөздер:

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Митоздық цикл – жасушадағы өзгерістердің генетикалық бақылануы арқылы жасушаның бөлінуге даярлық кезеңі мен бөлінудің сабақтастықпен жүретін кешені.

Ол интерфаза мен митоздан тұрады

Митотический цикл – комплекс взаимосвязанных, генетически детерминированных событий, происходящих в клетке в период подготовки ее к делению и на протяжении ее деления. Включает в себя интерфазу и митоз

Mytotic cycle – complex of interrelated, genetically determined events in cell during preparation to division and division. Consists from interphase and mitosis.

Пролиферация – жасушаның митоз немесе мейоз жолымен (көбеюі) бөлінуі

Пролиферация – деление (размножение) клеток путем митоза или мейоза

Proliferation – division (reproducing) of cells by mitosis or meiosis

Митогендер - жасушаның бөлінуін белсендендіретін факторлар

Митогены - факторы, стимулирующие деление клетки

Mitogens – factors stimulating cell division

Циклиндер, киназалар, МСФ, АРС – жасушаның митоздық циклды өтуін реттейтін ақуыздар және кешендер

Циклины, киназы, МСФ, АРС – белки и комплексы, регулирующие прохождение клеткой митотического цикла

Cyclins, kinases, MPF, APC – proteins and complexes regulating passing of cell during mitotic cycle

Құрастырушы: аға оқыт. Таракова К.А.

12 -тәжірибелік сабақ