Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОМ каз. 2014-2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.91 Mб
Скачать

1. Тақырып: Тұқым қуалайтын ауруларға диагноз қоюдың заманауи әдістері. Тұқым қуалайтын аурулардың алдын алудың заманауи әдістері.

2. Мақсат: Студенттерде тұқым қуалайтын аурулардың диагноз қою және алдын алудың заманауи әдістерін клиникалық генетикада қолданылуы, тұқымқуалайтын патологиясы бар аурулар мен оның жанұясына арнайы медико-профилактикалық көмек көрсету ретінде медико-генетикалық кеңес жайлы білімін қалыптастыру.

3. Оқытудың міндеттері:

- студенттерді тұқым қуалайтын ауруларға диагноз қою және алдын алудың негізгі әдістерімен таныстыру;

- аурудың тұқым қуалау сипатын анықтау үшін клинико-генеалогиялық әдістің мәнін және маңызын ашу;

- хромосомалық ауруларға диагноз қою үшін цитогенетикалық әдістің мәнін және оның маңызын ашу;

- зат алмасудың тұқым қуалайтын дефектісіне диагноз қою үшін биохимиялық әдістің мәнін және оның маңызын ашу;

- гендік ауруларға диагноз қою үшін молекулалық-генетикалық әдістердің мәнін және оның маңызын ашу;

- медико-генетикалық кеңестің (МГК) заманауи медицинада және денсаулық сақтауда алатын орнын, маңызы мен мәнін ашу;

- тұқым қуалайтын ауруға диагноз қоюда қолданылатын пренатальды (туғанға дейін) зерттеу әдісінің маңызы мен мәнін ашу;

- генетикалық бұзылыстарды алдын алудағы преимплантациялық диагностиканың мәні мен маңызын ашу;

- тұқым қуалайтын аруларды таныу үрдісі кезінде дәрігерлерше ойлануға дағдыландыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

4.1. Тұқым қуалайтын ауруларға диагноз қоюдың негізгі әдістері.

4.2. Клинико-генеалогиялық әдіс. Шежіре құрудың принциптері, символдары және оның маңызы. Шежіреге талдау.

4.3. Цитогенетикалық әдіс. Әр түрлі хромосомалық аурулардың кариотиптерін жіктеу және талдау. Молекулалық-цитогенетикалық (FISH-әдісі) әдіс, оның маңызы.

4.4. Биохимиялық зерттеу әдістері, тұқым қуалайтын зат алмасу ауруларына диагноз қою принциптері.

4.5. Молекулалық-генетикалық әдістер, олардың гендік ауруларға диагноз қоюдың маңызы

4.6. Тұқым қуалайтын патологиялардың алдын-алуы, принциптері, әдістері.

4.7. Пренаталды диагностика. Инвазивті және инвазивті емес әдістері.

4.8. Предимплантациялық диагностика.

4.9. Генетикалық скрининг: жаппай, таңдамалы. Көрсеткіштері.

4.10. Медико-генетикалық кеңес, анықтама, мақсаттар, міндеттер. МГК жүргізу көрсеткіштері. МГК кезеңдері.

4.11. МГК өткізудің міндеттері мен этикалық принциптері ( 95 - бап, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі жайлы», ҚР Кодексі, 2009 жыл).

5. Оқыту әдістері: студенттердің сабақтың мәнін, мақсатын және міндеттерін; түсінгенін қысқа, анық, ойын жүйелі жеткізу және түсінген материалын сызба нұсқа, кесте, сурет түрінде көрсету; тест қателіктерімен топпен жұмыс: есептер шығаруды көрсету және түсіндіру,сызбалар толтыруға бағыттай отырып ауызша сұрау; тақырып бойынша бейнефильмдер көру.

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

6.1. Биология. Под ред. Ярыгина В.Н. М., 2001, 1 т., б. 274-276.

6.2. Бочков Н.П. Клиническая генетика. М., 2006, б. 411-451.

6.3. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М., 2006., б. 569-591.

6.4. Медициналық биология және генетика. Оқу құралы проф. Қуандықов Е.Ө. ред. А., 2004, б. 169-178.

6.5. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Жалпы және медициналық генетика негіздері (дәрістер жинағы). А., 2009, б. 199-201.

Қосымша:

6.6. Мутовин Г.Р. Основы клинической генетики. М., 2001, б. 211-224.

6.7. Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л.Ньюссбаум, Родерик Р, Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. Н. П. Бочкова.- М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010, с. 203-205

    1. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық-генетикалық терминдердің орысша -қазақша сөздігі. Алматы, 2012, 112б.