Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОМ каз. 2014-2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.91 Mб
Скачать

1. Тақырыбы: Гендер әсері. Генотип, фенотип

2. Мақсаты: студенттерде гендермен (генотип) және олармен бақыланатын белгілер (фенотип) арасындағы өзара әсердің мәнін түсіну үшін генотиптегі гендердің өзара әсері жайлы білімді қалыптастыру.

3. Оқытудың міндеттері:

- студенттерге генотип, фенотип, аллельді және аллельді емес гендер терминдерін түсіндіру, сипаттау және түсінігін қалыптастыру;

- сау және тұқым қуалайтын аурулармен ауыратын адамдардың сыртқы (фенотиптік, клиникалық) белгілерінің дамуының генетикалық механизмдерін ашу;

- фенотиптік белгілердің дамуына аллельді және аллельді емес гендердің әсерінің рөлін көрсету;

- медицина тәжірибесінде тұқым қуалайтын патологияның немесе клиникалық белгілердің дамуын түсіну үшін науқас (генотипіндегі) ағзасындағы гендер әсерінің механизмдері мен типтері жайлы білімнің қажеттілігін түсіндіру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

4.1. Генотип, фенотип: анықтамасы, өзара әсері.

4.2. Аллельді гендердің өзара әсерлесуі: толық доминанттылық, толымсыз доминанттылық, аса жоғары доминанттылық, кодоминанттылық.

4.3. Көптік аллельдер. АВО жүйесі бойынша қан топтарының генетикасы. Медициналық маңызы.

4.4. Аллельді емес гендердің өзара әсерлесуі: комплементарлық, эпистаз, полимерия.

4.5. Пенетранттылық, экспрессивтілік. Плейотропия.

4.6. Фенотиптік белгілердің дамуына гендер әсерінің рөлі мен маңызы.

5. Оқыту әдістері: студенттердің сабақтың мәнін, мақсатын және міндеттерін; түсінгенін қысқа, анық, ойын жүйелі жеткізу және түсінген материалын сызба нұсқа, кесте, сурет түрінде көрсету; тест қателіктерімен топпен жұмыс: есептер шығаруды көрсету және түсіндіру,сызбалар толтыруға бағыттай отырып ауызша сұрау; тақырып бойынша бейнефильмдер көру.

  1. Әдебиеттер:

Негізгі:

        1. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006. б. 82-115.

        2. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск: Сиб.унив. изд-во, 2007. С. 35-39, 55-57.

        3. Медициналық биология және генетика. Е.Ө. Қуандықовтың ред. Алматы, 2004. б. 104-113.

        4. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Жалпы және медициналық генетика негіздері (дәрістер жинағы). Алматы: Эверо, 2009. б. 35-42.

        5. Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. Алматы, 2006. 126-140 б.

        6. Қазымбет П.Қ., Аманжолова Л.Е., Нұртаева Қ.С. Медициналық биология. Алматы, 2002. 118-133 б.

6.7. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы, 2006. 39-45 б.

    1. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық-генетикалық терминдердің орысша -қазақша сөздігі. Алматы: Эверо, 2012. 112б.

Қосымша:

    1. Биология. Под ред. Ярыгина В.Н. В 2-х томах. М.: Высшая школа, 2004. с. 234 - 242.

    2. Заяц Р.Г., Бутвиловский В.Э. и др. Общая и медицинская генетика. Р-на- Дону, 2002. б.106-116.

    3. Вопросы и задачи по общей биологии и общей и медицинской генетике (с пояснениями). Под ред. проф. Иткеса А.В. М., 2004. б. 68-83.

    4. Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л.Ньюссбаум, Родерик Р, Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. акад. РАМН Н.П.Бочкова. М., ГЭОТАР-Медиа, 2010. б. 203-205.