Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОМ каз. 2014-2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.91 Mб
Скачать

2.2. Пәннің міндеттері:

Молекулалық биология және генетиканы оқыту барысында құзыреттілікке бағытталған медициналық білімнің жаңа моделін қолдану, бұл:

- студенттерде ағза қызметтерінің негізгі молекулалық-генетикалық және жасушалық механизмдері туралы заманауи білімді (когнитивтік құзырлылықты) қалыптастыру;

- молекулалық биология мен генетикадан алған білімді клиникалық практикада (тәжірбиелік дағдыларды) тиімді қолдану;

- Коммуникативтік құзыреттіліктің бастапқы деңгейдегі дағдыларына үйрету: науқастармен, әріптестерімен, топпен қарым-қатынас құра білуді, сабақтың мақсатына жетуде жағымды атмосфераны тудыру;

- ҚР денсаулық сақтау мен фармациядағы нормативтік-құқықтық құжаттарды (құқықтық құзырлылықты) білу;

- өзінің портфолиосын жасау арқылы өзін-өзі жетілдіру.

2.3. Міндеттері:

  • кеңінен таралған ауруларды нақты диагностикалау, алдын алу және емдеу үшін ағзаның қалыпты және патологиялық жағдайдағы қызметтеріндегі молекулалық-генетикалық және жасушалық механизмдердің рөлін түсіндіру;

  • теориялық және практикалық медицинада қазіргі молекулалық генетикалық әдістер мен технологиялардың негізгі ұстанымдар жайлы пікір қалыптастыру;

  • тұқым қуалайтын ауруларға дер кезінде диагноз қою және алдын алу үшін олардың негізгі белгілерін тани білуге үйрету;

  • молекулалық–генетикалық зерттеулердің жетістіктерін медицинада қолданудың этикалық және құқықтық нормалары жайлы түсінік беру;

  • ғылыми әдебиеттер мен тұқым қуалайтын аурулардың электрондық базалары бойынша мәліметтерімен жұмыс істеу дағдыландырын үйрету.

2.4. Оқытудың түпкі нәтижелері:

Студент өзінің нақты жеткен жетістіктерін – білімдерін, түсініктерін, дағдылары мен, шеберліктерінің жиынтығын көрсетуі қажет:

- когнитивтік құзырлылықты, білімдер мен ұстанымдарды қалыптастыру:

  • ағза қызметтерінің негізгі молекулалық-генетикалық және жасушалық механизмдері, тұқым қуалайтын материалдың молекулалық деңгейдегі (ДНҚ) құрылымдық-функциялық құрылымы туралы;

  • тірі жүйелердегі тұқым қуалайтын ақпараттардың берілу бағыттары мен механизмдері, олардың тірі ағзалардың қалыпты және патологиялық жағдайлардағы қызметтеріндегі рөлі мен маңыздары туралы;

  • тұқым қуалайтын ақпараттың жүзеге асырылуының молекулалық механизмдері туралы;

  • тұқым қуалайтын материалдың гендік, хромосомдық және геномдық деңгейлердегі құрылымдық-функциялық құрылымы туралы;

  • тұқым қуалайтын өзгергіштіктің пайда болуының себептері мен механизмдері және адамның тұқым қуалайтын аурулары мен дамудағы туа біткен ақаулықтардың қалыптасуындағы олардың рөлі туралы;

  • гендермен бақыланатын тұқым қуалаушылықты, белгілердің (аурулардың) тұқым қуалау типтерінің және дәрігерлер тәжірбиесінде аурулардың тұқым қуалау сипатын анықтаудағы олардың қолданылуы туралы;

  • организмнің дәрілік препараттарға реакцияларының молекулалық-генетикалық және жасушалық механизмдері туралы;

  • дәрілік препараттардың синтезделуі мен қолданылуының молекулалық негіздері туралы;

  • халықаралық тілдегі молекулалық-биологиялық және генетикалық терминологиялар туралы;

  • тұқым қуалайтын патологиялардың, дамудың туа біткен ақауларының алдын алудың құқықтық аспектеріндегі мәселелер туралы.

  • тәжірибелік, коммуникативтік дағдыларды, құқықтық құзырлылықты және өзін-өзі жетілдіру дағдыларын:

  • аурулардың пайда болу механизмдерін түсіндіруде молекулалық–генетикалық білімді қолдануды;

  • адамның ауруларының тұқым қуалау сипатын тани білуге;

  • хромосомалардың әртүрлі типтерімен адамның қалыпты және патологиялық кариотиптерін ажырата білуді;

  • аурудың тұқым қуалау сипатын анықтауда генеалогиялық әдісті қолдануды;

  • арнайы анықтамалық материалды, молекулалық-биологиялық және генетикалық базалар мәліметтерін және т.б.;

  • рефераттар жазу дағдыларын игеру;

  • эсселер жазу дағдыларын игеру;

  • тезистер жазу дағдыларын игеру;

  • баяндамалардың презентацияларын даярлауда және аудитория алдында сөйлеу дағдыларын игеру;

  • топпен жұмыс істеуге үйрену;

  • басшылық дағдыларды;

  • шешендік қабілеттілікті;

  • ұйымдастырушылық қабілеттілікті игеруді қалыптастыру.