Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОМ каз. 2014-2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.91 Mб
Скачать

7.3. Коммуникативтік дағды құзыреттілігін бағалау:

7.3.1. Әңгімелесу барысында материалды дұрыс жеткізу.

Құрастырушы: аға оқыт.Таракова К.А.

8-тәжірибелік сабақ

1. Тақырыбы: Тұқым қуалаушылықтың молекулалық негіздері. Геннің молекулалық биологиясы. Тұқым қуалау ақпаратының іске асырылуы. Криктің негізгі постулаты

2. Мақсаты:

- студенттерде молекулалық биологияның заманауи медицинасындағы рөлі, нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметінің ашылуы, молекулалық биология жетістіктерінің тұқым қуалайтын аурулардың себебін, даму механизмдерін анықтаудағы маңызы туралы түсініктер қалыптастыру.

- студенттерге геннің құрылысы, қызметі туралы оның медицинадағы маңызын молекулалық деңгейдегі заманауи көзқарасты қалыптастыру.

- студенттерде тірі ағзалардағы тұқым қуалайтын ақпараттардың іске асырылуының заңдылықтары мен молекулалық механизмдері жайлы заманауи түсініктері мен білімдерін қалыптастыру.

3. Оқытудың міндеттері:

- студенттерде тірі ағзалардағы тұқым қуалау ақпаратының сақталуының, тасымалдануың және ақпараттың іске асырылуында ДНҚ рөлі жайылы түсінігін қалыптастыру;

- студенттерді молекулалық биологияның негізгі терминдері мен ұғымдарымен таныстыру;

- нуклеин қышқылдарының (ДНҚ, РНҚ) құрылымды-функциональдық айырмашылығы және қызметі жайлы түсініктер мен білімді қалыптастыру;

- тұқым қуалайтын ақпараттың жүзеге асуындағы нуклеин қышқылдарының рөлін ашу;

- студенттерге про- және эукариотты жасушаларының құрылысының ерекшеліктері туралы заманауи білімді қалыптастыру;

- студенттерге про – және эукариотты гендердің молекулалық құрылымы туралы заманауи білімді қалыптастыру;

- про – және эукариотты гендердің құрылымындағы айырмашылығын оқыту;

- студенттерге геннің кодтаушы және реттеуші бөлігінің құрылымды-функциональдық айырмашылығы жайлы түсінікті және білімді қалыптастыру;

- студенттерге тұқым қуалау ақпаратының іске асырылу мәнін және оның тірі ағзалардағы қызметінің маңызын түсіндіру;

- заманауи клиникалық медицинадағы молекулалық биологияның маңызын ашу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

4.1. Молекулалық биология пәні және міндеттері.

4.2. Нуклеин қышқылдары: ДНҚ, РНҚ, құрылысы және қызметтері.

4.3. Ген, молекулалық-биологиялық анықтамасы. Мутон, рекон, цистрон.

4.4. Прокариот және эукариоттар генінің молекулалық-генетикалық құрылысы.

4.5. Гендердің жіктелуі.

4.6. Молекулалық биологияның орталық догмасы (Криктің негізгі постулаты).

4.7. Тірі ағзалардағы тұқым қуалау ақпаратының берілу бағыттары мен типтері: жалпы, арнайы, тыйым салынған.

4.8. Ауруларға диагноз қоюда, емдеу мен алдын-алудағы ДНҚ талдаудың маңызы мен рөлі.

5. Оқыту әдістері: студенттердің сабақтың мәнін, мақсатын және міндеттерін; түсінгенін қысқа, анық, ойын жүйелі жеткізу және түсінген материалын сызба нұсқа, кесте, сурет түрінде көрсету; тест қателіктерімен топпен жұмыс; есептер шығаруды көрсету және түсіндіру,сызбалар толтыруға бағыттай отырып ауызша сұрау, тақырып бойынша бейнефильмдер көру.