Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОМ каз. 2014-2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.91 Mб
Скачать

7.2. Тәжірибелік дағды құзыреттілігін бағалау:

7.2.1. Гендер экспрессиясы механизмдерінің сызбасын салу және түсіндіру.

7.2.2.Триптофан опероның құрамына кіретін элементтерді және оның типі мен белсенділігін анықтаңыз.

7.2.3. Сызба нұсқалардың суреттерін салу:

- оперонның моделі (Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері.б. 85, сурет 43, бірінші қатары);

7.2.4. Есеп шығару. РНҚ полимеразаны танитын сайты- ТАТААТ, -35 жүйелік ТТ ГАЦ А,

репрессор – ақуызының оперондағы танитын сайты (оператор)-АТТТТАТ, құрылымдық гендер ТАЦ кодондарымен басталып АТЦ кодондарымен аяқталады. Гендер аралығында спейсерлік ТТТТ бөліктер орналасқан.

а) осы ақпаратты пайдалана отырып, 3 құрылымдық геннен тұратын Lac–оперонының моделін құрастырыңыз: құрылымдық ген Z- 5 кодоннан тұрады, құрылымдық гендер Y және A - 4 кодоннан тұрады.

б) транскрипция жүргізіңіз, қанша а –РНҚ түзіледі?

в) трансляция жүргізіңіз, ДНҚ-ң осы бөлігінде қанша ақуыз кодталған? Олардың құрамын анықтаңыз.

7.2.5. Кесте толтыру: Эукариот гендерінің реттелу деңгейлері

Эукариот гендерінің реттелу деңгейлері

Сипаттамалары

геномдық

транскрипциялық

постранскрипциялық

трансляциялық

пострансляциялық

7.3. Өзін-өзі жетілдіру дағдысын бағалау:

7.3.1. «Гендер экспрессиясы бұзылуынан дамитын аурулар» тақырыбы бойынша СӨЖ-ді екінші аралық бақылауға дейін қорғау.

7.4. Бақылау сұрақтары:

7.4.1. Гендер белсенділігінің реттелуінің маңызы неде?

7.4.2. Оперонның құрамына қандай структуралық элементтер кіреді?

7.4.3. Про және эукариот гендерінің реттелуінің механизмінде қандай айырмашылықтар бар?

7.4.4. Адам өмірінде гендер белсенділігінің реттелуі механизмінің бұзылуының медициналық маңызы қандай?

Үш тілдегі түсіндірме сөздер:

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Оперон – бірнеше құрылымдық прокариоттық (кластерлік) гендерден тұратын структуралық- функциональдық бірлік, олардың белсенділігі бір ғана промотор, реттеуші ген және индуктормен реттелінеді

Оперон — cтруктурно-функциональная единица, состоящая из нескольких структурных прокариотических (кластерных) генов, активность которых регулируется общим промотором, регуляторным геном и индуктором

Operon – structural-functional unit, consisting from a few structural prokaryotic (cluster) genes, which activity regulates by common promotor, regulatory gene and inductor

Оператор – транскрипцияны бастау немесе тоқтату үшін репрессормен

немесе индуктормен байланысатын геннің реттеуші қатары

Оператор – регуляторная последовательность, с которой связывается репрессор или индуктор для остановки или начала транскрипции

Operator – regulatory sequence with which bonds repressor or inductor for beginning or disruption of transcription

Реттеуші гендер - басқа гендердің белсенділігін реттейтін гендер

Гены-регуляторы – гены, регулирующие активность других генов

Regulators genes – genes regulating activity of other genes

Репрессорлар - индуктор, оператор немесе құрылымдық гендердің соңғы өнімдерімен әрекеттесу арқылы оперон құрамындағы бірнеше құрылымдық гендердің белсенділігін (транскрипциясын) бақылайтын реттеуші гендер

Репрессоры - регуляторные гены, контролирующие активность (транскрипцию) нескольких структурных генов в составе оперона путем взаимодействия с индуктором, оператором или конечным продуктом синтеза структурных генов

Repressors – regulatory genes controlling activity (transcription) of other structural genes in the operon by interaction with an inducer, operator or end product of the synthesis of structural genes

Құрылымдық - құрылымдық ақуыздар және ферменттер синтезін бақылайтын гендер

Структурные гены - гены, контролирующие синтез структурных белков и ферментов

Structural genes – genes controlling synthesis of structural proteins and enzymes

Құрастырушы: оқыт. Г.Т. Танеева

11-тәжірибелік сабақ