Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОМ каз. 2014-2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.91 Mб
Скачать

7. Бақылау

7.1. Когнитивті (білім) құзыреттілікті бағалау:

7.1.1. Тақырыптың сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

7.1.2. Тест бақылау – 10 сұрақтан 2 нұсқа.

7.2. Тәжірибелік дағды құзыреттілігін бағалау:

7.2.1. Адам онтогенезінің клиникалық кезеңдерінің сызбасын сызып, түсіндіріңіз.

7.2.2. Онтогенездің алғашқы кезеңдерінің: жұмыртқа жасушасының полярлығы, ооплазмалық сегрегация, позициялық ақпарат, детерминация, дифференциацияның сызбасын сызып, мәнін түсіндіріңіз.

7.2.3. Онтогенездің жасушалық механизмінің сызбасын сызып, түсіндіріңіз.

7.2.4. Ситуациялық есептерді шығару:

1. Нәресте туылған кезде жұлынның ортаңғы бөлігі бітіспеген. Онтогенездiң қандай жасушалық механизмдері бұзылған?

2. «Жырық таңдай» ақаулығында қандай жасушалық механизмдер бұзылған?

3. Синдактилия кезiнде қандай жасушалық механизмдер бұзылған?

4. Мүшелердiң толық жетiлмеуi мен дұрыс орналаспауының негiзiнде қандай элементарлық жасушалық үрдістердiң бұзылуы жатыр?

7.3. Өзін – өзі жетілдіру дағдысын бағалау:

7.3.1. «Қартаюдың молекулалық – генетикалық механизмдері» және «Бағаналы жасушалар және олардың медициналық маңызы» тақырыбтарынан СӨЖ-ді қорғау.

7.4. Бақылау сұрақтары:

7.4.1. Жұмыртқа жасушасының полярлығы дегеніміз не?

7.4.2. Позициялық ақпарат қай жерде байқалады?

7.4.3. Жасушалардың бөлшектену арқылы бөлінуінің ерекшелігі неде?

7.4.4. Онтогенездің жасушалық механизмдерінің бұзылысынан пайда болатын ақаулықтарға мысалдар келтіріңіз.

Үш тілдегі түсіндірме сөздер:

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Апоптоз – жасушалардың бағдарланған, физиологиялық өлімі

Апоптоз – программированная клеточная смерть, физиологическая гибель клеток

Apoptosis - process of programmed cell death, physiological cell death

Онтогенез – жеке дараның (ағзаның) даму үдерісі

Онтогенез – процесс индивидуального развития особи (организма)

Ontogenesis – process of individual development of organism

Ооплазмалық сегрегация

ооплазманың әртүрлі бөліктерінде (сегменттерінде) биологиялық белсенді заттардың әртүлі таралуын және ана ағзасында ооциттің

жағдайын анықтайтын жұмыртқа жасушасының цитоплазмасының әртектілігі; ооплазмалық сегрегация ооплазманың әртүрлі аймақтарында орналасқан әртүрлі жасушалардан әртүрлі мүшелермен ұлпалардың қалыптасуын қамтамасыз етеді

Ооплазматическая сегрегация – явление неоднородности цитоплазмы яйцеклетки, обусловленное неравнөмерным распределением биологически активных веществ в различных участках (сегментах) ооплазмы и положением ооцита в материнском организме; ооплазматическая сегрегация приводит к формированию различных органов и тканей из зачатков клеток, расположенных в разных участках ооплазмы

Ooplasmic segregation - egg cytoplasm heterogeneity phenomenon caused by unequal distribution of biologically active substances in different parts of ooplasm and oocyte position in maternal organism

Детерминация – жіктелмеген жасушалар (бастамалар) тобының даму бағытын таңдау нәтижесінде жіктелген жасушаларға айналуының онтогенетикалық үдерісі

Детерминация – онтогенетический процесс выбора направления развития группы недифференцированных клеток (зачатка) с последующим их превращением в дифференцированные клетки

Determination – choice of direction of development of undifferentiated cells accompanying by converting them to differentiated cells

Позициялық ақпарат – болашақ мүшелердің дамуына жауап беретін бастама жасушалардың оплазмадан алатын ақпараты; соған сәйкес жасушалар белгілі бағытта дамиды (детерминацияланады және нәтижесінде белгілі бір мүше қалыптасады)

Позиционная информация – информация, получаемая клетками-зачатками будущих органов из окружающей их ооплазмы; в соответствии с ней клетки развиваются в определенном направлении (детерминируются и формируют в итоге тот или иной орган)

Positional information – information (chemical signals) obtained by germ (undifferentiated) cells from ooplasm resulting in determination of them

Құрастырған: доц.Альмухамбетова С.К.

4-тәжірибелік сабақ